Оқытудың креативтік технологиясын пайдалану – ОҚушыларды шығармашылықҚа баулудың КӨЗІ



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі198,23 Kb.
#14027
Байланысты:
Өмірбаева К. О.



ӘОЖ  371.31 

 

ОҚЫТУДЫҢ КРЕАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ – 

ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ КӨЗІ 

 

Өмірбаева К. О. 



Ақтөбе қ. 

 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі  –  Жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа  Жолдауында: 

«Баланы  жастайынан  еңбекке  баулып,білімге  құштарлығын  арттырмай  бүкіл  әлемдік  білім  додасына 

кіруіміз  екіталай.  Қазірден  бастап  батыл  қимылдар  мен  ауқымды    іс--әрекеттерге  кірісуіміз  керек»,  - 

деп айтылған. [1,5].  

Мектепте  білім  беру  –жауапты  іс.  Өйткені  мектеп  арқылы  жеке  тұлға  тәрбиеленеді.  Бүгінгі 

мектеп оқушысы –ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. 

Шығармашылық  психологиясындағы  креативтілік  атауымен  белгілі  болған  ғалымдар 

М.И.Махмутов, А.В. Хуторской,  В.И.Андреев,  Ю.К.Кулюткин,    Э.Г.Юдин, С.М.Бернштейн, А.Н.Лук, 

С.Медник,  В.Смит,  К.Тейлор,  Е.Торренс,  Н.В.Кипиани,  А.М.Матюшкин  және  басқа  зерттеушілер 

болатын. 

Ең алдымен «креатив» сөзінің аудармасына тоқталсақ: 

«Современный  словарь  иностранных  слов»  деген  1994  жылы  Петербургте  жарық  көрген 

сөздікте: 

1.Креатив( латын сөзі ) аудармасы « созидание » деп жазылған. 

2.Креационизм – сотворение мира деп жазылған [2.138].  

М.И.Махмутов:  «Оқытылатын  пәндердің  дидактикалық  жүйелері  мен  ғылыми  мәселелерін 

шешуге  және  оның  жолдарын  іздестіруге  арналған  проблемалық  ілім  оқытудың  креативтік  жүйесіне 

сәйкес  келеді.  Бұл  технология  күрделі  мәселелердің  шешімін  табуға,  тереңіне  бойлап 

интеллектуальдық, шығармашылық қабілетін жұмсауға итермелейді» деген түсінік береді. 

В.И.Андреев,  Ю.К.Кулюткин,  В.Н.Пушкин,  А.В.Хуторской:  «Креативтік  білім  беру  мен  өз 

бетімен  біліктілігін  жетілдірудің  біртұтастық  жүйесі  эвристикалық  оқыту  принциптерінен  бастау 

алады» деген пікір қосады. 

Г.С.Альштуллер, А.А.Гин, А.В.Бычков: «Жаңалық ашу, ойлап шығару негізінен креативтік оқу 

жүйесін  меңгерген  адамдарда  қалыптасады.  Креативтік  оқыту  технологиясы  алға  қойған  мақсатты 

орындау, соңғы нәтижесіне жетуге бағытталады» дейді.  

Ал енді 2004 жылғы интернет журнал «Эйдоста» былай деп мәлімет берген: 

«Креативностью называется способность человека к нестандартному, оригинальному мышлению 

и  поведению.  Креативность-  это  оригинальность  и  быстрота  мышления,  способность  находит 

неожиданные  решения,  казалось  бы,  в  безвыходной  ситуации,  богатые воображение,  чувство  юмора, 

создание  новых  оригинальных  физических  и  интеллектуальных  продуктов»  Мақаланың  тақырыбы: 

«Путешествие в Икстлан».Авторы: Карлос Касанеда.   

Ғылыми-зерттеу  жұмысының  нәтижесінде  «креативтік»  ұғымына  «жасампаздық»  деген  балама 

беріп, «жасампаздық технологиясы» деп түсінілді. Креативтік – бұл дарындылықпен бара-бар, өзгеше, 

қалыптан тыс, терең ойлау ұғымы. 

 «Креативтік  –  тез  ойлап  табу,  жаңалық  ашу,  аяқ  астынан  ақыл  табу,  терең  сезім,  толғаныс, 

интеллектуальдық биіктік, ұшқыр ойлылық» деген ереже шығарылған. 

Креативтік - өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша 

ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады. 

Әдістер ойландырады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. 

«Өмірді  тану  –  ғылым,  өзіңді  білу  -  өнер»деген  тұжырым  бойынша  оқушылардың  бойында 

ғылым  мен  өнердің  тоғысқан  үлкен  біліктілігін  қалыптастыру  мақсатында  оларға  өз  ойынан  өлең 

шығару, ертегі, әңгіме құрастыру үшін шығармашылық тапсырмалар орындатылады. 

Әлемдегі өркениетті Румыния, Венгрия, Польша, Латвия т. б. елдерінде       «Күтілетін нәтижеге 

бағдарланған  білім беру  моделіне  (НББМ)  яғни білім  берудің  мақсатын,  мазмұнын,  технологияларын 

оның нәтижесіне қарап бағалайтын модельге көшіп отыр.  

Ұлттық  бәсекелестікке  қабілетті  оқушы  ол  тек  білімділік,  мәдениеттілік  деңгейімен 

айқындалады. 

Осы креативтік технология бойынша ұлттық білім беру моделі төмендегідей: 

оқытудың стандарт шеңберімен шектелмей, балама бағдарламалар пайдалану



оқушыларды біліміне, қабілетіне, дарындылығына, сұранысына, өнеріне сәйкес деңгейлеп, 

саралап оқыту; 



ұлттық тіл, салт-дәстүр, дүниетаным, атакәсіп, ұлттық бай тәжірибе негізінде тәрбиелеу; 

оқытуды демократияландыру, ізгілендіру; 



 - бағалау, тексеру және жетілдіру әдістерін тиімді пайдалану [3.76].  

Осы  ұлттық  білім  моделін  пайдалану  кезінде  халқымыздың  «Басында  бұлағы  бар  өзен  ұзақ 

ағады» деген сөзі естен шығарылмайды. 

Көптеген ғалымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, ал креативтілікті 

дамыту  тек  шығармашылық  әрекетте  жүзеге  асады  деген  тұжырымды  қолдайды.    Демек, 

шығармашылық  даралықты  қалыптастыру  әлеуметтік  ортаға    тәуелді.  Мектепте    танымдық  процесті 

ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін дамыту іске асырылады.    Креативтілік туралы 

айтқанда  шығармашылық  ойлау  ғана  емес,  тұлғаның    құзыреттілігі  мен  білім  сапасы,  сұранысы 

ескеріледі.  

Білім беру жүйесінің тиімді көрсеткіші зерттеушілердің пікірі бойынша, білім беруді дамытудың 

тиімді және маңыздысы -  тұлғаға бағытталған оқыту. Мұндай оқыту тек біліммен ғана қаруландырып 

қоймай, ең алдымен оқушылардың танымдық шығармашылық күштерін қалыптастырады. Креативтілік 

оқушының даралығы мен  бірегейлігін көрсетеді.  

Философия  мен  психологияда  «креативтілік»  категориясын  зерттеу  мен  анықтауда  негізгі  төрт 

бағыт айқындалды: 

1.  Креативтілік  –  шығармашылық  процесс;  Зерттеушілердің  бұл  пікірімен  келіспеу  мүмкін 

емес.  Өйткені,  креативтілікті  дамыту  тұлғалық  дамудың  басты  көрсеткіштерінің  бірі,  тек  қана 

креативтілік адамның өзінің даралығы мен  зеректігі

2.  Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім; 

3.  Креативтілік – интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет; 

4.  Креативтілік – тұлғалық категория, мінез-құлық ерекшелігі.  

Осы  төрт  бағыт  өзара  байланысты:  креативті  тұлға  креативті  процеспен  айналыса  отырып, 

креативті нәтиже береді [4.283]  

Педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  профессор  Ж.  Нұржанның  «Қазақ  тілін  оқыту 

технологиясы» атты әдістемелік оқу құралында төмендегідей: 

Креативті (біліктер-елестету, агглютинация-жалғастыра алу, схематизация-сүлбелеу, типизация-

топтастыру,  акцентировать-  негізгісін  бөліп  көрсете  алу,  гиперблизация-әсірелеу  )  деп  көрсетілген. 

Әрекетті басқару объектісі креативті білім беру мен тәрбиелеу процесі. 

Бүгінгі  таңда  білім  саласының  алдында  жүйелі  дайындалып  берген  білімді,  дағдыларды 

меңгеретін, кайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, 

бір  тума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін  жеке  тұлға  қалыптастыру  міндеті  тұр.  Бұл  әрине 

оқушылардың  шығармашылық  әрекетін  дамытудың  маңызды  мәселе  екендігін  дәлелдейді.    Жалпы 

оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген.  

Оқушылар  бойында  «шығармашылық  әрекет  тәжірибесін»  қалыптастыру  қажеттігі  туралы  80-

жылдары-ақ И.Я.Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі. 

В.В. Давыдов «жеке тұлга негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның 

жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты» деп есептеген.  

Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктер оқу әрекетінде көрінеді. Даму ұғымы -оқуға 

кұштарлық,  алға  ұмтылушылық,  ынталылық.  Жасөспірімдік  кезеңде  оқушыоқу  әрекетінің  жеке,  дара 

субъектісі  ретінде  дами  бастайды,  В.В.Давыдов  шығармашылық  тұлғаның  сипаттамасы  деп  осыны 

есептейді. 

 Оқушының  шығармашылық  тұлға  болып  қалыптасуын  В.В.Давыдов  өзінің  «Дамыта  оқыту 

теориясы»  еңбегінде  көрсеткен.  Бұл  еңбекте  ғалым  «Тұлғаны  еркін  шығармашылық  әрекеттің 

субъектісі, ол адамның еркіндікке деген қозғалысы» дейді.  

Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы онын шығармашылықты, 

жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті. 

Ал  сонғы  жылдары  карастырып  отырылған  мәселенің  зерттелуі  жаңа  қырында  көрінді. 

В.И.Слободчиков  оқушы  өміріндегі  басты  оқиға  -  өзіндік  «Менін»  ашу,  адамдар  қарым-қатынасы 

жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну деп есептейді. 

Педагогика,  психология  саласындағы  ғалымдардың  зерттеулерін  басшылыққа  ала  отырып, 

оқушылардың  креативтілігін  дамытуда  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болатын  төмендегідей 

қағидаларды айқындауға болады: 

оқушының жеке психологиялық ерекшелігін ескеру; 



оқу-тәрбие процесінде оқушының танымдық әрекетінің басым болуы

оқушылардың  ішкі  сезімдерінің,  яғни  оқуға  деген  жағымды  көзқарасының  оянуын 



белсендіруге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру; 

тұлғаның адамгершілік, интеллектуалдық, т.б. қасиеттерін дамыту; 




сабақтардағы  оқу-тәрбие  құралдарының,  формаларының,  әдістерінің  нақты  бір  мақсатқа 

бағытталып, түрленіп отырылуы. 

Осы  қағидалардың  жүзеге  асырылуы  оқушының  даму  деңгейінің  өсіп,  ой  еңбегін  өзіндік 

ұйымдастыра білуіне жетелейді. 

  Білім  берудің  сапасын  жақсарту  мақсатында  К.Окуниннің  «Проблемалық  оқыту», 

В.Шаталовтың  «Тірек  сигналдарын  пайдалана  оқыту»,  Ж.Қараевтың  «Деңгейлік  саралап    оқыту», 

М.Жанпейісованың  «Оқытудың  модульдік  технологиясы»  мектеп  тәжірибесінде  кеңінен  қолданылып 

келеді. 

Бұл оқыту технологиялары оқушыны жан-жақты дамытуға, оқушының қызығушылығын оятуға, 

оқу іс-әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамытуға негізделген.     

Оқу  технологиясы  педагогикалық  шеберлікпен  өзара  байланысты.  Оқу  технологиясын  жете 

білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске 

асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді. 

Педагогикалық  технологиялардың  белгілеріне    тоқталатын    болсақ:  оқудың  дәстүрлі  (қайта 

жасау  –  репродуктивті)  технологиясы білім,  ептілік және  дағдыларды  ұсынуға  бағытталған.Ол  өтіліп 

жатқан  материалдың  игерілуін,  қайта  жамсау  деңгейіндегі  білім  сапасының  бағалануын  қамтамасыз 

етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. 

Ол  бүгінгі  таңда  да  кең  таралған  (әсіресе  орта  мектепте).  Оның  мәні:  жаңаны  игерту  –  бекіту 

қадағалау – бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу.  

Технология  негізіне  табысты  өмір  тіршілігін  қамтамасыз  ететіндей  білім  ауқымын  анықтауға 

мүмкіндік  беретін  және  оны  оқушыға  жеткізу  жолын  көрсететін  білімдік  бағыт  –  бағдарлама 

(парадигма) алынады. 

 

Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  озық  технологияларды    ұтымды  пайдалану  оқушының  танымдық 



және ақыл–ой белсенділігін арттырады.         

Қазіргі  Отандық  жаңа  білім  жүйесі  «Мәдениет,  Білім,  Тарих»  үштағанына,  ал    негізгі  талап 

«Сапа, Құзіреттілік, Бәсекеге қабілеттілік » 

үштағанына негізделіп, Қазақстанда білім алған адамдар  еліміздің  түпкір-түпкірінде сұранысқа 

ие бола алатын дәрежеде болуы  көзделіп отыр. 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту      тұжырымдамасы.  – 

Астана: 26 желтоқсан, 2003-7б. 

2. А.В.Хуторской. Учебник для ВУЗ-ов-СПб; Питер, -2001-544с. 

3. Кларкин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе .-М.:Танио,   1989.  

4. Хуторской А.В. Современная дидактика. – Санкт-Петербург: 2001-442с. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет