ОҚЫТУДЫҢ ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕСІ-ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ФАКТОРЫ
Сметова Б.А. (Актөбе)
Мақсаты: кәсіби білім беруді арттыру және мамандарды заманауи өндіріс талаптарына сәйкес дайындау.
Кіріспе.Соңғы 2 жыл ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау мәселесіне деген көзқарасымыз түбегейлі өзгерді.
Қазір білім саласының қызметкерлері мен жұмыс беруші бизнесмендердің ойы бір жерден шығуда. Біз өндіріске нақты қажет және елдің дамуына үлес қосатын мамандарды оқытуға зор көңіл бөліп отырмыз.
Оң өзгеріске екі түрлі жағдай себеп болды деп ойлаймын.
Біріншіден, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Мемлекеттік индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы қабылданып, іске аса бастады.
Екіншіден, Елбасы бизнес өкілдерін қатыстырып, кадрлар даярлау жөнінде Ұлттық кеңес құру туралы бастама жасады.
Бірінші фактор – экономикаға кәсіби деңгейі жоғары мамандардың қажеттілігін арттырды.
Екінші фактор – еңбек нарығында кәсіби мамандарға деген ұсыныстың көбеюіне әсер етті. Техникалық және кәсіптік білім жүйесі бизнестің сұранысына бағытталды.
Нәтижесінде қазіргі кезде Қазақстанда техникалық және кәсіптік білімді басқарудың бұрын-соңды болмаған жаңа жүйесі пайда болды.
Біздің лексиконымызға алғаш рет «кәсіптік стандарттар» деген термин енді. Бұл термин жұмыс берушінің талабына сай, бітірушіні қайта оқытып жүрмейтін және әрбір бітіруші білуі тиіс талап ретінде қалыптасып отыр.
Өйткені бұл стандарттар жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жасалады.
Мамандар даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Бұл жүйе дамыған елдерде өз нәтижесін беріп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |