Рөлдік ойындар - педагогикалық біліктіліктің қалыптасу деңгейін анықтау бойынша жүргізілетін ұжымдық шығармашылық іс - әрекет түрі.
Рөлдік ойындардың тақырыптар үлгісі төмендегідей болуы мүмкін:
«Таңғы тіршілік», «Бала бақшадан келді», «Отбасы кеңесі»т.б
Ата – аналар жиналысын өткізу барысында оқу – тәрбие үдерісінің міндеттері талқыланып, ата –аналар мен балабақша арасындағы өзара байланыстың бағыттары анықталады.
Заман талабына сай тәрбиеші отбасының әлеуметтік негіздері, яғни отбасы педагогикасы және үйдегі тәрбие, ата – аналар мен баланың қарым – қатынас психологиясы жайында теориялық ғылыми біліммен мықты қарулану қажет. Педагог ата –аналармен тығыз ағартудың тиімді әдіс – тәсілдерін жетік игеру керек. Өйткені ата – ана – бала – педагог – бұл жаңа заман отбасы дағдарысын жеңудегі үштік деп атауға болады.
Отбасының барлығы – баланың мектепке дейінгі шағындағы үйлесімді және жан – жақты дамуы үшін атқарылатын істер.
Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі.
Әдебиеттер
1.«Бала тәрбиесі»республикалық педагогикалық – психологиялық журнал №5 2007
2. «Бастауыш мектеп».№9 2013
3. «Бастауыш мектеп». №4 2006
4. Жарықбаев Қ, Қалиев С, Қазақ тәлім тәрбиесі.-Алматы: Санат,1995.
Достарыңызбен бөлісу: |