БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНА РУХАНИ – ПАТРИОТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Наурызбаева С. (Актөбе) Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Тәрбиешілер бала тәрбиесінде өз топтарында «Елім- ай» «Туған қалам - мақтанышым» атты үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірмеде балалармен бірге ата – аналар да өздерінің көп үлестерін қосады. Тәрбиешілер балаларды қаланың мәдениет орталықтарымен, әйгілі батырлары, ақын – жазушыларымен таныстырып, мәңгілік алауға, ескерткіштерге барып гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырды. Мектепке дейінгі мекемелерде кіші жастағы балалармен тәрбиешілер тақырыптықсабақтарөткізді. Еліміздің төлмерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата –аналар өз үлестерін қосады. Балалардытәрбиелеуде балабақша мен мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығыдұрысжолғақойылған.
Мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру. Балалар бақшасында адамгершілік тәрбие берудің жалпы сипаттамасы. Адамның моралдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шағында қалыптасады. Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайдыМектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті. Мектепке дейінгі естияр жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке дейнігі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді. Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны. Bold text'Italic text Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің мазмұны «Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген. Оған мыналар: Отанға, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбегін құрметтеу, ұлтаралық, ұжымдық және адамгершілік бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды адамгершілік сапалары кіреді. Адамгершілік тәрбиесінің заңдылықтары Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балалады бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Н. К. Крупская ұжымда тәрбиелеудің маңызды екенін атап көрсете отырып, былай деп жазды: «... Мектеп балаларды бірігуге, ортақ мақсат, ортақ міндеттер қоюға және ол міндеттерді жұмыла күш жұмсай отырып шешуге үйретуі тиіс. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзі олардың істі бастау қабілеттерін (инициатива), ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл заңдылық тәрбиешіден барлық тәрбие жұмысын жүйелі түрде, тәрбие міндетін бүкіл топқа тұтас және әр балаға өз алдына (оның ерекшеліктерін және енгізілген адамгершілік ережелерді меңгеруін, мінез-құлық тәжірибесін есепке ала) біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ тәрбие міндетін неғұрлым толық шешуді қамтамасыз ететін жағдай жасау қажет: қандай да болса адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін баланың сол қасиеті бейнеленетін ылықтарын жүйелі жаттықтыру қажет, сонымен бірге оны тәрбиелеуші адамдардың талаптарының бірдей болуын қамтамасыз ету керек. Әйтпесе балаларда өз мінез-құлқын саналы басқару емес, тек үлкен адамдардың бұйрығына бағына білу ғана қалыптасады. Бейімделгіш болу қаупі туады. Балаларды құрбы-құрдастар ұжымында тәрбиелеу жеке-дара тәсіл заңдылығымен де жүзеге асырылады, мұнда жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік дәрежесін және баланың мінез-құлық тәжірибесін есепке алу керек. Бұл заңдылықты жүзеге асыру үшін тәрбиешіден әр жастағы баланың психо-физиологиялық ерекшеліктерін және әрбір тәрбиеленушінің дамуының жеке-дара ерекшеліктерін терең білуді талап етеді. Әрбір топта тәрбиеші балалардың жас жағынан мүмкіндіктерін есепке ала отырып еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастырады. Мысалы, сәбилердің алғашқы еңбек әрекетін басқара отырып, тәрбиеші олардың жұмысқа қосылу жөніндегі қандай тілектерін болса да қолдайды, оның сапасы мен нәтижесіне кешіріммен қарайды. Естияр топта ол жұмысты мақсатты бағыттауды қалыптастырады, сондықтан ол балалардың басқа жаққа көңіл аудармауына қатаң талап қояды және балалардың назарын істеген ісіне жұмылдырады. Ересек топта тәрбиеші жұмыстың сапасына, әсіресе балалардың қатысу тәжірибесі көп еңбек түрлеріне жоғары талап қояды, мұндағы мақсат – олардың ынталылығын қалыптастыру, қойылған міндетке сай нәтижеге жету.