Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет341/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. 12 жылдық оқыту мәселелері.Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.- Астана, 2006

  2. Аяғанова Л. Жаңатехнологияларсабақта «Бастауышмектеп» – 2003 – №4. 21-24 б.

  3. Б.Барсай. Бастауышсыныптаоқытудыңжаңатехнологиясы. Бастауышмектеп, 1998, № 1 27-29 б.

  4. Айдосова З. “Дамыта оқыту технологиясының мәселелері ”(қазақ тілі мен әдебиеті).- 2004.- 93-7 бет

ҮШТІЛДІ ОҚЫТУҒА КӨШУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ - МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Табышева К. Ш. (Ақтөбе)
Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстандықтарды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді.

Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде,өзін - өзі өзектілендіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық- бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Адам баласының барлық болмысы мен қадір-қасиетін танытатын тіл деген киелі ұғымның бүгінгі күні жер бетіндегі қай ұлттың болса да ерекше назар аударып отырған кезеңінде өмір сүріп отырмыз.«Тіл - халық рухы, халық рухы- оның тілі» деген екен атақты неміс ойшылы, тілшісі Вильгелм Гумбольдт. Қазіргі заман талабына сай шетел тілінде, соның ішінде ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлеу қоғамда маңызды орын алуда. Бір ұлт өкілінің екінші ұлт тілін дәл сол ұлт өкіліндей жетік, әрі таза білуі мүмкін емес. Ұлтаралық қатынастардың негізгі дәнекершісі - тіл. Алайда тіл туралы толғанғанда оны әлеуметтік өмірмен, болашақпен тығыз байланысты қарастыруымыз қажет.

Қазақстан Республикасы 120-дан астам ұлты бар көптілді мемлекет, сол себептен қазіргі таңда шет тілін оқытушы мамандарының алдында көптілді ортаға сабақ берудің өзінше ерекшеліктері мен жаңа міндеттері туындап тұр. Демек, оқытушы – педагогикалық біліктілігі мол, шебер ұйымдастырушы, инновациялық технологияларды меңгерген көптілді маман болуы керек.

Жаһандану үдерісі, жаңа әлеуметтік-мәдени талаптар және мемлекетіміздің экономикалық деңгейінің өсуі шет тілін оқытуды одан әрі жетілдіру мен жеделдетуді талап етеді.

Көптілділік - екі не одан да көп тілді қоғамның қажеттілігі, сол өмірлік қажеттіліктің өтемі, қоғамдық, тарихи категория.

Адам - әлеметтік тұлға. Қазақтың «адамның күні - адаммен» дейтіні сондықтан. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс тіл арқылы жүзеге асады. Ұлы мәртебелі ана тілінің өзге қатынас құралынан басты айырмасы сол – ол адам өмірін түгел қамтиды. Сондықтан да біз ана тілімізді ардақтаймыз, мақтан етеміз.

Жалпы көптілділік қостілділіктен бастау алатынына ешкім күмән келтірмес деп ойлаймын. Қостілділік - игілікті құбылыс. Қостілділік - көпұлтты қоғамда тілдердің дамуына қолайлы жағдай туғызылған болса, адамдарға интернационалдық тәрбие берудің қуатты құралы болар еді.Қостілділік пен қоғамның өзара байланысы- «Тіл мен қоғам» деп аталатын жалпы өзара байланысты проблеманың құрамдас бөлігі. Қостілділік осыдан біраз бұрын әркімнің-ақ арманы болатын. Көпұлттылық жағдайында кәрі-жастың күнделікті керегі, өмірлік қажеті.

Қазіргі кездегі физиологтар мен психологтардың мәліметтері бойынша, қостілді білушілік - бұл тек қана лексикалық бірліктерді іріктеу нәтижесінде тілдік материалды жинақтау мен грамматикалық формалары мен құрылысын меңгеру ғана емес, өзара қарым-қатынас үшін адамның тілдік құрылымын қайта жасау, кейін қос тілділік жүйені қалыптастыруда игі жағдайлар құру үшін бір жүйені біріңғайлауды талап етеді.

Қазақстан - әлемдік бәсеке сапындағы көпэтносты халық отаны.

Үштілділікті дамыту тетігі анық болуы тиіс. Басқа тілді оқытуда да, талдануда да Қазақстан кеңістігінің керуенбасы тіл – мемлекеттік тілге қарай бой түзеуі тиіс. Дүниежүзілік тілдер санатындағы орыс тілі мен ағылшын тілі елімізде қазақ тілі негізінде бағдар ұстамай оқытсақ, онда үштілділік емес, жеке-жеке үш біртілділік пайда болары сөзсіз.

Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда.

Көптілділік әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде нақты жағдайларда пайда болады.

Тілдің тарихы – халық тарихының көрінісі деп бекер айтпаған. Халықтардың даму жолы тілдердің даму жолымен айқындалады. ²Өзге халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен теңестіреді, ол өзін еркін ұстайды, егер де сол халықтың күресі мен қамқорлығы оның жүрегіне әсер етсе, ол ешқашан да шет қалмайды. Адамның табиғаты осындай,²- деп ұлы Абай айтқан.

Тіл - халықтың жаны. Біздің көпұлтты мемлекетімізде бір тілді басқа тілден, бір мәдениетті басқа мәдениеттен бөліп алу мүмкін емес. Әр ұлт өкілдері өздерінің тілін, мәдениетін, ұлттық ділін жоғары биіктіктерге көтеру мұраттары айқын. Ұлы Абай атамыздың: ²Егер де адам өз халқынан шет болмай, өз халқының басқа халықтармен достық қатынаста болуын тілесе, ол – саналы, адал адам².

Көптілді тұлғаны тәрбиелеуде, оқыту үдерісінде дәстүрлі және жаңа оқыту әдістері: диалог, әңгіме ойын түрлері, оқып жүрген тіл уәкілдерімен кездесу тәсілдерін қолданған жөн.

Шет тілін жетілдіре және жеделдете оқытуда ең бірінші білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларын меңгерген, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын дамытуымыз қажет.

Мектеп қабырғасында шәкірттің бойына терең білім берумен қатар өзге ұлт өкілдеріне толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруда мұғалімнің атқарар рөлі зор.

Ұрпағымыздың көптілді тұлға, азамат болып өсуі, жаһандану үдерісінен туындап отырған уақыт талабы. Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек іргелі білім беруде ғана емес, сондай-ақ біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын, шет тіліндегі ақпараттық ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана алатын азаматтарды тәрбиелеу.

Әдебиеттер

1. Садықов Т.С., Әбiлқасымова А.Е. Жоғары мектепте бiлiм берудiң дидактикалық негiздерi. -Алматы: Ғылым, 2003.- 168 б.

2. Саркисян Е.А. Внекласные и факультативные занятия в современной общеобразовательной школе. -Ереван, 1987.- 195 с.

3. Махмутов М.И. Проблемное обучение. Основные вопросы теории.- М.: Педагогика, 1975.- 368 с.

4. Меерович М.И., Шрагина Л.И. Технология творческого мышления. Минск, 2003.- 205 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет