Тақырып 3 Автоматтандырылған ақпаратты-өлшеуіш жүйелер мен кешендердің құрылымдық құрылысы және функционалдық қызметі
Дәріс жоспары
1. ИИСК, АСУ АСК, САК туралы жалпы түсініктер
2. ИИСК, АСУ, САК, АСК-ың тағайындалуы мен қолдану саласы.
3. ИИСК, АСУ және т.б. жоғарғы деңгейі.
4. ИИСК, АСУ және т.б. төменгі деңгейі
Ақпаратты кешендердің жалпы жіктелуі. Өлшеуіш ақпаратты жүйе (ӨАЖ) МЕСТ 8.437—81-ге сай функционалды біріккен өлшеуіш, есептеуіш және басқа да қосалқы біріккен техникалық құрылғыларды құрайды. Ол өлшеуіш ақпаратты алу, оны тұтынушыға (АӨЖ) сай керекті түрге түрлендіру немесе бақылау, диагностика жасау, идентификациялауды автоматты түрде орындап отырады.
Орындау функцияларына байланысты АӨЖ өлшеуіш жүйе (ӨЖ), автоматты бақылау жүйе (АБЖ), техникалық диагностика жабдықтары (ТДЖ), бейнені автоматты анықтау жабдықтары (БАТ), автоматтандырылған бақылау жүйесі (АБЖ), автоматтандыралған өлшеу жүйесі (АӨЖ) сияқты жүйелерге бөлінеді. Бұл жүйелер қазіргі кездегі АСУТП жүйелерінде қолданыс тапты.
Өлшенетін обьектіні сипаттайтын ақпарат АӨЖ қабылдайды, белгілі алгоритм бойынша өңделіп, нәтижесінде жүйе шығысында сол обьектінің қалпын сипаттайтын көлемді ақпарат (тек қана ақпарат) пайда болады. Өлшеуіш ақпаратты жүйелер басқа өлшеуіш жүйелерден және автоматты басқару жүйелерінен (АБЖ) елеулі түрде ерекшеленеді. Осылай АӨЖ, басқа күрделі жүйелердің құрылымына (байланыс және басқару жүйелеріне) ене отырып, осы жүйелердің ақпарат көзі бола алады. Ақпаратты қолдану АБЖ-ің функцияларына кірмейді, бірақ АӨЖ шығысында болатын ақпарат кейбір шешімдерді қабылдануға, мысалға белгілі экспериментті қолдануға өз септігін тигізеді.
Әрекеттестік сипатына қарай зерттелу обьектінің жүйелерін және олардың арасындағы ақпарат алмасу жүйелерін активті және пассивтіге бөлуге болады. Пассивті жүйелер обьектіден ақпаратты алады, активті жүйелер болса обьектіге сыртқы әсерлі құрылғы арқылы әсер етіп, қысқа уақыт мерзімде толығымен автоматты түрде сол объект туралы ақпарат алады. Бұндай құрылымдар түрлі объектілердің ғылыми зерттеулер автоматизациясы кезінде кең қолданады.
Ақпарат алмасу сипатына қарай АӨЖ-ің активті және пассивті обьектілері арасынан қайтымды байланыссыз және әсерлі қайтымды байланысты ӨЖ-ні айырады. Объектіге әсерді алдын ала бекітілген, объектінің әрекетін есепке алатын бағдарлама арқылы әсер етуге болады. Бірінші жағдайда объектінің әрекеті әсер етудің сипатына әсерін тигізбейді, осыдан эксперименттің жүрісіне де әсерін тигізбейді. Оның нәтижесі аяқ жағында операторға беріледі. Екінше жағдайда әсер нәтижелері әсер ету сипатында байқалады, сондықтан өңделу нақты уақытта жүргізіледі. Бұндай жүйелердің дамыған есептеуіш желісі болуы қажет.
Ұсынылатын әдебиет
1 Управляющие вычислительные машины в АСУ технологическими процессами. / Под ред. Т. Харисона. - М.: Мир, 1975, т1.- 530с.
2 Автоматизация измерений и контроля электрических и неэлектрических величин: Учеб. пособие для вузов. Н.Д. Дубовой и др.; под ред. А.А.Сазонова.- М.: Издательство стандартов, 1987
3 Николайчук О.И. Система малой автоматизации.- М.: СОЛОН-Пресс, 2003. 256с
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. Сұраққа жауап беру «Ақпаратты-өлшеу жүйелер мен кешендер деген не»
2. Сұраққа жауап беру «Автоматтандырылған өлшеу жүйелердің (АӨЖ) қандай негізгі блоктарын білесіз»
3. Сұраққа жауап беру «Автоматтандырылған бақылау жүйелерінің қандай негізгі блоктарын білесіз»
Достарыңызбен бөлісу: |