Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде



бет557/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   668

Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алуы, оны – мемлекеттік даму саясатының өзегі деп қарауы да осының айғағы.

Оқытудың дуальді жүйесі – кадрлардағы қажеттілік пен оларды даярлау сұранысы мен ұсынысын теңгерімге келтіру іргетасы.

Білім берудің дуальді жүйесі дегенде белгілі бір кәсіп бойынша жастарға білім беру екі оқу орнында өтетін кездегі жүйе ұғынылады, яғни екі мекеме білім беруге қатысады. Бір жақтан бұл кәсіптік мектеп, ал басқа жақтан – оқытатын кәсіпорын. Екі мекеме де бір-біріне қатысты тәуелсіз әріптестер болып табылады.


Практикалық (өндірістік) бөлім оқу уақытының үштен екі бөлігін, ал мектеп (кәсіптік-теориялық) бөлімі оқу уақытының үштен бір бөлігін құрайды. Бұл жүйе тек Германияда ғана емес, ал сонымен бірге Австрия мен Швейцарияда да қолданылады. Осы жерде сіз кәсіптік даярлаудың кез келген жүйелеріне қатысты қажетті ақпаратты табасыз.

Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғанда, мынадай артықшылықтарды көрсетті:

а) мамандарды даярлаудың дуальді жүйесі оқытудың дәстүрлі нысандары мен әдістерінің негізгі кемшілігін жояды – теория мен тәжірибе арасындағы ауытқу;

b) дуальді даярлау жүйесінің механизмінде маманның тұлғасына деген ықпал, болашақ жұмыскердің жаңа психологиясын құру салынған;

с) дуальді оқыту жүйесі білімдерді алудың және жұмыста дағдыларды иеленудің жоғарғы уәждемесін жасайды, сондықтан білім сапасы жұмыс орындарындағы қызметтік міндеттерді орындаумен тікелей байланысты;

d) тапсырыс берушімен тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу мекемесі оқу барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді;

e) дуальді оқу жүйесі жақын жылдарда Қазақстанның кәсіптік оқуында кеңінен қолданылуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, дуальді жүйе бірден екі мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни оқу процесінде теориялық та, практикалық та даярлықты қосуға мүмкіндік береді. Білім алушылар оқумен бір уақытта таңдаған кәсіпті тікелей өндірісте меңгереді, яғни бірден екі жерде оқиды: аптасына 1-2 күн училищеде, қалған уақытта – кәсіпорында.

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша индустрияландырудың қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту процесі басталды:

Халықаралық тәжірибе негізінде ТжКБ-да дуальді оқыту жүйесін қалыптастыру басталуда.

Кадрларды дуальді даярлау элементтері бүгінгі күні ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай газ және химия өндірісі сияқты салалардың мамандықтары бойынша ТжКБ-дың 96 оқу орнында қолданылуда.

Білім және ғылым министрлігі дуальді оқу жүйесін (ДОЖ) әрі қарай дамыту мақсатында оны қолдануға болатын мамандықтардың тізілімін, сондай-ақ ДОЖ енгізу бойынша әріптес дайын болуға, негізгі кәсіпорындардың тізілімін айқындауды ұсынады.



Қорытынды: жоба соңында демек, дуальді оқыту жүйесінің әлеуеті кадрлардағы қажеттілікті бағалауға, сондай-ақ оны ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлауға мүмкіндік береді.

Біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – жаңа Қазақстанның басты құндылығына айналды.

Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы туралы мақаласында Елбасы білім саласы үшін маңызды тапсырмалар берді.

Бұл – Елбасының әлеуметтік мәселелерге, білім саласына, мұғалімдер мен жастарға көп көңіл бөлетінін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет