Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет250/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Үшінші дәуір – Тәуелсіздік дәуірі – 1991-2011 жж. қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналған дәуір, бұл дәуірді екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1991-1999 жж. – қазақтардың үлесі Республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең – 1999-2011 жж. – қазақтардың өз Республикасында басым көпшілікке айнала бастаған кезеңі 53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен кезең). Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.

Тәуелсіздік жағдайында Қазақтардың өз еліндегі этнодемографиялық даму бағыттарын және оның сан-қилы жақтары мен көрсеткіштерін өздері (этногендік негізде) анықтауға қайта қолы жетті.

3. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің дәуірлері мен кезеңдері белгіленді, бұл процестердің елдегі этнодемографиялық дамуға әсері, әсіресе ұлттық құрам мен аймақтық орналасу ерекшеліктері зерттелді.

Бұл көші-қон процестерін жоғарыда көрсетілген үш дәуірге бөліп қарастырғанымыз жөн. Қазақстандағы зерттеушілер көші-қон тарихын осы үш дәуірге тікелей бөлгенімен, сол дәуірлердің ішіндегі кезеңдерді өздерінше әртүрлі көрсетіп келеді. Осы ғалымдардың бұл мәселе жөніндегі пікірлерін саралай келіп, солардың ішінде А.И. Құдайбергенова мен Ж.Ә. Құдайбергеновалардың тұжырымдарын негізінен қолдай келіп, Қазақстандағы көші-қон процестерін төмендегіше дәуірлер мен кезеңдерге бөлген жөн деп санаймыз [8].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет