Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет307/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. Бастауыш мектеп» №2. 2006 ж.

  2. Зерттеушілік оқыту технологиясы «Бастауыш мектепте» Астана.2006 ж.


ОҚУШЫ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНҚАЛЫПТАСТЫРУ
Молжигитова Р. М. (Ақтөбе)
В.А.Сухомлинский: "Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты" - деп есептеген. Баланың дүрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби құзыреттілік шарттарына сай болуы керек. Маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді: мұғалім өз пәнін білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы. Өзінің іс-әрекетін сыни түрғыдан бағалап, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-аналарына сыйлы болатыны даусыз. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибе мен педагогикалық озық тәжірибелерді шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді ескергендері дұрыс: өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу, оқушыларды төмендетіп, женді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу, егер оқушылардың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз, оқушылардың сөзін белмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының жауабы дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан, тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мұғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт, сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру, сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз, оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек, сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалдарын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт, оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығына оның оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, екі тұлғаны қалыптастыруда оқушылармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі жатады. Мұғалім -жеке тұлғаға бағытталған тапсырма ұсынушы, нақты мақсат қоюшы, бағыт-бағдар беруші, кеңесші, ақылшы, оқушының жетістігін құптаушы, ынталандырушы, мақсатқа жетелеуші, оның тиімді жолын ұсынушы, қабылдап алушы, сарапшы, ақыл-кеңесші, әділ би. Осыдан кәсіби құзырлылық ұғымынан мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттермен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік, дағдыларын, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесін, жұмыс істеу шеберлігін, мәдениетін, психологиялық қасиеттерін, қарым-қатынас стилін, әдебін, т.б. жатқызамыз.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдаланамын, сондай жүйелердің бірі– интерактивті құрал, яғни интерактивті дәстер: презентациялар, пікір-таластар, топпен жұмыс, миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, зерттеу жұмыстары /мини/, рөлді койындар. Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді? Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады, оқуға деген қызығушылығын арттырады: көрнекті түрде тапсырмаларды орындайалады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі, уақытты үнемдейді, қайталау мүмкіндігін кеңейтеді, орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады. Болашақта мұғалімдердің еңбектері өз сабақтарында АҚТ пайдалану арқылы жеңілдейді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Сабақта оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аударылады. Қызықты сабақ болса, оқушының солпәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жолтабады. Сабақта балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені сол арқылы балалардың іс-әрекетінің дербестігі артады, бала білімді болады. Балалардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Алтыншы, жетінші сынып оқушылары жас ерекшелігі жағынан қиялға, образды ойлауға бейім. Олардың бойында шығармашылықпен айналысуға мынандай ерекшеліктер бар: оқушылардың қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді, бұл жастағылар ақыл-қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске бағыттайды; оқушылар мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі әңгіме, өлең жазуға бейім. Сабақ барысында оқушылардың тапсырманы орындауда жіберген қателерімен кемшіліктерін уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Тірек сызба,семантикалықкарта толтыру, әртүрлісұрақтартудыруарқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытамын. Тақырыптықайталау, қорытындылаукезінде«қайталау –оқуанасы» деген нақыл сөздердіқ олданып, тақырыпқа байланыстысөздікқорларынмолайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толықашу үшін, сабақтыбекітемін. Бұл жұмыстардың барлығы да қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тіл дамытудың тиімді түрлері болып табылады, нәтижесінде білім сапасын арттыруына жол ашылады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқушы шығармашылығын жетілдірудің негізіжәнебілім сапасын арттырудың бірден-бір көзі деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет