Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет237/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Шалқасынан түсу (мағынасы «кенет келіспей қалу, көнбеу») деген фразеологиялық оралымның негізінде байқаусызда шалқасынан құлап түсудің бейнесі, оның астарлы, келтірінді мағынасы жатыр.

Сондай-ақ, фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық қасиеті мынадан көрінеді. Фразеологиялық оралым бүтіннің бөлшектері ретінде ұғынылатын, өз ара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден) құралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа сөздерден ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі өзгермейді. Мысалы, сақалын сипап қалу, мұртынбалта шаппайды деген тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып айтуға немесе оның ішіндегі бір сөздің орнына басқа бір сөзді қолданып, мысалы, мұртын сипап қалу, мұртын пышақ кеспейді деп айтуға болмайды. Егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз болып шығады. Құрамы мен сыңарларының орын тәртібінің тұрақтылығы жағынан фразеологиялық оралымдар жеке сөздердің құрамындағы морфемалардың орын тәртібін еске түсіреді.

Сонымен, сөздердің бір-бірімен орын жағынан қалыптасқан, өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып басқа мағынада, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты сөз тіркесі дейміз. Әсіресе, фразеологизмнің әдебиетте әсері мол, көптеген сөздіктерде фразеологизмдер мынадай белгімен кездеседі. Түсіндірмелі сөздігі, антонимдер сөздігі, екі тілдік сөздігі таратылып береді.

Фразеологизмдер – сөздің інжу-маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған. Сол себептен фразеологизмдердің сөздігін сабақта қолданудың маңызы зор.

Тұрақты сөз тіркесін, құрылымын көрсетсек ол – сыңарларының орнын ауыстыруға, сыңарларын басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізу құралы. Оның синонимі, антонимі болады, бір мағынаны білдіреді, бір сұраққа жауап береді, бірнеше сөзден тіркеседі, орны қалыпты сөз тіркесі.

Екі туыстас емес тілдердегі етістік тобындағы тұрақты сөз тіркстерін салыстыруда әзірше бір ғана ортақ объекті бар, ол – адамның дамуы. Адам дамуында көптеген универсалды құбылыстар болады. Біз сол құбылыстарды еске ала отыра, ағылшын тілді адамның сөйлеуіндегі етістік тобындағы тұрақты сөз тіркесті қазақ тілді адамның ойлауымен ұштастырып, баламасын табу филология ғылымының басты мақсаты.

Осы зерттеу жұмысының қорытындысы жалпы салыстырмалы тіл білімінің оның ішінде салыстырмалы фразеология саласындағы зерттеулерді тереңдете түседі.

Әдебиеттер

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. «Алматы», Санат, 1993. 165-175бб

2. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. «Мектеп баспасы» А-1972ж. 26-36бб.

3. Тереқұлов Нысанбек. Қанатты сөздер А-1977ж. 19-20бб. 177-178бб.

4. Махмұтов А. Қазақ тілінің тарихы туралы зерттеулер. 183б.

5. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері А. «Ғылым», 1982ж 28-29бб.

6. Гуревич В.В., Дозорец Ж.А. Краткий русско-английский словарь.

Concise Russian-English Dictionary. Москва «Русский язык» 1988г. 324-325c. (544c.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет