Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет617/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Оксфордский учебный словарь английского языка

  2. Кабушкин Н.Н. Основы менеджмента.-Минск, БГЭК,1996

  3. Менеджмент негіздері/ Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. - Ақтөбе-Орал, «А-Полиграфия», 2005

  4. Білім берудегі менеджмент №4 2002 /1,32 бет/



КЕМБРИДЖДІК ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ
Наурзалина Г. Б. (Актөбе)
Қазіргі таңда «бағалау» деген сөзді естіген мұғалім қауымының құлағы селт етпей кетпесі анық. Олай дейтінім, бүгінгі кезеңдегі инновациялық бағыттағы яғни білім беру ісін тереңдету мақсатында жүргізіліп жатырған біршама жаңарудан кейін, әр мұғалім өзіндік оқушыларды бағалау тәжірибесінде әр қилы өзіндік жаңалықтар енгізуде.

Мен тек қана дәстүрлі бағалаумен шектелетінмін, осы ІІІ деңгейлік курстан кейін бағалауға байланысты көптеген тың дүниелермен қанықтым. Мен үшін бағалау тек білім нәтижесін анықтау мақсатында алынатын дүние болып келсе, енді мен оны кең мағынада танып білдім.

Александердің 2001 жылы шыққан еңбегінде «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп айтылған (Нұсқаулық 56 бет). Бұл жердегі айтылған тұжырымдамада бағалаудың тек қана оқушының игеріп алған білімдерін саралау ғана емес, оның қалай дамып келе жатырғанын, өзінің оқу сатысының қай баспалдағында тұрғанын анықтау мақсатында екені айтылған деп білемін.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады (Нұсқаулық 57 бет). Бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.

Білім берудегі оқушының жұмысының нәтижесі есебінде біз оқушыға баға қоямыз, алайда, біз осы күнге дейін көп жағдайды жиынтық бағалауды қолданып келдік те, оқушының өз білімін жетілдіруіне мүмкіндік бере алмадық, оқушы алған бағасы ол үшін білімінің көрсеткіші іспеттес болып қала беретін.

Бағдаламада бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді.

Әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта, кім үшін, қалай өткізу керек екендігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаты:

1. Оқытудың қиындықтарын анықтау

2. Жетістікке жететіндігін көрсететін кері байланыс

3. Уәж


4. Болжау және сұрыптау

5. Стандартты бақылау және орындау

6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау екендігін түсіндім (Нұсқаулық 56 бет). Бағалау оқу үрдісінде тынымсыз жүріп отыратын процесс. Мұғалімдер оқушының үйренгенін үнемі жинақтап отырады.

Блэк пен Уильям (2000) бағалауды жетілдіруге қажетті талаптардың ішінен оқушы мотивациясын туғызуға ерекше мән берген.

Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш –жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады, - деп Александер (2011) айтпақшы, мен де өз тәжірибемде бағалауға өзгерістер енгіздім.

Мен өз тәжірибемде күнделікті 5 балдық жүйемен немесе арнайы белгілермен бағалап жүрдім. Әдетте, мен бұрынғы сабақтарымда жиынтық бағалауды көп пайдаландым және бағалауды көбінесе өзім жүргізуге тырыстым. Әркім өзінің қателіктерінен үйренеді екен, кейін бұл әрекетімнің дұрыс еместігін түсіндім, оған менің күнделікті тәжірибеде жасаған өзгерістерім де себепші болды. Мен өз - өзімді реттедім, сабақ жоспарларымды қайта-қайта қарап, бұрынғы сабақтарымды есіме түсіріп, жаңаша көзқараспен, алған теориялық білімімнің негізінде күндіз-түні жұмыс жасадым, мектептегі іс-тәжірибемде әрбір сабақта жиынтық бағалаумен қалыптастырушы бағалауды қатар жүргізіп, оқушыларға сабақтағы өзгерістерді біртіндеп түсіндірдім. Оқушылар қауымы әрқашан жаңалыққа құмар болғандықтан да, оларға менің өзгерісім қызықты болып көрінді.

Әрқашан сабақтың соңында тек баланың сабақты қалай меңгергені туралы және сабаққа белсенді қатысып отырғанын қорытып, бірақ – ақ «5», «4» ,«3» деген бағалауды қойып жүрген мен үшін бұл бағалау түрі басында қиындау соққаны рас. Сонымен, сабағымның алғашқы кезеңінен бастап, сол сабаққа негізделген бағалау критерийін құрып бастадым.


  • бастапқы диагностика;

  • жиынтық немесе оқытуды бағалау;

  • оқу үшін бағалау;

оның ішінде үй тапсырмасын, рөлдік ойындарда, шығармашылық тапсырмалар орындағанда мадақтау, 3 шапалық, екі жұлдыз бір тілек түрлерін қолдандым. Кейбір тапсырмаларды жұппен, топпен бағалаттым. Оқушылар топтық таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» айту барысында бағалады, бірінің айтқанын бірі қайталамауға тырысты. Оқушылар бір біріне бүгінгі сабақ барысында жеткен жетістіктерін айтып, екі жұлдыздарын сыйлады және сабақта жіберген кемшіліктерін айтып, келешекте сол кемшіліктерді дұрыстауға ұсыныс жасап, бір тілектерін айтып жатты. «Үш шапалық» бағалау түрі сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыларды ынталандырады.

Оқушылардың белсенділігін арттыру барысында мына сөздерді жиі қолданылатын болдым. Мысалы; «бәрекелді, жарайсың, тамаша, керемет және т.б», сөздер арқылы бағалап қолдап отырдым. Және топ басшыларының алдына берілген «бағалау парағы» арқылы да бағаланып отырды. Оқушылар белгіленген талаптар арқылы өзін-өзі бағалайды, «мен осы қойылған талаптарға сай жұмыс жасадым ба?, қандай дәрежеде орындадым?» – дегендей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасайды. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен (Нұсқаулық 57 бет). Яғни, бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан мен оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсіндім. Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды қолданамыз. Қабілеті төмендеу оқушыларым бағалау парағын толтыра отырып өзін-өзі бағалауға үйренді. Есте сақтау қабілеттері артты. Кейде өткізілген тақырыпты да бағалайтын болды. Топ басшылары топты бағалаған кезде өз ойларын ашық айтып, бағалауда әділ болды. Балалардың «өзін өзі» бағалауында көбірек көңіл бөлдім және жұбын, тобын бағалаудыда қадағалап отырдым. Әрине, күн сайын өз еңбегі үшін баға алып, үйіне барып ата-анасын қуантып отыратын оқушының баға сұрауы қалыпты құбылыс. Алайда, мен бірте-бірте сабақтарымның барысында оларды баға үшін емес, білім алу үшін оқу керектігін түсіндірдім. Содан соң өздеріне «Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?», «жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер келтіре алдым ба?», «қаншалықты?», «мен жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердім?», «қаншалықты белсенділік таныттым?», «өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?», «неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым екен?», «өзгелерден қалыс қалмадым ба?» деген сұрақтарды өздері саралайтын болды. Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінді, өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағды қалыптасады. Әр мұғалім алғашқы кездері өзі бағаласа, келесі сатыларда оқушыларды өзін өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйрете беруі керек.

Блэк пен Уильям ұсынған тәсілдерді төмендегідей қолдандым: оқушылар бір-біріне өзін-өзі реттеу бойынша, смайликтер көмегімен, 3 рет қол шапалақтау және мақтаулар, өзін өзі бағалау, ашық журнал, өзін өзі реттеу парағы, үздік жұмыстар көрмесі, эссе көмегімен бағалау түрлері жүрді. Оқушыларды сабақта мадақтау арқылы олардың келесі тапсырманы орындатуға белсенділігін арттыра түстім.

Ал, жалпы сыныптың «сабақты меңгергенің қалай бағаладым?», «Ол сыныптың барлығын толық бағалап шығуыма өз мүмкіндігін тигізді ме?» деген сұраққа келер болсам, шынында да сыныпты бағалауда көп жақсы әсерлері болды. Мысалы: осыған дейін 1 сабақта 7 немесе 8 оқушыны бағалай алатын болсам, енді толық сыныптың оқушыларына өз бағалауларымды қамтыдым. Сабаққа қалай қатысып отырғанынын, жұпта, топта қалай жұмыс жасап отырғанын мен «бақылаушы» ретінде жүріп және олардың әрқайсысының қимылдары мен әрекеттерін бағалау қағазыма түртіп отырып сабақ соңында оқушыларға тал отырғызу арқылы білім шыңына жетеледім. Әр сабақтан соң міндетті түрде талдау жасауды қолға алдым, соның негізінде ертеңгі сабағыма толықтыруды қажет ететін жолдарды таптым. Сабақта тек көшбасшылық жасап, тек дайын ресурсты бірігіп реттеуші рөл атқардым, топтарды бақылай жүріп, үлестірме материалдарды кімге беру керектігін сырттай бақылау мүмкіндігін алдым. Тез жұмыс істейтіндер үшін қосымша тапсырмалар бердім. Менің тәжірибемде бақылауым бойынша шағын топтардың топ жетекшілерімен жұмысты жүргізген тиімді екеніне көзім жетті. Себебі бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттым. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді.

Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда ана тілі пәніне деген қызығушылықтары арта түсті. Әр түрлі деңгейдегі мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыс істеу туралы рефлексивтік есепті өткен сабақтағы бақылауым бойынша көрсеткенді жөн көрдім.

Нұсқаулықта жазылған Джин Раддоктың «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» деген сөзіне сүйене отырып, «Оқушы үніне» де құлақ астым. Себебі, бағалаудың бұл түрін мен оқушы таңдауына сүйеніп алдым. Бағалаудың бұл түрін алу арқылы, мен оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдап, сонымен қатар диалогқа түсірдім.

Сонымен қатар, мен әр сабағымның барысында жақсы айтылған идея, ұсыныстарға әр түрлі бағалау әдістерін қолдану кезінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра алдым. Оқушылар мен менің бағалағаным бір – біріне 80 % да шындыққа жанасатынын аңғардым.

ОүБ бағалау тәсілдері балаларға қатты ұнады. Олар маған ойларын ашық айтып, өздерін қандай баға қойсамда бірінші өзі туралы сыни ойланып, өзіне баға бере алды.

Әр оқушымның «жеке тұлға» болып қалыптасу жолында, өзімнің тәжірибиемді ұштап отырамын. Римдік философ Сенека Луций былай деген екен: «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» Менде оқушыларыма үйрете жүріп, өзімде үйренемін деп білем… Мұғалім жан жақты тұлға! Оның ойының ұшқырлығы қаншалықты терең болған сайын, оқу үдерісінің жаңалықтарындада соншалықты тың дүниелер пайда болады. Қазіргі таңда беріліп отырған, түрлі бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс таралуы нағыз ұстаздың қолынан келетін іс деп білем…

Мен бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін төмендегідей факторлардың орындалатынын түсіндім:

Оқушылармен тиімді кері байланыс орнайды, онда оқушылар сабақ бойынша алған әсерін жеткізді, кейбіреулерінің тілектерін негізге ала отырып, сабақтарымды жоспарладым;

Оқушылар өздерінің оқу үдерісіне қызу араласады, олардың бағалау критерилеріне сәйкес жұмыс жасағандыған байқадым, бұл көрсеткіш әр сабақ сайын жақсарып отырды;

Оқыту мен бағалау арасында байланыс орнайды, өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсінді;

Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінгендігі де мен үшін әрі қарай жұмыс жасауға көмекші болды (Нұсқаулық 59-бет).

Қорытындылай келе алдағы уақытта барлық сабақтарыма дерлік бағалаудың форматвті түрлерін әртүрлі дайындауды жөн көрдім.

Бұл жағдайда:



  • оқушылар белгіленген критерийлерге сәйкес жұмыс жасайды;

  • алған жиынтық бағасына риза болады;

  • ол өз мүмкіндігінше алған білімін өзі арттыруына мүмкіндік алады;

  • оқушы алдағы қадамдарын өзі анықтайды;

  • оқушының өзін өзі реттеп бағалаудың оқыту үшін екендігін түсінеді;

  • білім алуда жоғары деңгейге қол жеткізеді;

Бағалау барысында оқушылардың білімін тексеру оңай жұмыс емес. Баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалімдер баға қоюға өте мұқият болу керек. Жауаптарын бақылап, деңгейлік тапсырмаларды жиі қолдану керек деп түсінемін.Себебі бағалау дегеніміз – оқушының санасы мен ойлауының нәтижесі деп білемін.

Ұстаздар қауымы әрқашан игі істердің бастамасында жүретіндіктен, жаңа бастамалар кең қолдауға ие болады деп айта аламын. Мен де сол жаңашылдықты жаршылайтын ұстаздар қатарында болатыныма уәде беремін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет