«Аяқталмаған сөйлем» «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
сабақтан соң маған........келді.
бүгін маған..........сәті түсті.
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
енді мен......аламын.
«Әдебиет лотосы» Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған шығармаларды да пайдалануға болады.
Шығарма атауы
Авторы
Кейіпкері
Қандай?
Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?
Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.