«Әңгімеге негізделген жазу»
Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.
Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам
Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
Шақыру қағазы
Егер дұрыс бұрылмаса сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
«Алғыр оқушы» ойыны.
Әр партада екі оқушы, текст бойынша 10 минут сұрақтар жазады да, бір-біріне сұрақтарын алмастырып, жауап бере алмаған сұрақтарын бір-біріне түсіндіреді. Қай оқушының алғыр екенін мұғалім анықтайды.
|