Әдебиеттер
ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.-М.: Артос, 1996-274 с.- (Просто о сложном )
ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995-735 с.
Интернетке кіріспе “Бүкілдүниежүзілік өрмек”: Әдістемелік құрал.- Алматы, 1999-25б.
Каймин. В. А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31бб.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Кенжебекова Л. (Қызылорда)
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықтарды пайдалану заман талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.
Жаңа технологияны меңгеруде тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беріп жүр.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Мектепалды даярлық сыныбында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кейбір стратегияларын қолдануға әбден болады. Бір технологияларының өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалды ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі фокторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси –экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – комууникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдастыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.Осыған байланысты ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютерде жұмыс істей білу кез – келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігін шектей білу.Осы сала төңірегінде «Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар», «информатика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар», «Obasic, Pascal программалау тілдері», «12 жылдық білім беру барысында информатика пәнін оқыту әдістемесі», «Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет негіздері» тағы басқа да тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндік беріледі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру – ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, …білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технологилар студенттердің кәсіби – шығармашылық қабілетін бейнелеу процесінің құрылымын және теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын байымдау, баіа беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жаңа ақпараттық технологияның келесі бағыттары бар: проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер ойындар. Проблемалық оқыту дәріс тапсырмаларды орындау, сұрақтар қою әдістері арқылы жүзеге асады. Бейнелеу өнері пәндері бойынша проблемалық дәрістерде студенттердің эстетикалық танымын тереңдету мақсатында әр түрлі әдістемелік тәсілдер пайдаланылады. Дөңгелек үстел өткізу. Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттерді толғандыратын кейбір мәселелерді жеке пікірлер арқылы дәлелдеу.Бұл әдіс студенттердің өз ойларын ертеңгі заман талабына сай іс – тәжірибеде дәлелдеулер келтіре отырып саналы жеткізуге көмектеседі. Дөңгелек үстел соңында студенттердің жыл сайынғы қолданбалы өнер саласындағы дипломдық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қойылған бұйымдар – қазақтың ұлттық салт – дәстүрін, ырым – жораларын бүгінгі ұрпаққа жеткізуде бірден – бір құрал. Жаңа технологияларды қолдануда Қазақстан суретшілері туралы интернет жүйесіндегі материалдармен танысудың берері мол. Студенттерді өз беттерінше тың ақпараттар іздеулеріне талпындырады.
Мамандық бойынша оқытушылардың кәсіби – шығармашылық бағыттағы іс – әрекеттерінің барысында арнаулы пәндер мазмұнын толықтыруда арнайы курсты оқытуды енгізуге, студенттердің ғылыми – практикалық конференцияларда баяндамаларды талқылауға, комплекстік тапсырмалар, бақылау жұмыстарын, жазба, курстық, дипломдық жұмыс орындауды жүзеге асыруға болады. Демек, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
• студентерді логикалық және ғылыми – шығармашылық ойлауға, кәсіби қабылдауларын, ізденушілігін дамытады;
• дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға негіз болады;
• өздігінен ізденіп, игерген материалдарын ұзақ есте сақтауларынан білімдерін тереңдетеді.
• өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоционалдық сезімдеріне әсер етеді;
• іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
• өнерге деген эстетикалық белсенділікке, баға беруге талпындырады.
Педагогтар 21 ғасырда Жаңа ақпараттық технологиялар кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету – оқыту технологияларының бір аспектісі болып табылады. Білім беру технологиясы – оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс – әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құру.
Оқыту технологисы – дидактикалық бағыт оптимальды жүйелердің принциптерін анықтаудың және жасаудың, алдын ала сипаттамалары берілген қайталауға келетін дидактикалық процестерді конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы.
Әдебиеттер
1. Халықова К.З. «Информатиканы оқыту әдістемесі»: Оқулық / Халықова К.З. / Тұрғанбаева А.Р., Бостанов Б.Ғ. – Алматы2000ж.
2. Лапчик, М.П. Методика преподования информатики,: Учеб.пособие для студ. Пед.. вузов / Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К., Под общей ред. М.П.Лапчика.-М: Академия, 2001г.
3. Хасанова Г. «Информатика пәнін жаңа технологиялармен оқытудың тиімді жолдары» 2005 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |