Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ



бет86/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Досанова Б.Б., Волобуева Н.А., Рахметова Г.А. (Ақтөбе)
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты.

Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;

2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,

3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Негізінен химия сабағында өтілген тақырыптарды сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жетуге болады. Бұдан біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырады..

Оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Мысалы модульдік оқытудағы сөйлесу бөлімін басты назарға алсақ ,оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой - пікірді жүйелеу амалы қарастырылады. Диалог, яғни сөйлесу бөлімінде оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше рет қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сын тұрғысынан ойлаустратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір - бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздейді. Әр уақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа алынады.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.

Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастайды. Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастады. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізеді.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.

Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі.

Мысалы оқушыларды бір - бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауын ұсынуға болады. Бұл бағалауды негізгі мақсат - өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл - оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам.

Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мұғалім үшін құнды. Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдануға болады. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бірден - бір тәсілі. Бұл оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген сенімділігін арттыра түседі.

Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабақта өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға болады. ББҮ (Білемін Білгім келеді Үйрендім) сызбасын оқушылардың толтыруын ұсынылады. Осы арқылы олардың не білетіндерін анықтай келе, білгісі келген нәрсесін бүгінгі сабақтан ала алды ма деген сұраққа баса назар аударылады.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу арқылы баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Яғни, оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір - бірін тыңдауға үйренеді. Сондықтан олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет