Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет596/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізуден бұрын оқушылардың өздерімен ақылдаса отырып күні бұрын сабақтын түрін анықтап, жоспарын бірлесе отырып құрса, сол сабақ жақсы нәтиже береді.Сот сабағы түрінде өткізілетін сабаққа оқушылар күні бұрын өздері ақпараттар жинап, қызығушылық танытып өздері ролдерді(айыптаушы, айыпталушы, сот төреағасын, куәлер, жүргізуші т.б.) бөліп алып ерекше ынтамен әзірленеді. Сот үрдісінің қалай болатынын, қылмыскердің сот үкімімен жазаланатынын біледі. Қазақстанның физикалық географиясы курсында «Арал тағдыры – адам тағдыры» және 11 – сыныптың Дүние жүзіне жалпы шолу географиясындағы «Экологиялық проблемалар»тақырыбында оқушылар экологиялық проблемалардың туу себебін және оған кінәлілерді анықтап, оның шешу жолдарын қарастырады. Болашақта экологиялық проблемаларды болдырмау үшін үкім шығарады.

-Cаяхат сабағы түрінде өткізілетін сабақ Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсында қолданған өте тиімді. Бүгінде ғаламтордың шектеусіз мүмкіндігін пайдалана отырып кез-келген ақпарат пен көргің келген жан-жануар мен әлемнің кез-келген жері мен елінің көрнісі мен суретін ала отырып қалаған материк пен мұхитыңа саяхат жасауға болады.Саяхат сабақ жүргізу кезінде саяхат жасалатын материктің өзіндік табиғат ерекшелігі ескеріледі. «Қазақстанның 20 жылдығы» мерекесі қарсаңында - Қазақстанның экономикалық аудандарына саяхатты «Менің Қазақстаным» поезімен, «Африкаға саяхат» - кемемен круиз жасайды, «Солтүстік Америкаға саяхат» - «Диснейлендтегі лунапаркте», «Оңтүстік Америкаға саяхат»- тікұшақпен, «Австралияға саяхат»- джиппен, «Антарктидаға саяхат»- вездеходпен саяхатқа шығады. Әр аялдама сайын даярланған сұрақтарға жауап беру арқылы сапарларын жалғастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет