Дидактикалық ойын түрлері:
1)Заттық дидактикалық ойындар;
Бұл ойын әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Мысалы: “Егер, онда”, викториналық сұрақтар, математикалық жұмбақтар т.б.
Ойындардың ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпараттың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді.Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылырдың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны) Толық емес ақпаратты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде және олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпаратта болмайды.
Оқытудың ойын теориясын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады:
1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.
Ал тақырып бойынша ойынға ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайыс, көшбасшы, лото, математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар жатады.
Сонымен қатар ұлттық ойындарын да математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады..
«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жстар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.Мен «ақсүйекті» 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.
«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтфың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқанқай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдаландым.
«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «Бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты бағдарламаның негізінде9-сыныпта пайдаландым. «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері»тақырыбын өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым. «Жорға» Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер» атты викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Ал педагогтың бала ойынындағы рөліне келсек,педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы бола алады.
Қорыта айтқандадидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.
Көрнекті Нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.
Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі»-дейді. Ал ұлттық құндылығымызда «Ойнамаған бала-ойламаған бала» деген бар. Міне, сондықтан білім мен білікке құрылған ойынның өзіндік орны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |