7. Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын және бірлескен
білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру тәртібі
Ескерту. Қағида 7-тараумен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
117. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу процестері қазақстандық
азаматтардың шетелдік білімге кеңінен қол жеткізуіне, оның сапасы мен тартымдылығын
арттыруға, білім алушылардың, оқытушылар мен академиялық персоналдың академиялық
ұтқырлығын кеңейтуге бағытталған.
118. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің нысаны екі
диплом бере отырып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Екі дипомдық білім бір жоғары оқу орнының ішіндегі сияқты екі әріптес жоғары оқу
орнының арасында да іске асырылуы мүмкін.
119. Екі дипломды білімнің бағдарламалары – әріптес университеттердің білім беру
бағдарламаларының салыстырмалылығы мен үйлесімділігіне негізделген және тараптардың
бағдарлама мақсаттарын айқындау, оқу жоспарын дайындау, оқу процесін ұйымдастыру,
берілетін дәрежелер немесе берілетін біліктіліктер сияқты мәселелер бойынша ортақ
міндеттерді қабылдауымен сипатталатын бағдарлама.
120. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары екі әріптес жоғары оқу орны
арасындағы келісім негізінде әзірленеді.
Бұл ретте екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асырудың маңызды шарттары
мыналар болып табылады:
1) екі әріптес жоғары оқу орнының келісілген білім беру бағдарламасын және оқу
жоспарын әзірлеуі және бекітуі;
2) екі дипломды білім беруге енгізілген студенттердің әріптес жоғары оқу
орнындағы білім беру бағдарламасының бөліктерін меңгеруі;
3) уағдаластықтар, жалпы принциптер мен сапаны қамтамасыз ету стандарттары
негізінде әріптес жоғары оқу орнында оқыту кезеңдері мен нәтижелерін міндетті тану және
автоматты түрде сынақтан өткізу;
4) оқытушыларды екі дипломдық білім беруге тарту: білім беру бағдарламасы мен оқу
жоспарын бірлесіп әзірлеу, әріптес жоғары оқу орнында оқыту, жалпы қабылдау және
аттестаттау комиссияларына қатысу;
5) екі дипломдық білім беру бағдарламасын толық меңгерген студенттерге әрбір
әріптес жоғары оқу орнының дәрежесі не уағдаластық негізінде бір бірлескен дәреже
беріледі.
121. Қажет болған жағдайда білім алушылардың екі дипломдық білім беру
бағдарламасын іске асырудың таңдалған моделіне қарай оны меңгеруінің ұзақтығы
бакалавриатта – 1-1,5 жылға, магистратурада – 0,5-1 жылға, докторантурада – 1 жылға
ұлғаяды.
122. Білім алушыларды екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізу рәсімдерін
өзара уағдаластық негізінде әріптес жоғары оқу орындары әзірлейді.
Аталған рәсімдер білім алушыларды өз жоғары оқу орнындағы екі дипломдық білім
беру бағдарламасына енгізу процесін және екі дипломдық білім беру бағдарламасына
шетелдік білім алушыларды қабылдау процесін көрсетеді.
123. Білім алушыны екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізу оның өтініші
негізінде және әріптес жоғары оқу орнымен жасалған келісімге (шартқа) сәйкес жүзеге
асырылады.
Білім алушылар әріптес жоғары оқу орнында қабылдау рәсімдерінен өтеді.
124. Екі дипломдық білім беру бағдарламасына енгізілген шетелдік білім алушылар
«білім алуға енгізілген» деген ерекше белгісі бар және оқытудың кезеңі, мерзімі, пәндер
саны және меңгерілетін кредиттер көлемі көрсетілген білім алушылардың жалпы
контингентіне қабылдаудың ұқсас рәсімдерінен өтеді.
125. Білім алушының жеке оқу жоспарына оқу пәндерінің тізбесі, олардың көлемі
(кредиттер мен сағаттар бойынша), семестрлер, бағдарлама меңгерілетін әріптес жоғары оқу
орындары бойынша бөлу, қайта есептеу тәртібі кіреді.
126. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы модульдік принцип бойынша
құрылады. Бұл ретте әрбір әріптес жоғары оқу орны модульдерді, олардың ақпараттық-
әдістемелік және дидактикалық сүйемелденуін әзірлеуді, оқытушыларды даярлауды және
сертификаттауды қамтамасыз етеді.
127. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
стандарттарының талаптарын және әріптес жоғары оқу орнының талаптарын ескереді.
128. Әріптес жоғары оқу орнындағы оқу төлемақысы жасалған келісім негізінде
жүзеге асырылады.
129. Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы мамандықтың
үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіне кіретін барлық пәндерді меңгеруі, сондай-ақ
таңдау бойынша пән ретінде әріптес жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасы бойынша
оқу жоспарына кіретін пәндерді меңгереді.
Екі тараптың білім беру бағдарламалары пәндерінің қамтылуы білім алушының жеке
оқу жоспарын жасау кезінде ескерілуі тиіс. Білім алушы практикалардың және қорытынды
аттестаттаудың барлық түрінен толық өтеді.
130. Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде оқытудың әртүрлі
технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылуы мүмкін.
131. Білім алушының жеке оқу жоспары қосымша білім беру модульдерін және жазғы
семестрлерді қамтиды.
132. Екі дипломдық білімнің оқу жоспарларын әзірлеу кезінде әріптес жоғары оқу
орындары оқыту траекториясын пәнді меңгеру, оқу және кәсіби практикалардан өту, аралық
аттестаттау рәсімдерінің тәртібін қоса отырып дербес айқындайды.
133. Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті компонент
пәндерін меңгерудің еңбек сыйымдылығы мақсаттылық және кәсіби бағдарлылық принциптері
негізінде әріптес жоғары оқу орындарының келісімі бойынша ұлғаяды.
134. Пәндерді және олардың өзара есебін тану рәсімі олардың мазмұны мен оқыту
көлеміне сәйкес жүзеге асырылады.
135. Оқытудың барлық кезеңі ішінде білім алушылардың әрбір модуль бойынша оқу
жетістіктері (академиялық көрсеткіштер) семестр аяқталған соң әріптес жоғары оқу
орындарына жіберіледі.
136. Әрбір оқу жылының соңында бағдарламаның тиісті модулін іске асыратын әріптес
жоғары оқу орны білім алушыға транскрипт береді.
137. Әріптес жоғары оқу орнында меңгерілген кредиттерді қайта есептеу, оқу
жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімдері бөлімше басшысының
(деканның) өкімімен ресімделеді.
138. Офис Тіркеуші есептелген пәндер мен кредиттер санын әріптес жоғары оқу
орнының белгісімен академиялық транскриптке енгізеді.
139. Оқу аяқталып, бағдарламаның әрбірі бойынша барлық талап орындалған соң білім
алушыға академиялық дәреже беру туралы белгіленген үлгідегі екі диплом және екі
транскрипт беріледі.
Бұл ретте дипломның жеке құжат ретіндегі нысаны (бір немесе екі ұлттық жоғары оқу
орнының дипломдарына қосымша берілетін), бірыңғай құжат ретіндегі нысаны (ұлттық
дипломдар берілмейтін, аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыратын
әріптес жоғары оқу орындары беретін) немесе бір мезгілде берілетін бірнеше ұлттық
дипломдар ретіндегі нысаны болады.
140. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары әртүрлі нысандарда іске асырылады:
1) екі білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен диплом;
2) мәртебесі әртүрлі екі диплом;
3) мәртебесі бірдей екі диплом.
141. Екі білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен диплом нысаны бір мезгілде екі
мамандық бойынша оқыту негізінде іске асырылады. Бұл жағдайда бір диплом беріледі (бұл:
екі мамандық бір мезгілде және екі транскрипт әрбір мамандық бойынша жеке көрсетілетін
жоғары оқу орындарының бірінің дипломы не өз жоғары оқу орнының транскрипті көрсетілген
бір дипломы және екіншісі нысаны әріптес жоғары оқу орындарының арасындағы келісім
бойынша анықталатын, транскрипті бар бірлескен диплом).
142. Мәртебесі әртүрлі екі дипломның нысаны екі әртүрлі білім беру бағдарламасы
бойынша оқыту негізінде іске асырылады (сендвич-бағдарламалар). Бұл жағдайда өз жоғары
оқу орнының транскрипті бар бір негізгі дипломы беріледі.
Қосымша екінші мамандық бойынша білім алушы екінші академиялық дәреже беру туралы
диплом (сертификат) және нысаны әріптес жоғары оқу орындарының арасындағы келісім
бойынша қабылданатын транскрипт беріледі.
143. Мәртебесі бірдей екі дипломның нысаны бір мамандық бойынша оқыту негізінде
іске асырылады. Бұл жағдайда өз жоғары оқу орнының, сондай-ақ әріптес жоғары оқу орнының
транскрипттерімен мәртебесі бірдей екі диплом беріледі.
144. Білім алушылардың қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарымен бір
мезгілде алған шетелдік әріптес жоғары оқу орындарының дипломдары Қазақстан
Республикасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес танылады.
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым
министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық
эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік жүйе
бойынша бағалау
Балдардың сандық
эквиваленті
Пайыздық мазмұны
Дәстүрлі жүйе бойынша
бағалау
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
Жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
Қанағаттанарлық
С
2,0
65-69
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым
министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_______________________________________________________________(жоғары оку орнының
атауы/ the name of High Educational
Estabishment/_______________________________________________________________ /наименовани
е высшего учебного заведения)
_______________________________________________________________Транскрипт /The
transcript/ Транскрипт
Серия №
Аты-жөні/Name/Ф.И.О.
________________________________________________________________________________________
___________________________Факультеті/Faculty/Факультет
____________________________________
_______________________________________________________________
Мамандығы/Specialty/Специальность ___________________________________
Түскен жылы/Year/Год поступления ____________________________________
Оқутілі/Language/Язык _______________________________________________
№
п/п
Пәндердің
атауы/
Courses/
Наименование
дисциплин
Кредит саны/
Credit
hours/
количество
кредитов
Бaғa/ Grade/Оценка
Пайызбен/
In persent/
в процентах
Әріптік/
Аlphabetі/
Буквенная
Балмен/ In
points/ в
баллах
Дәстүрлі жүйемен/
Traditional/
традиционная
1
2
3
4
5
6
7
Кәсіптік практиканы өтті/Has passed professional practice/ Прошел
профессиональные практики
Кәсіптік
практикалардың
түрлері/ The orm
of professional
practice/ Виды
профессиональных
практик
Практика
өту кезеңі
/the period
of passage
of
practice/
Период
прохождения
практики
Кредит
саны/
Credit
hours/
Количество
кредитов
Баға/Grade/Оценка
пайызбен/
inperse
t/ В
процентах
Әріптік
/alphab
ic/
Буквенная
Балмен/inpoints/
В баллах
Дәстүрлі
жүйемен/
Traditiona /
Традиционная
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state attestation/Итоговая аттестация
обучающихся
Мемлекеттік
емтиханды
тапсырды/ Has
passed the state
examinations/Сдал
государственные
экзамены
МАК-тың
хаттамасының
күні және нөмірі
Дата и номер
протокола ГАК/
date and number
of the report of
SAC
Баға/Grade/Оценка
пайызбен in
persent/В
процента
Әріптік/
alphabet c/
Буквенна
Балмен/in
points/В
баллах
Дәстүрлі
жүйемен/
Traditional/
Традиционна
Мамандығы
бойынша/On a
speciality/ По
специальности
Пәндер бойынша/ On
disciplines/ По
дисциплинам:
Қорытынды жұмысты орындады және қорғады/Has executed and has defended degree
work/Выполнил(а) и защитил(а) выпускную работу
Қорытынды
жұмыстың
тақырыбы/
Theme of
degree
МАК
хаттамасының
күні және нөм
ірі/date and
number of the
Кредит саны/
Credit hours/
Количеств
кредитов
Баға/Grade/Оценка
пайызбен
in persent/
В процента
Әріптік/
alphabet
c/
Балмен/in
points/в
баллах
Дәстүрлі
жүйемен/
Traditio
work/Тема
выпускной
работы
report of SAC/
Дата и номер
протокола ГАК
Буквенна
al/
Традицио
ная
ГАК
Жалпы кредит саны/Total Hours Passed/Общее число кредитов
__________
_________________________________________________________
GPA______________________________________________________
РЕКТОР/RECTOR /РЕКТОР (қолы/signature/подпись)
ДЕКАН/the DEAN /ДЕКАН (қолы/signature/подпись)
ХАТШЫ/SECRETARY/СЕКРЕТАРЬ (қолы/signature/подпись)
М.О М.П. Tipкeу №/vegistration №/регистрационный №
"___" ____________20___г.
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым
министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалауды балдық-рейтингтік
әріптік жүйесіне ауысу кестесі
ECTS
бойынша
баға
Әріптік жүйе
бойынша
бағалау
Балдардың
сандық
эквивалент
Пайыздық
құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша
бағалау
А
А
4,0
100
Өте жақсы
В
В+
3,33
85
Жақсы
С
В
3,0
80
D
С
2,0
65
Қанағаттанарлық
E
D
1,0
50
FX, F
F
0
0
Қанағаттанарлықсыз
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым
министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалауды балдық-рейтингтік
әріптік жүйесіне ауысу кестесі
Әріптік жүйе
бойынша
бағалау
Балдардың
сандық
эквивалент
Пайыздық
құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша
бағалау
ECTS бойынша баға
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
Жақсы
В
В
3,0
80-84
Жақсы
С
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
Қанағаттанарлық
С
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
D
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
E
F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
FX, F
Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым
министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |