Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет255/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.

3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б. 4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – 9б. 5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б. 6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б.

4. Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б

ДАРЫНДЫ БАЛА БОЙЫНДАҒЫ АСЫЛ ҚАСИЕТ- ЗЕРТТЕУ ӘДЕБІ
Егенбердіқызы М. (Қызылорда)
Зерттеу- дарынды балаларды оқытудың негізі. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Соларыдң ішінде ең тиімдісі- оқушылардың зерттеу қоғамын құрып, оларды ғылыми жобалар байқауына тарту кең таралып келеді.

Зерттеуші оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.

Оқушының зерттеу іс әрекеті процесіндегі әдебі оның тұлғалық қасиеттеріне айналады.

Тұлғаның қасиеттері, оның әдебі жалпы алғанда қоғамдық қатынастар, жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде қарастырылады.сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым қатынасы түрліше болуына байланысты оның әдебі де түрлі формада байқалады.адам әдебінің формалары әлеуметтік қатынастармен және тәрбиеге сәйкес жинақталады. Зерттеушілік әдебінің А.И.Савенков күрделі психикалық құбылыс екенін ата көрсете отырып, оған нақты анықтама берілмейді дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде былайша түсіндіреді:зерттеушілік әдебі ақпараттар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет етінде қарастырылады. «зерттеушілік әдебін ізденушілік белсенділігінде психикалық талабының негізі бар нысанды танып білуге бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі» деп түсіндіреді.

Зерттеушілік әдебі негізінде ізденушілік белсенділігі, оқушының қоршаған ортасын зерттеуге деген талабы жатыр. зерттеушілік әдебінің басында оның ішкі биологиялық психикалық табиғи алабы тұрады. Бұл талаптың негізінде И.П.Павлов анықтаған бағдарлы зерттеушілік рефлекс жатыр. Рефлекс адамға да, жануарға да тән қоршаған ортасына психикалық реакциясын сипаттайтын талап. Зерттеушілік әдебі «кез келген тіршілік иесінің өмір сүру белсенділігінің байқалуы ретінде» қарастырылады.ол дамыту қызметін атқарады.

Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады.Шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста:біріншісі қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі ізденіс процесінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесінен ғана емес,сонымен қатар шығармашылық, зерттеушілік процестің өзінен ләззат алуға қабілетті. Психологтар зерттеушілік әдебін тұлғаның кез келген жағдаятта қауқарсыздығына әкеп соғады. Сонымен бірге оқушының жүзеге асырмаған зерттеушілік белсенділігі оның өзіне деген сенімін төмендетеді, ақырында өзінің мүмкіндігін қолдана алмайтын жағдайға душар етеді.



Әдебиеттер

  1. Н. Ержанов оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін ашу. «Мектеп технологиясы» №7, 2003ж 36 бет

  2. «Бастауыш мектеп» №2. 2006 ж

  3. «Қазақстан мектебі» 2006ж №12





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет