НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫ: ІЗДЕНІСТЕР, МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ Рысбекова А.А.(Қостанай) «Халық пен халықты теңестіретін-білім»,-деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу- біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда ҚР «Білім туралы»Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
Соңғы уақытта өмір сапасы, білім сапасы, әлеуметтік жетістік деген сөз тіркестерін естіп жатырмыз. Білім сапасын көтеру-әр оқу орнының негізгі міндеті болып келеді.
Қазіргі ақпараттық ағымның көптігі мен білім сапасы үшін күресте өсіп жатқан жүктемелер жағдайында білім сапасын бағалаудың жаңа критерийлері, әрдайым өзгеріп отыратын білім ортасына сай келетін ақпараттық және педагогикалық технологиялар қажет.
Мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерінің дайындық сапасының объективті критерийі маман ретінде олардың қажет болуы.
Мектеп өздігінен тұрақты дамуға және жетілуге дайын тұлғаны қалыптастыруға жауапты орта болып табылады. Білім беру ортасы әлеуметтік қоғамда тұлғаның қалыптасуына және дамуына жағдайлар жасайды.