Оқытудың жаңа инновациялық әдістерін оқу үдерісінде қолданудың тиімділіктері
Бұл мақалада студенттердің алған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстыра отырып, білім үдерісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс әрекетімізде енгізу қажеттілігі туралы айтылады. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология. Бұл технология бойынша сабақ ортақ оқу бағдарламаларына негізделіп жүргізіледі. Оқытудың негізгі бірлігі - сабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді. Сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі. Білімалушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді. Оқытуды ұйымдастыру тек оқытушының басшылығымен жүргізіледі. Оқытушы өз пәні бойынша жалпы әр білім алушының білім сапасын қорытындылап, бағалайды. Бұл әдістердің барлығын жүйелестіре келгенде мынадай топтарға бөлуге болады: тәсжірибені зерттеу; теориялық зерттеу [2]. Тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру үдерісін ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, жазба, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу, зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау, эксперимент нәтижесін бағалау, қортындылау, теориялық тұжырымдарды негіздеу [2].
Теориялық зерттеу әдістері - құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдау олардың әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптерге келеу, талдауды біріктіру үдерісін қатар жүргізе отырып, зерттеудегі құбылыстың мəн-жайын ашу.Теориялық әдістің қажеттлігі проблема анықтауға, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді [3].
Осы дәстүрлі педагогикалық технологиямен қатар, оқу үдерісіне түрлі инновациялық әдістерді қолдану оқу үдерісінің сапасын көтеруге үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Әрбір оқытушының сабақ берудегі міндеті де, іс-әрекеті де сол - оқу үдерісіне жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу. Оқу - тәрбиесінде студенттердің өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз және бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Бұл мәселені шешу үшін, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуді дамыту, жетілдіру қажет деп ойлаймын. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.