Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы



бет1/18
Дата31.03.2023
өлшемі329,78 Kb.
#77915
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ҚМЖ


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қазақ тілі

Бөлімі:

Дені саудың - жаны сау

Педагогтің аты-жөні:

Тоқтарбекова Аяулым Тоқтарбекқызы

Күні:

9.01.2023

Сыныбы: 2 А

Қатысушылар саны: 12 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
Зерттеу іс-әрекеттегі мақсатым:

2.1.2.1- мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау


2.3.6.1- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушылар оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Көптеген оқушылар: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар: Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтар:

Оқушыларды бір – біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
7мин.



Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I-«Футболшы» тобы
II –«Хоккейші» тобы
III– «Боксшы» тобы
Саралау: Бұл жерде қолданудың
«Жіктеу » тәсілі арқылы көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға қолдану еркіндігі беріледі.

(Ұ) “Допты қағып ал” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Суреттер салынған конверт



















Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұжымдық жұмыс.


5 мин.



Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген мәтінді оқып,сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

Сұрақтар:
1. Қандай сөздер түсініксіз болды? (Трампилин)
2. Сөздің лексикалық
мағынасы дегеніміз не?
3. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарды жалғастырып көр?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:
-1-ші сұраққа жауап береді.
-2-ші сұраққа жауап береді.
-3-ші сұраққа жауап береді.

Жалпы-2балл.


Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»


«Керемет»
«Сенің қолыңнан келеді» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК
экраны

Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 2 -сынып.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет