Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет659/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   668

САЛАУАТТЫ ӨМІР - ТӘРБИЕ КӨЗІ



Бекмурзаев Е. (Қызылорда)
Биылғы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамыуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы өмірдің барлық саласын қамтыды. Соның ішінде тоқтала кететін жайт, мемлекетіміздің ең басты байлығы –адам капиталының сапалы өсуі мәселесі. Сапа дегенде тек қана адамның білімі, тәрбиесі ғана емес, оның денсаулығы да қарастырылатындығы айқын. Дені сау азамат өз отанын көркейту, дамыту және байыту үшін, алған сапалы білімі мен тәрбиесін пайдалана отырып, нәтижелі еңбек етеді.Адамзат тарихынан білетініміз қай елдің болмасын даму көрсеткіші халқының денсаулығы, білімі мен руханиаты арқылы білінетіндігі.

Сондықтан әр ата-ана, мұғалім, тәрбиешінің алдында балалардың білім алуының сапасын көтеріп қана қоймай, оның өз денсаулығын сақтауын әрқашан назардан тыс қалдырмау міндеті тұрады. Ата- ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеуі тиіс. Адамның психикалық дамуы өмір бойы жүреді. Әсіресе алғашқы үш жылда қарқынды жүреді . Бала басқа адамдармен қарым – қатынаста бола отырып, қоғамда өмір сүре отырып қана «адамға» айнала алады. Бала қандай адам болып шығады, оған осы өскен ортасы әсер етеді. Ең бірінші көретін , тәрбие алатын адамдары әрине анасы мен әкесі. Әсіресе дүниеге келген алғашқы айлардың әсері мол. Анасымен болған сайын баланың өзі сабырлы, байсалды бола түседі.

Жасөспірімнің өзіне де ата-анасынада «жасөспірім шақ» қиын кезең болып есептеледі. Жылдам өсуі , өзімшілдіктің дамуы, жыныстық жетілуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасының ерекшеленуі. Осы кезеңде жасөспірімнің жалпы жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, аурулары шиеленісуі мүмкін. Ең басты психологиалық қиындық жасөспірімнің ата –анасымен қарым – қатынасының өзгеруі. Осы кезде бұрын алған тәрбиесінің кемшілік ақаулары анықталып, көріне бастайды. Ата аналарға бірнеше тәрбиелік қызмет жүктелген қорғау және маралдық қолдау, қарым- қатынасының тұрақталуына жағдай жасау, қандай жағдайға түссе де, кіммен қарым- қатынас жасаса да, туған үйі мен ата – анасы ол үшін әрдайым құндылық болуы керек.

Көптеген балалар ата – анасының материалдық көмегі көрініп тұрса да, бәрібір психалогиялық жағынан бақылаусыз қалып жатады. Тәрбие барысында көптеген қалыпты қателіктер мен дұрыс емес ұстанымдар бар. Оның бірі бала ойымен санаспау, тыңдауды талап ету. Ата-ана іске қатысы жоқ тыңдауды талап етеді, өйткені олар үлкен, ал жасы үлкендік дұрыстықтың өлшемі деп санайды. Жасөспірімнің тезірек үлкен болғысы келетіндігі оған қызыққандығы емес, осы жағдайдан құтылғысы келетіндіктен. Ата-ананың бұндай қарым – қатынасы баланың өздігінше болған жайды талдауына, өмірде әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауына кедергі келтіреді. Сондықтан көптеген жасөспірімдер ата-анасының іс-әрекетін «әділетсіз» деп тапса, олардан алыстау жүруге тырысады.

Жасөспірімдік шақ өзіндіктің көрінетін уақыты, жасөспірімнің қоршаған ортаны зертеген, танысқан өзін күштімін деп, бәрін білемін, істей аламын деп есептейтін кезеңі. Қиын жағдай туса ата- анасынан көмек сұрағысы келмейді. Өйткені олар тек қана сынай алады деп ойлайды. Осының нәтижесінде оған өз ата-анасының емес, бөгде кездейсоқ адамның пікірі беделді болады. Ол адам әрқашан ақыл беруге «лайықты» бола бермейді.

Міне сондықтан баламен «өзара сенушілік» қарым-қатынас жасай білу керек. Мысалы: жасөспірімнің қателігі үшін бас салып ұрыспай, анығына жету керек. Егер ол өзі келіп мойындаса, қатесін түсінсе, қатты ұрыспай жай ақылмен сөйлескен дұрыс. Ал ол керісінше ештеңе айтпаса , онда өзгелерден естігендігін айтып , қатты сынға алуы керек. Осыдан кейін ғана жайлап ата-анаға болған жайды айтып , қателігін мойындап, кеңесу қажеттігін түсініп қалыптаса бастайды. Осындай қарым –қатынас болса тәрбиедегі келеңсіздіктер жойыла бастайды. Тәрбие дұрыс бағытқа түседі.

Жасөспірім ата-ананың әркез көмекке келетініне, түсінушілікпен қарайтынына әбден көзі жетіп, сенуі керек. Ата-ананың бірінші мақсаты - көмектесу. Ұрысу емес. Сосын істі шешу, бұндай қателікті енді болдырытпау. Және есте сақтаңыз, ешқашан айғайламаңыз.! Әділетті формула: нағыз ата-ана баласын тәубеге келтіретін, сырын айтатын, сенімді адамы бола білуі керек. Ата-ананың келесі мақсаты: жасөспірімнің көңіл- күйін бақылау. Үйге қандай көңіл- күйде келді, шыққанда қандай еді, өзгерістерді дер кезінде білгені дұрыс. Бұл дәл уақытында көмекке келуіне көмектеседі. Мысалы: темекіні алғаш шеккен күні, алкоголъдік ішімдік ішкен күні, нашамен алғаш танысқан күні көңіл- күйінен білесіз. Және жасөспірім кімен бірге жүрді ,жақын арада кім қосылды, осының бәріне баса назар аударған дұрыс. Жасөспірім ата-ананың ұзыннан – ұзақ келіспеушілік дауысынан басқа ешнәрсе естімесе ,оған түсіндіруге де сөйлеугеде мүмкіндік берілмесе, келеңсіз жағдайдан шығар жол да табылмайды.

Балада ата-ана бәрінде кешіреді, кешірім сұрасаң жеткілікті деген психология қалыптаспауы керек. Ата-ана бәрін кешіре алады, бірақ кейбір жайттарда ата-ананың «кешірімі» жағдайды түзей алмайтынын, еш нәрсені өзгерте алмай қалуы мүмкін екенін бала түсінгені дұрыс. Ата-ана бір ғана дұрыс емес әрекет арқылы ауыр ауруларға ұшырап, өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екендігін түсіндіріп отыруы қажет. Есіріткі заттар, алкоголъ темекі - қателікті кешірмейтін ,бүкіл өмірін хор ететін қауіпті аурулар. Жасөспірім өзінің іс-әрекеті, мінез - құлқы арқылы өзін өте қиын, келеңсіз жағдайға апаруы мүмкін екендігін ата-ана да мұғалім де әрдайым есіне салып отыруы керек. Егер осындай жағдай туса, ата-ана да өзі де шығар жол таппай қалуы мүмкін екенін бала түсінуі керек, сендіру керек.Үлкендер баланың психологиалық жағдайының өзгерісін үнемі бақылауда ұстағаны жөн. Жасөспірімдердің үнемі бостандықты аңсайтындығын естен шығармаған жөн. Бостандыққа шығып алып, осы кезде не істейтінін де білмей, өзі үшін қауіпті де,қиын әлемге аяқ астынан тап болып, есі шығатыны да рас.9-10 жастағылар 16-17-дегілерге қарағанда күнделікті не істейтінін ,өз күн тәртібін біледі.

Ата-анаға берер жүйелі екі кеңес:

1. Ата –ана әрқашан жасөспірімнің өзге жерде емес, өз отанында өзін-өзі жайлы сезінуін үнемі қадағалап отыруы, әрі солай болуын орындауы керек. Егер ол сыртқы әлемге осы жайлылықты сезіну үшін ғана кетіп қалса, нәтижесі ата-ана үшін де, оның өзіне де жақсы болмайды. Өйткені қазіргі кезде сәнге айналған «балдеж», «кайф» ұғымдарының соңы есірткіге апарады. Оның орнына отбасында шынымен айналысу қажетті нәрселер: сыныптастарымен, достарымен бірігіп жарыстарға қатысуы, әр түрлі үйірмелерге бару мейлінше қауіпсіз болар еді.

2. Бала туғаннан отбасында өзін-өзі қәуіпсіз сезініп, ата-анасының кез- келген уақытта көмекке келетінін, қолдайтындығын біліп, сондай рөл де қабылдауы керек. Бала өзгелерден көрі, өз ата-анасының ақыл – кеңесін тыңдауға ұмтылуы өте маңызды.

Үй мен отбасы бала үшін толық мағаналы « қорғанға» айналғаны дұрыс, бала өзінің қорғаны бар екенін сезінуі керек!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет