Әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж.
2. Әдебиет оқулығы, 7-сынып, Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е.Арын, Алм, «Атамұра» 2012.
3. Интернеттен алынған мәліметтер.
4. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде, С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011 .
5. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1.
6. Айтманбетова Р.«Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері». Алматы 1991.
7. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы,2013-№4.
БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Зейдалиева Б.Б. (Қызылорда)
«ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе-ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады»
Педагогика амалдарының бірі – жаңа білімді ескі білім арқылы қондыру болады. Тәжірибенің көрсеткіші де сол. Математикаға икемді болған бала күрделі мәселелерді шешіп үйренгендіктен аса қиналмайды. Ал компьютерде болашақта кең таралуы көзделгендіктен, оған бірінші әдеттендіріп, содан киін икемділіктерді қамтуды көздеу керек. Информатика пәнін 7-сыныптардан емес, 5-сыныптардан бастаса нәтижелі болар еді. 8-сынып оқулығында келтірілген логикалық функция тақырыбы толық ашылмаған тәріздес, ал 9-сынып оқулығы толық алгоритм жасау амалдарымен Turbo Pascal. тілінде программа жазу тәсілдері бағытталған. Бұл білімдерді игеру үшін бала жоғарыда айтылғандай 5-сыныптарда өтсе баланың ой-өрісі жетіліп,танымдылығы артып, білімі жетіле түсер еді.
Баланың білім деңгейі жоғарылаған сайын,зерттеу,зерделеу қабілеті артып іздене түсері анық. Болашақта Билл Гейтс мамандарымен таласа алатын білімдарлар даярлауға мүмкіндіктер болар еді. Сондықтан информатика пән сабағының фундаментін қатайту болашаққа ақпараттық қауіпсіздікті қамтумен бірге, жас өспірімдердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіруді көздейді.Компьютер, бағдарлама оқулық, әдістеме – информатика пәнінің негізгі құралдары. Олар бір-бірімен қаттасып, орамды жанасып, баланың қабылдануына жеңілдік болып жатса нәтижелі болар еді.
Кезінде «Бізден де Билл Гейтс шығады» («ЖА»04.08.1998) атты мақалаға біз біреулер «Қолына қайла мен күрек, қанжар мен қамшыдан басқаны ұстамаған қазақ қалай техниканы жоғары дәрежеде меңгере қойсын»- деп күлгенде еді. Бүгінгі таңда соған дәлел сол қарапайым қазақтың баласы компьютер тіліндегі қазақша әріптерді бір қалыпқа салып, әлемдік стандартқа шығарып отыр. Іргедегі Ресейліктер алғашқы компьютердің иісі шыға бастағанда-ақ өз тілдеріне аударып, сайратып қойды. Біз бүгін жетсек те көштен қалмай, білімнен, ынтадан ешкімнен кем еместігімізді мойындаттық. Яғни, біздің компьютеріміз шет елден келіп жатқан жаңа дәуір технологиясында қазақша сөйлей алады. Енді компьютер кеңістігіне етене араластыру жолы. Қазір Қазақстанның барлық мектептері түгелдей компьютерлендірілді. Алайда оқу құралы бірлі-жарымды ғана болмаса, жоқтың қасы.
Компьютер- әмбебап құрал. Онымен жұмыс істеу кезінде программалық оқытудың барлық тәсілдерін пайдалануға болады, мысалы, ол теледидар мен кинопроектор мүмкіндіктерін көрсетіп, кестелер, көрнекі материалдар, калькуляторды, т.с.с. алмастыра алады.
Компьютерді білім беру мақсатында пайдаланудың ең кең таралған тәсілдерінің бірі- оқыту программаларын қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |