Оқытудың жаңа инновациялық әдістерін оқу үдерісінде қолданудың тиімділіктері


Солардың бірі де бірегейі компьютерлік оқыту



бет2/3
Дата08.10.2024
өлшемі23,7 Kb.
#147222
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
мақала ТЕХ

Солардың бірі де бірегейі компьютерлік оқыту. Бұл оқыту әрбір студенттің өздігінен білім алуын, ақпаратпен жұмыс істей білуін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін дамытады. Оқу үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етеді [1, 6]. Осы негізде оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацефтика академиясының «Медициналық биофизика, информатика және математка» кафедрасында «Медициналық биофизика», «Физика» пәндерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 11 тақырыпта вирьтуальды зертханалық жұмыстар және электрондық оқу құралы дайындалып, оқу үдерісінде қолданылуда. Бұл әдістің түпкі негізінде интергациялық әдіс жатқаны белгілі. Оқытушыға білімалушының ғылыми ойлауын қалыптастыру мен оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін осы байланысты білу пайдалы. Қазіргі ғылымға интергациялық бағыттардың әсері ерекше. Ғылымның интеграциялық негізі бір ғылымның зерттеу әдістерін басқа ғылымдарда пайдалану құбылыстың негізіне терең ену, терең мамандандыру болып табылады. Мысалы, фармацевтика мамандығы студенттеріне «Информатика» пәнінен физикалықа- химиялық және т.б фармацевтикалық мазмұнды есептерді шығаруға, соған сәйкес компьютерлік бағдарламлар құрып және фармацияға қатысты пәндер бойынша алған білімдерін де саралауларына тура келеді.
Дамыта оқыту. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытудың балама жүйесі болып табылады. Дамыта оқытудың негізі мақсаты: студеттердің білімін, біліктілігін, меңгеру дағдысын қалыптастыру және байқампаздығын, ойлау дәрежесін, тәжірибелік іс- әрекетін жетілдіру. Оқытудың мұндай түрінде: ауызша түсіндіру, жағдайлық есептерді шешу, көрнекілік, тәжірибелік, проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау және т.б. оқыту түрлері мен әдістерін өз дәрежесінде қолдану арқылы шағын топтармен және жұптармен жұмыс жүргізу барысында жақсы нәтижеге жетуге болады [5, 7] Дамыта оқытуда студенттің ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін студент өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артып, сол үшін әрекеттенеді [9]. Осы әдісті негізге ала отырып, кафедрада өтілетін сабақтардың пән оқытушылары үш құрамдас бөліктерден тұратын қағиданы алдына қойылған міндет ретінде қолданады:

  1. оқу мақсаттарының қойылуы;

  2. оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

  3. шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет