Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет119/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. Ахметов А.К. Принципы технологии и содержание образовательной программы.Алматы.1995.

  2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз. ТарМУ. 2003.

  3. Белая К.Ю. «Инновационная деятельность в ДОУ» Әдістемелік құралы. М. 2005ж.

  4. «Справочник педагога психолога. Детский сад» журналы № 1, 2011ж.

  5. Моргунов Е.Б. Позновательные процессы и способности в обучении. М., 1990. 321 бет.

  6. Формирование творческих способностей: сущность, условия, эффективность. Сб.науч. тр. Свердловск. СИПИ 1990.



«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАША АМАЛДАРЫ
Ильясова Ш. (Қызылорда)
Еліміздің келешегін айқындайтын нәрсе-білім. Ел келешегі-жас ұрпақты жан-жақты білім иесі етіп тәрбиелеудің маңызы зор.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры»,-деп атап көрсетті. Ендеше, елімізді өркениетті елдер қатарына қосатын жас жеткіншекті білім нәрімен сусындататын мұғалім болмақ. Ұстаз өз мамандығының шебері болғанда ғана табысқа жететіні белгілі, сонда келешегіміздің жарқын болатыны сөзсіз.

Білім- тоқтаусыз, толассыз үдеріс. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Қол жеткізгің келсе әрекет ет, күш сал. Ол- өз бетінше білім алу. Ал өз бетінше білім алу үшін танымдық қажеттіліктер мен қызығушылығың күшті болуы керек. Заманыңа сай мықты білімді болу – тек қана өз қолыңда. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Бүгінгі күні оқу барысында оқушыны, оқыту барысында мұғалімді өзгерту үшін білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері тиімді деп табылды.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009)

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Осыған орай қазіргі кезде ойшыл, зерттеуші өз ісіне шебер, іскер мұғалім қажет екендігі рас. Сондай білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемесі сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілі.

Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Сындарлы оқыту теориясының жеті модулін басшылыққа ала отырып, Блум таксаномиясының алты сатысы бойынша мақсат қоюдың тиімді жақтары. Оқушылар сабақтың тақырыбын біліп, түсініп, алған білімін өмірде қолданып, талдап, жинақтап, бағалай алатын дәрежеге жетеді.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізуі қажеттігін ұғынуы , сондай –ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсідермен меңгеретіндігін жете түсінуі( МАН , 7 бет)

Мысалы, сабақты бастамас бұрын уәж жасау, (психологиялық ахуал қалыптастыру) жүреді. Уәж оқушылардың оқушылардың сабаққа бетбұрысын қалыптастырады. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты шаттық шеңберін құру арқылы бір-біріне жақсы тілектер айту, оқушылардың көңілдерін көтеретін бейнероликтер көрсету т.б. Сындарлы оқыту теориясында өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы айтылмайды, тақырыпты оқушылар мұғалімнің ой- тастауы, сұрақ қоюы немесе түрлі тапсырмалар беруі арқылы өздері ашу керек. Мысалы: қандай ұлт-азаттық көтерілістерді білесіңдер, оларды жылдарымен бірге атап шығындар - деген сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақтың негізгі тақырыбын ашып алуға болады.

Сабақтың барысында жеті модуль бір- бірімен үйлесіп, көрініс табуы қажет.Осы жеті модуль арқылы ашылған тақырыптың ары қарай қалай жүргізілуі керек екендігіне тоқталамыз. Бағдарламаның бірінші модулі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» деп аталады, осы модульде балаларды «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керек екендігін үйрету» қарастырылған. Белгілі оқиғаның барысын оқушылардың түсінгендігін, өзіндік пікірдің қалыптасқанын білу үшін диалогтың маңызы зор болып табылады және диалог жүргізу арқылы оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруға болады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар арасында өзара диалог жүреді, мәселенің шешімін бірлесіп табады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оқушылардың сапалы оқуына көп септігін тигізеді. Олар өздері қалыптастырған білім арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізеді.



Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында оқушылар өз ойын, пікірін жүйелі жеткізе біледі, тереңінен салыстыра отырып ойланады, өзіндік идеяларын ұсынуға дағдыланады.

Бұл модуль тарих пәнінде ерекше орын алады. Бұл модульдің ерекшелігін мектептегі тәжірибе кезінде байқадым. Оқушылар өздерінің ойларын, шығармашылық тапсырмалар берген кезде сыни тұрғыда жеткізе білді. Мысалы Бірінші дүниежүзілік соғыс неліктен қазақстанға да өз әсерін тигізді?- деген сұраққа оқушылар теориялық тұрғыдан емес, сыни ойлау тұрғысынан жауап берді.

Жалпы білім беруде әр мұғалім көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жоспарлап қолданысқа енгізгенде оқушыларды бағалауды басты назарда ұстануы керек. Себебі, бағалау сыныптағы оқушылар деңгейі әр түрлі болып келетіндіктен, мұғалімнің сыныпта бірқалыпты атмосфераны құруына және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин болып табылады. (мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 56- бет)

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланғанда басқа модульдің міндетті түрде кірістіріледі.

Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Сондықтан балалардың өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет. Мысалы оқушыларға смайликтер арқылы бағалау кестесін берген кезде оқушылар өзінің білімінің қандай деңгейде тұрғанын бағалай алады және алдағы уақытта білімін дамыту үшін қалай жұмыс жасау керектігін білетін болады. Ал екі жұлдыз, бір ұсыныс жасау арқылы екі жақсы жетістіктерін айтып, ұсыныс жасауға дағдыланады.

Білім беру барысында ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану , ол мұғалімге арналған көмекші құралдардың бірі екендігін білдім. Сабақтарымда ақпараттық- коммуникациялық технология арқылы ғаламтордан керекті мәліметтерді, тарихқа байланысты терминдік сөздердің мағынасын, мемлекеттер туралы тарихи мәліметтерді сабақ үстінде пайдалана аламыз. Соның негізінде АКТ туралы білім , олардан ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану міндетті қажет екендігін түсіндім.



Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту аса маңызды. Талант ол туа біткен қасиет, ал дарын барлық балаларда бірдей бола бермейді. Талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар және деңгейлік тапсырмалар беріліп отырады. Талантты және дарынды балаларды оқытуда Фриманның сегіз өлшемінің ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, баланың дарындылығын анықтап қана қоймай, оны дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы 9 сыныпта қазақстан тарихы пәнінен «Алаш партиясы» туралы аз ғана мәлімет беріп, ары қарай оқушылар партия туралы өз ойларынша өрбіту керек. Оқушылардың мәліметті жалғастыру арқылы ойлау, мәселені шешу, икемділігін, күрделілікке деген сүйіспеншілігін байқаймыз.

Оқушылардың жас еркешеліктеріне сәйкес оқытуда оқушыларды зеректілікке, зейінін, қабілетін дамытуға, сөйлей, ойлау қабілетінің дамуына мән береді. Мысалы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы сұрақтарға жауап беру, тарихи әңгіме тыңдау арқылы оқушы тақырыпты ұзақ есінде сақтайды.Өзіндік қорытынды жасайды, талдайды, тарихи маңыздылығын бағалай біледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқыды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі-мұғалім бағыт беруші,ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды.Ал оқушылар ізденуші,зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға бағытталады.

Аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді,оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді.



Оқытудағы басқару және көшбасшылық - бұл мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады, яғни мұғалімнің өз біліктілігін дамыта отырып, сабақты түрлендіріп өтуге өз күш жігерін жұмсайтын болады. Өзімнің тәжірибемде сабақтарымды өту барысында оқушыларға тек бағыт – бағдар беріп отыруға тырыстым, тапсырмаларды өздері орындап, саралап, сараптап, пікірлесе отырып, ой түйіндеп отыруына жағдай жасадым. Оқушыларды тарих пәнінде сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, сабақ беру үдерісіне жаңашылдық енгізу, оларды өз бетінше оқуға қалыптастыру, оқушымен кері байланыс жасай отырып, нәтижесінде өзімнің көшбасшылығымды көріп отырдым.

Жалпы қорыта айтқанда, сындарлы оқыту теориясындағы тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізетін болсақ, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді. Сондықтан олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады.

Алдағы уақытта да бағдарламаның қыр- сырын оқып, теориясын толықтай меңгеріп, жаңа әдістермен жаңа сабақтар өту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға машықтанып, өз ойларымыз бен тәжірибелерімізді талдайтын жағдайға жету. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет