Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, оқу орындарының өміріне енуде.
Қазіргі кезде қоғам өмірінің ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймайды, ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен әдістеріне де ықпал етіп отыр.
Мектеп-гимназиямызда жалпы 33 оқу кабинеті, 2 спортзал, медпункт, асхана бар. Кең жолақты интернет желісінің 6 нүктесі орнатылған, жылдамдығы – 20 мб/сек. 12 кабинет кабельді, 18 кабинет сымсыз интернетпен қамтылған. 2020 жылға дейін мектеп балансында 13 компьютер болды. 2022-2023 оқу жылында оқушылардың 70 компьютер, 16 ноутбук, 20 планшет бар. 2023 оқу жылында жан басындағы шаққандағы қаражат есебінен 20 ноутбуктармен қамтамассыз ету жоспарланып отыр. 2022-2023 оқу жылында ТОО «Арман Инжиниринг» жеке кәсіпкерлігінің демеушілігімен 3 600 000 тг қаражатқа робототехника кабинеті алынды.
М ектеп-гимназиямыздың компьютермен жабдықталу көрсеткіші 2020-2021 оқу жылында мектеп-гимназиямыздың балансында 13 компьютер, 2021-2022 оқу жылында 40 компьютер, 2022-2023 оқу жылында 126 компьютер, 20 планшет бар.
Кең жолақты интернет желісінің 2020 жылы 2 нүктесі болса, 2021 жылы 4 нүктесі, 2023 жылы 6 нүктесі қойылды. 2020-2021 оқу жылында 8 компьютер, 2022-2023 оқу жылында 26 оқушылар компьютері интернетке қосылған.