Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚАЗІРГІ САБАҚТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет547/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ҚАЗІРГІ САБАҚТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сулейменова С.К., Койшугулова Г.М.(Ақтөбе)
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік

емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер».

Ж.Аймауытов.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманында ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту ешқашан да өзектілігін жоймақ емес. Бұл дегеніміз бүгінгі білім беру кеңістігінің жаңаруы, жаңа тұрпатты мұғалім, білім берудің жаңа парадигмаларының берер нәтижелерінің жемісі болмақ. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын инновациялық технологиялардың маңызы ерекше екендігі баршаға мәлім. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді.

“Инновация” ұғымына ғалымдардың түрлі анықтамаларды ұсынады. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.

Н.Нұрахметов«инновация» түсінігіне мынадай анықтама береді: “Инновация, инновациялық үрдіс– білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі”. Н.Нұрахметов “инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі:


  • жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған);

  • модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан);

  • жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Түсіндірме сөздікте: "Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. /Кларин М.В./

Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі /Монахов В.М./.

Технология – дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі. /Чошанов М./

Педагогикалық технология – практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы /Беспалько Б.П./.

Осы орайда математика сабақтарында пайдаланатын бірнеше инновациялық әдіс-тәсілдерге тоқталып қолдану тиімділігін былайша көрсетуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет