Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ



бет27/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Джаркинбаева Г.А., Колбаева Ж.А. (Жамбыл)
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Әр оқушыға терең білім беру, сонымен қатар олардың ойлау қабілеттілігін арттыру мақсатын іске асыру үшін көптеген ғалымдар ұзақ уақыт талмай еңбек етуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі орта, жоғары мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осыған орай оқу үрдісінде педагогикалық технологияны қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы», - деген анықтама беріледі. В.П. Беспалько: «Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана», - деп анықтама береді [1].

Бүгінгі таңда В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі, филология ғылымының докторы

Ә. Жүнісбектің, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұмажанованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр тілді үйренушіге оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, пікірталастар) қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады.

Бұл технологияның негізгі шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ережелері, құрылысы және жүру барысы алдын-ала таныстырылады. Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны оқушы сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған соң оқушыға өзін-өзі тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе оқытушының өзіне, не болмаса осы топ оқушыларының біреуіне тексеруге болады. Тек сонан кейін ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары берілуге тиіс, ал ол тапсырмалардың орындалуын мұғалім өз бақылауына алуы қажет.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау, оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған бөлім. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Білімді бақылау формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқытылатын пәннің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Сыни ойлау қабілеті дамыған, ұғынғанын тәжірибемен ұштастыра білетін белсенді тұлға қалыптастыру оқыту үрдісінде жүргізілетін барлық жұмыстың негізі болып табылады.Қазақ тілін ортаға оқытып үйрету барысында көзделетін басты мақсаттардың бірі – сыни тұрғыда ойлай білуге үйрету, нәтижелі білімге қол жеткізу. Оқушылардың сыни ойлау мүмкіндігінің жетілуімен бірге оқыту ісінде де өзгерістер жүреді. Сыни ойлауды дамытуға негізделген әдістер оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндік жасайтындай дәрежеде болуы керек.

Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда сабақ үрдісін үш кезеңнен құруға болады:

1) ізденіс;

2) жаңа білімді игеру;

3) тәжірибелік дағды қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет