Әдебиеттер
1. Республикалық «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми-әдістемелік журналы, 2012 жыл №6 (42)
2.М.Жұмабаев. Шығармалар жинағы.І,ІІ том. А., 20057
3. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА БІЛІМ БЕРУДЕ АКТ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Калиева А.С. (Ақтөбе)
Жаңа мыңжылдықта біз өткен «индустрияландыру дәуірі» деп атаған кезеңнің орнына «ақпараттық дәуір» келді. Жаңа дәуір мектептегі білім беру алдында жаңа – оқушыларды тез өзгеріп отырған, жаңа білімдер көзі, жаңа мамандықтар пайда болып отырған ақпараттық қоғамға дайындау міндетін қойып отыр. Бұл проблеманы шешуде қазіргі адамның ақпараттық және коммуникативтік технологияларды игеруі басты рөл алады. Жаңа ақпараттық технологиялар қазіргі адам өмірінің ажырамас бөлігі қалыптасуда. Басты мақсат – АКТ-ны енгізу – оқу қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуы. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – бұл білім алушыға ақпаратты компьютер арқылы дайындап және беру.
Компьютерлік технология үш нұсқада іске асуы мүмкін:
1. «Енгізілетін» технология (компьютерлік оқытуды жеке тақырыптарда, тарауларда, жеке дидактикалық тапсырмаларды орындауда қолдану).
2. Негізгі, анықтаушы, осы технологияны қолданудың неғұрлым маңыздысы.
3. Монотехнология (барлық оқу, оқу үрдісін басқару, мониторингті қосқанда барлық диагностика түрі компьютер арқылы іске асады).
Түрлі сабақтарда АКТ қолдану дәстүрлі оқу жүйесі алдында мынадай басымдықтар береді:
- қызығушылық артып, оқу қызметі ынталанады;
- жалпы тіл табысу іске асады;
- әрбір оқушы оқу үрдісінің субъектісіне ацналады;
- сондай уақыттың іщінде атқарылған жұмыстың көлемі көп болады;
- білімді бақылау және бағалау үрдісі жеңілдейді;
- оқу қызметінің дағдысы дамиды (жоспарлау, рефлексия, өзін-өзі бақылау, бірін-бірі бақылау).
Ақпараттық технологияларды енгізу келесі жас еркешеліктерін ескеріп негізделген:
- бастауыш кластарда баланың ойын қызметінен оқу қызметіне көшуі болады. Компьютердің ойындық мүмкіндіктерін дидактикалық мүмкіндіктерімен ұштастырып қолдану бұл үрдісті мейілінше жатық жүргізеді;
- бастауыш оқушыларының сабақта алған білімі, білігі мен дағдылары сабақтан тыс уақыттарда көп қолданыла бермейді, олардың практикалық құндылығы күшін жояды. Ал ойындық компьютерлік ортада алған білімі оның өзектілігі мен қолдануды ынталандыруға әкеледі;
- бастауыш оқушыларының эмоцияналдық деңгейі қатаң сабақ үрдісінің қалыбында тұншығып қалады. Компьютермен жұмыс жасау балалардың шектен тыс эмоцияналдық шиеленісуі тарқатылып, оқу үрдісін жандандырады;
- мультимедиа-оқу құралдары оқытудың барлық негізгі кезеңдерін - оқу материалын беруден білімді бақылау және қорытынды бағалауға дейін автоматтандыруға негізделген. Мұнымен қатар бүкіл міндетті оқу материалы жарқын, қызықты, ойын элементтері бар, графиканы, анимацияны, соның ішінде интерактивті дыбыстық және дауыстық эффектілерімен ілестіріліп, бейнефрагменттер қосылған мултимедиялық сипат алады.
Компьютерлік технологиямен оқыту экзотикалықтан біртіндеп оқу үрдісінің дәстүрлі түріне айналады. Балалар ерте жастан зерттеу дағдыларын игереді, тек оларды өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін АКТ-ны қолдануды үйрету керек. Олардың туындаған қиындықтарды жеңіп, ұзақ жұмыстарға қызығушылықтарын жоғалтпау үшін қажетті еріктік қасиеттері жеткілікті. Бастауыш оқушылары жастарына қарай жүйке қызметінің жоғары қызметімен еркшеленетін қабылдау қасиетіне ие. Балалар қоршаған ортаны және барлық жаңалықты асқан қызығушылықпен қабылдайды. Бастауыш класс оқушыларының тез қабылдауы үшін нақты ерекшеленген эмоционалдылық қажет.
Оқу материалы көрнекілікпен, ашықтықпен ерекшеленетін болса бастауыш класс оқушыларында тез қабылдау, жоғары эмоцианалдық қарым-қатынас болады. Мұндай көрнекіліктің ретінде компьютерді қолдануға болады.
Компьютерді енгізудің:
Сабақты өткізудің тиімділігін арттыруда;
Жекелеген сауалнама жүргізуді ұйымдастыруда;
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда болашағы бар.
Сондықтан да, бастауыш кластың сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу оқушылардың танымдық және ойындық қажеттіліктерін танымдық үрдістер мен жеклеген қасиеттері үшін жеткілікті мөлшерде қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі мультимедиялық сабақ дәстүрлі сабақтың құрылымы негізінде құрылады: білімді өзектендіру, жаңаны түсіндіру, бекіту, бақылау. Сол әдістер: түсіндіру-иллюстрациялық, репродуктивтік, ішінара-ізденімдік және басқалары.
Бастауыш кластар сабақтарындағы оқу материалын дайындау мен берудің неғұрлым жақсы түрі мультимедиялық презентациялар құру. «Презентация» - ағылшын тілінен алғанда «ұсыну» ұғымын береді. Мультимедиялық презентациялар – бұл ақпаратты компьютерлік бағдарламалармен берудің ыңғайлы және тиімді тәсілі. Ол баланың санасында ұзақ уақыт сақталатын динамиканы, дыбысты және бейнелеуді құрайды. Қабылдаудың екі органына (есту, көру) бір мезетте әсер ету неғұрлым көп әсер алуға мүмкіндік береді.
Ғалымдар зерттеулеріне қарағанда адам естігенінің 20 пайызын, көргенінің 30 пайызын және бір мезетте көріп, естігенінің 50 пайызын есінде сақтайды. Сондықтан да, жарқын образдар арқылы ақпаратты қабылдау мен есте сақтау үрдісін жеңілдету – бұл кез-келген қазіргі презентацияның негізі. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыға дыбыстық және көріністік образдардың үйлесілген ағымдарын оған тек ақпараттық емес, сондай-ақ, эмоционалдық әсер ету арқылы қызығушылық танытып, оқыту мүмкіндігінде. Оған қоса, презентация мұғалімге оқу материалын нақты бір кластың ерекшеліктеріне, тақырыпқа, пәнге қатысты неғұрлым жоғары нәтиже алу үшін жинақтауға мүмкіндік береді. Презентация жасақтау кезінде оның:
Сөзбен беруге болмайтын заттарды тез және жеткілікті бейнелейді;
Ақпаратты беру үрдісін түрлендіреді және қызығушылық тудырады;
Сөйлеу қарым-қатынасын күшейтеді.
Презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Бұл сабақты өзектендіру, жаңа материалды түсіндіру және бекіту кезінде болуы мүмкін. Мультимедианы әр сабақта қолдану бүкіл сабақ бойында емес, оның күрделі сұрақтары мен мәселелерін көрсетуде тиімді болады.
Презентация-бағдарламаларды қолдану оқушылардың сабақта өзін ыңғайлы сезінуіне септігін тигізеді. Бір слайдқа бірнеше рет қайталап соғып, оқылып отырған сабақтың егжей-тегжейіне дейін зерттеуге болады.
MS Power Point бағдарламасы кез-келген слайдқа дыбыстық файлдарды қосуға ерік береді.
Компьютердің бай графикалық, дыбыстық және интерактивтік мүмкіншіліктерін пайдалану, оқушының өзіне білдірмей ойната отырып дамуына мүмкіндік беріп, сабаққа эмоцианалдық сипат беруге болады.
Бастауыш класта компьютерді қолданудың мүмкін болатын бағыттары көп қырлы. Міне соның бірқатары:
1. Компьютермен жұмыстың жаңалығының арқасында жаңа ақпараттық технологияларды оқуды ынталандыруды күшейту үшін қолдану. Компьютер оқылып отырған материалдың практикалық маңызын ашуға, өзіңнің дербестігіңді көрсетуге, сұрақтар қойып, өз шешімдеріңді ұсынуға көмектеседі.
2. Жеке қабілетіңді ашу. Баланың компьютер алдындағы дербес жұмысы бағдарлама ұсынған тапсырмаларды орындау өзін ыңғайлы сезінуіне жағдай туғызады: әр оқушы өзіне тән жүктемемен жұмыс жасап, басқалардың да әсерін сезінеді.
3. Алынып отырған оқу бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңейту. Ақпараттық технологиялар нақты бір жағдайды көрсетіп қоймай, байқала бермейтін процестерді де көрсете алады. Нәтижесінде баланың танымдық дамуы іске асады. Қай жағдайда да оқу өзгеріссіз қалады:
- оқушыларды ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды берілген тапсырманы орындау кезінде қызметті ұйымдастыру және жоспарлау тәсілдеріне үйрету:
- оқушыларға компьютер және замануи ақпараттық технологиялар жөнінде бастапқы түсінік беру:
- оқушыларға қазіргі ақпараттық қоғам жөнінде түсінік беру.
Бұл міндеттерді орындау оқу үрдісін жеделдетуге, дамыту арқылы идеясын іске асыруға, оқу үрдісін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін, ақпаратпен жұмыс жасау дағдысы және ілімін, жаңа білімдерді алу дағдысын жетулдіруге әкеледі.
Мектеп практикасында компьютерді қолданудәстүрлі оқыту үрдісін жетілдіруге, оның оқытылатын процестер мен құбылыстарды құрастыру саласындағы тиімділігін арттырып, оқу үрдісін басқаруға, оқу қызметін жатықтандыруға, білім деңгейін бақылауды автоматтандыруға септігін тигізеді.
Ғаламтор –талғамы мен таңдауы мол, мүмкіндігі мен қоры шексіз жаңа ақпараттық құбылыс. Оқу үрдісі үшін - бай компьютерлік желіс оқыту саласының пәндеріне үйлесімді енуі тиіс күшті құрал.
Балалар біздің қашан Ғаламтордың ақпараттық қырларымен таныстыруымызды күтпейді. Сондықтан да біз оны оқыту қызметіне тиімді пайдаланып отырумыз керек. Ғаламтор:
- оқушылардың оқу қызметінің түрлерін кеңейтеді (ғаламтордан пән бойынша ақпараттарды іздеп және өңдеу);
- кәсіби шығармашылық қарым-қатынас пен жедел ақпарат алмасу мүмкіндіктерін ұсынады;
- кәсіби өсуіне мүмкіндік береді;
- мұғалімге дидактикалық материалды таңдап және қолдануға жаңа шығармашылық мүмкіндіктер береді;
- сабақта оқушыларға қызықты заманауи техникалық құралдары қолдануға мүмкіндік береді: оқыту бағдарламалары, пән бойынша оқу тестілері және ойындар.
Сонымен АКТ қолдану әр оқушының санаткерлік дамуын қамтамасыз ете отырып, білім сапасын арттыруға шексіз мүмкіндік береді, оқушының танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |