Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәрістердің қысқаша жазбасы



бет5/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
АИТП УМКДП каз

3 Дәрістердің қысқаша жазбасы


Тақырып 1 Технологиялық процестерді өлшеуді автоматтандырудың осы заманғы сұрақтары және оларды жетілдіру келешегі.

Дәріс жоспары


1. Автоматтандыру не. Автоматтандыру есептері
2. Өнеркәсіптегі технологиялық процестер
3. Қазіргі заманғы АСУТП және ИИСК

Адам еңбегінің өнімділігін арттыру – механизацияның арқасы деуге болады. Көп уақыт бойы ол адам еңбегін жеңілдетті, бірақ та оның толықтай қол еңбегінен немесе жұмыс орнында үнемі болуынан босатқан жоқ. Бақылау қорытындысының бағасы және тексерілген бұйымның алдағы тағдыры – оның жарамсыз не толықтыруға жіберу сияқты операциялар тек адам қолынан келетін, бірақ та бұл операциялар адам ой еңбегінің көптеп қолданылуын талап ететін. Сонымен бұл функцияларды қысқартуға болады, ол үшін адамды өз бетімен бұндай операцияларды орындай алатын механизмдерге ауыстырып қоюға болады. Үрдіс басқарудың функцияларын адамнан автоматты құрылғыға ауыстыру жаңа уақыттың басталуына негіз болды. Бұл уақыт автоматизация эрасы.


Электрониканың және есептеуіш техниканың қарқынды дамуы өндірісте, ғылыми зерттеулерде, күнделікті өмірде әр түрлі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Автоматизацияның шыңы деп адамды толығымен алмастыра алатын автоматтандырылған өлшеу және бақылау кешендердің пайда болуын айтады. Осындай жүйелер мен кешендердің мүмкіндіктері арқасында адамзат техникалық кемелге жетудің шыныңа тағы бір сатысына көтерілді.
Электрониканың ілгерілеуі бірталай жыл бойы автоматизацияның тұрмыстық техниканы құруына мүмкіндік беріп отыр. Автоматизацияның кешендері мен жүйелерінсіз технологиялық салалар мен өндіріс салаларын: технологиялық процестердің жетекшіліктің басқаруы мен жүйелерін, басқарушы және лабораторилық компьютерлерін, CAD-компьютерлерін, миникомпьютерлер және дербес компьютерлерін елестету қиын.
Бұл әрекеттегі ереже мен хаттамалардың бар болуын талап етеді. Егер де халықаралық стандарттау әрі қарай дамыса, қолданушы келешекте автоматизацияның әр түрлі компоненттерін, сонымен қоса әр түрлі өнім шығарушылардың компоненттерін біріктіріп қолдана алады. Бұл жерде ешқандай тосқауыл болмайды, өйткені автоматизация техникасында коммуникация әрқашан ашық.
Өндірістегі автоматизация техникасы өндірісте жоғары эффективтілігімен, сонымен қоса шығарылған тауардың бәсекеге қабілеттілігімен, еңбектің жеңілдеуі мен қауіпсіздігімен ерекшелінеді. Ол техникалық процестерді өздігімен орын алуына бағытталған. Бұл материалдар мен энергияның түрлендірулері, бақыланатын, электростансасындағы кернеу, прокатты және металл зауыттардағы кернеу, сонымен қоса химиялық пен өндірістік процестері.
Өндірісті ғасырдың басына қарай осыдан 150 жыл бұрын автоматты машиналар болды. Олар шынжыр мен бұранданы жасап шығарды. Бірақ та олар бұйымнан басқа нәрсе жасай алмады.
Осы ғасырдың басында химиялық өндіріс көп мөлшерде минералды тыңайтқыштар мен бояуларды шығарған кезде, сол уақыттағы автоматизация дәрежесі жоғары таң қалдырарлық жаңа фабрикалар пайда бола бастады. Автоматизацияның механикалық немесе электромеханикалық негіздегі құрылғылар өндірістің жеке процестерін басқара алды. Автоматизацияның түпкір бағыты өнімділікті арттыру болды. Жоғары өнімділік инвестициясы аз және көп мөлшерде шығаратын тауар шығаруда орын алды.
Келесі автомобильді өндіріс, өндіріс процестерінің автоматизациясын енгізді. Көп уақыт өтпей транспортты жол «конвейері» енгізілді. Стандартты конструкциядағы автомобильдер көпшілік өнім болды, оны халық сол түрде ала берді.
Бірақ өндірістің бұндай тұжырымдамасы нәтижеліліктің артуына негіз болды, бірақ та өзгермелі өнімнің және нарықтың шарттарына сәйкес керекті иілгішке ие болмады. Бірақ олар да бүгінгідей тез өзгермеді.
50-ші жылдардағы өлшеудің, реттеудің, басқарудың және бақылаудың техникасының алғашқы тәжірибесінен автоматизация техникасының қарқынды дамуы басталды. Энергетикалық техника саласы бұл жерде авангардты рөлін алды. Басқа түрлендіру процестердің аналогиясына қарағанда кейінде өндірістік технологиялар пайда болды.
60 жылдардың ортасына қарай ақпарат өңдеу құрылғыларына алдан ала таза өңдеуді енгізуді бастаған еді. Бұл құрылғы өндірістік үрдістен толығымен бөлінген болатын,автоматизация есептерін орындауға арналған процессорлар.
Автоматизация техникасындағы процессор, 60 жылдардағы металлургиялық зауыттың автоматизациясы туралы тұжырымдама.
Бұл процессорларға жай реттеуіштер, релелер немесе басқару жүйелелері бағынады.
Процессорлар сол кезде қымбат болғандықтан жоғары инвестициялы экономиялық негіздеме үшін оларды орталықты негізде көп есепті бір уақытта шешу үшін қолданды.
Металлургиялық және металлпрокатты зауыттарда химиялық өндірістің автоматизацияланған тұжырымдамалары пайда болды.
70 жылдардың ортасына дейін автоматизация негізінен көп сериялы өнімді шығаруда қолданыс тапқан еді. Өнім шығарушы өзінің өнімділік бағдарламасымен өз нарығын құрған. Сонымен стандартталған бұйымдардың бұрынғыдай өтімі болмайды. Ұсыным нарығынан нарық сұраныс нарығына көшті. Тапсырыс беруші бұйымды анықтап немесе оның нұсқаларын дайындап, ал әзірлеуші бұл нұсқауларға ілесіп, яғни сол сұранысқа қарай орындайды.
Сонымен бұйымдардың өздері құрылымдық өзгеріске ұшырап, қысқа уақыт мерзімі ішінде техниканың даму деңгейіне ілесуі қажет. Сондықтан да жоғарыда айтылғанға сәйкес бұйымдардың саны және олардың нұсқасының саны тұрақты өсіп отырады.
Бұл нарыққа деген өзгермелі талаптар мен өспелі қаныққаншылдық автоматизацияның түпкір көзқарасын өзгертіп жіберді.

Ұсынылатын әдебиет


1 Управляющие вычислительные машины в АСУ технологическими процессами. / Под ред. Т. Харисона. - М.: Мир, 1975, т1.- 530с.
2 Автоматизация измерений и контроля электрических и неэлектрических величин: Учеб. пособие для вузов. Н.Д. Дубовой и др.; под ред. А.А.Сазонова.- М.: Издательство стандартов, 1987
3 Николайчук О.И. Системы малой автоматизации.- М.: СОЛОН-Пресс, 2003. 256с

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары


1. Сұраққа жауап беру «Технологиялық процестерді өлшеудің автоматизациясы не үшін қажет»
2. Сұраққа жауап беру «Автоматизацияның даму болашағы қандай»
3. Сұраққа жауап беру «Микропроцессор деген не»
4. Сұраққа жауап беру «Микроконтроллер деген не»
5 Сұраққа жауап беру «Автоматиканың локалды жүйесі деген не»
6 Сұраққа жауап беру «Кіші автоматизация жүйесі деген не»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет