Таным күнделікті және ғылыми болады



бет1/3
Дата28.04.2023
өлшемі38,78 Kb.
#88284
  1   2   3
Байланысты:
Таным к нделікті ж не ылыми болады


Гносеология - адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатын, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатын орынын, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme - бiлiм, logos - iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi. Таным – ол білімді жетілдіру үрдісі. Таным үрдісінде алынған білімдер шындықты меңгеру барысында адам немесе әлеуметтік топ алдында пайда болатын сұрақтарға жауап беруге бейімделген. Адам үнемі дүниені таниды және өзіне материалдық және рухани өмірде жаңаны ашады.
Таным күнделікті және ғылыми болады.
Күнделікті таным индивид немесе адамдар тобымен жүзеге асады, ол таным субъектісінің қоршаған жағдайларға бейімделуіне және «адам – қоршаған орта» жүйесіндегі өзгерістерге жауап беруге бағытталған.
Ғылыми таным - «адам – дүние» жүйесінде терең қатынастар мен байланыстарды шығарумен байланысты таным.
Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұнда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.
Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.
Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және логикалық танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.
Түйсiк - адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi.
Қабылдау - адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатын, сезiмдiк танымның ерекше формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады.
Елестету - сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнектi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi қалыптасады, оның қажеттiлiгi өзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде

Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатын таным келедi. Танымның бұл нысаны адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен тығыз байланысты


Оның бiрiншi формасы ұғым - заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың формасы. Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi) немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в)ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi (категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.
Пiкiр ұғымдардың логикалық байланысынан құрылады. Пiкiр арқылы адам шындық дүниедегi заттар мен құбылыстардың байланысын анықтайды. Басқадай айтқанда пiкiр адамның ойлау қабiлетi деуге болады. Пiкiр-ұғымның байланысының көмегiмен бiрдеңе жайында не қостайтын не терiстейтiн ойдың формасы. Пiкiрдiң негiзгi элементi ұғым болып табылады, өйткенi пiкiр ұғымның мiнiн ашып бередi. Басқаша айтқанда ұғымдарды “ұғуға”, түсiнуге көмектеседi.Пiкiрдiң тiлдiк формасы граматтикалық сөйлем болып табылады. Пiкiрдiң таным формасы- ақиқатты немесе жалғандықты бiлдiредi. Ештене бiлдiрмейтiн пiкiр болмайды.
Абстрактiлi ойдың ең маңызды формаларының бiрi ой қорытынды болып келедi. Ол – белгiлi бiр нәтижеге, жаңа бiлiмге әкелетiн- пiкiр болып табылады. Ой қортынды – екi немесе одан да көп пiкiрлерден қорытынды жасап, жаңа пiкiр тұжырымдап шығарудың логикалық тәсiлi болып табылады. Ой қортындының маңызды белгiсi: ол арқылы адам шындық дүниенiң заттары мен құбылыстарын тiкелей байланысқа кiрмей ақ, ол туралы бiлiм ала алады, пайымдау арқылы, жаңама түрде.
Рационалды таным туралы сөз қозғағанда, пайым және зерде өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде, адамның танымдық қабiлеттерiнде, пайымды байқау қабiлетiне, ақыл ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Және де, зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiн ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiн жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады жәнеде олардын негiзгi принциптерiн, заңдылқтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрақ гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды - конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiк келiсiмдiлiгi - когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi - прагматикалық тұғырнама. Ақиқат концепциясының дәстүрлi немесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель «үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатын шындыққа жетедi». Ортағасырларда, Фома Аквинский «ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады». Декарт «ақиқат өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi». Бұл пiкiрдi материалистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi.
Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықтың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге болады «Зорлық бұл зұлымдық», бұл қағида адамгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасын қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды. Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түйiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты
Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi және шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратын және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы «қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады», «Қоғам табиғаттың ерекше бөлiгi». Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi шынайы бiлiмдердiң бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады.
Ақиқат проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм - бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденген де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелденген кезде есептеледi. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетуге тырысқан пиғыл болып табылады, онда адасушылық әдейi емес бiлiмдi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатын бiлiмдер. Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiкмәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым – қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Ғылым – адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру – табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру; 2) жүйелеу – жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу; 3) суреттеу – қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету; 4) болжам жасау – дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау; 5) қорытынды жасау – табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау; 6) жаңалық ашу – табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару; 7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру – алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі; 8) дүниетанымдық – алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру. Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім – сол білімдердің тек бір түрі ғана болып саналады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.
21. Ғылыми таным әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет