ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Кенжегалиева Г.Ж. (Ақтөбе)
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры».
Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Қазіргі кезде АКТ дамыту сапалы білім берудің бір бөлігі. Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту - бүгінгі күннің басты міндеті. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. АКТ заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану арқылы айтарлықтай нәтиже беруде. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. АКТ электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, ғаламтор желісінде жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, АКТ өзіндік дамуы мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі - ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - ол дидактикалық әдіс - тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе мемлекеттік тілде электрондық оқулықтар құрылуы және интернеттің дамуы мысал бола алады. Электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Электрондық оқулық оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми - әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, кесте түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды биология пәнінде пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Электронды оқулық биология сабағында оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі АКТ жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Осы орайда биология пәнінде оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдары мен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрын алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдатуға болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Биология сабағында электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін - өзі бағалауға мүмкіндік береді. Сабақта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп: физикадан, биологиядан, химиядан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электрондық оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін туғызады. Электрондық оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады. Сабақ сапасы артады. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімді жақтары оқытушының жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі, оқушының пәнге қызығушылығының артуы, нәтижеге бағытталған білім дағдысының қалыптасуы. Электрондық оқулық көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізу оқушылардың зертханалық құрал - жабдықтарды қолымен ұстап көрмесе де, визуальді түрде сол құрал - жабдықты пайдаланып зертханалық жұмыс жүргізуге қол жеткізеді. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады. Оқушы қабылдайтын мәліметтің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі - есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Интерактивті құралдарды пайдалану, кез - келген сабақты серпінді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді. Биология сабақтарын қазіргі заман талабына сай практикалық жұмыстарды электронды оқулық, компьютер және интерактивті тақта арқылы жүргіземін. Бұл бағдарламадағы барлық практикалық жұмыстарды дер кезінде орындауға және мұғалімге үлкен көмек. Сергіту сәттерінде жаратылыстану пәндерінен бейне фильмдерді қолданамын, бұл оқушылардың жаратылыстану пәндерінен дүниетанымын және білім қорын кеңейтеді, пәнге қызығушылығын арттырады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтағанда, жаңа сабақты бекіткенде тестілеу әдісін қолдануға болады. Презентациялар мен слайдтар жасап көрсету арқылы, оқушылардың танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.
Жоғарыда айтылып кеткен оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Қорыта келе, жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп, тұжырым жасайды. Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеугеқұштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |