Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістері


М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесін талдау



бет4/4
Дата12.10.2022
өлшемі42,26 Kb.
#42510
1   2   3   4
Байланысты:
М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесін талдау

М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесін талдау
Тақырыбы– белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.
Жанр түрі– әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр.
Идеясы– бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат – мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Оқиғаның басталуы– Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.
Оқиғаның даму – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы
Оқиғадағы шиеленіс– Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.
Шарықтау шегі– Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы.
Оқиғаның шешімі– Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.
Шығарамадағы кейіпкердің бейнесі:
Жағымды– Манап, Қали
Жағымсыз кейіпкерлер жоқ десе болады.
Тәрбиелік мәні: Оқырманды жетімдер тағдырына қайырымдылықпен қарауға тәрбиелейді, бауырға деген мейірімділік сезімі оятады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет