Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 60 сағат


  Дəрістік кешен (дəріс  тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата11.01.2017
өлшемі0,94 Mb.
#1694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5.  Дəрістік кешен (дəріс  тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, 
қажетті əдебиет тізімі). 
№1 дəріс 
Тақырыбы: Кіріспе 
Дəрістің мазмұны:  
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсы жəне оның міндеттері. 
2. Қазіргі кезендегі тарихи процестерді зерттеудің əдістері мен тəсілдері.   
Қазақстанда  Коммунистік  Кеңестік  жүйенің  қалыптасуын,  құрылуын, 
дағдарысын,  құлауын  жəне  тəуелсіз  Қазақстан  Ресйпубликасының  нығаюы 
мен  оның əлемдік қауымдастықтағы орнын зерттеу.  
Курстың мақсаты: 

 
48 
Қазақстан  тарихы  пəнiн  оқытудың  мақсаты  –  студенттердi  фактiлiк 
жəне  теориялық  мəселелер  кешенiмен  таныстыру,  Қазақстан  территориясын 
қоныстанған  тайпалар  мен  халықтардың  тарихы  мен  мəдениетi  туралы, 
олардың  этникалық  жəне  мемлекеттiк  құрылысының  дамуының  тарихи 
заңдылықтарын  ашу.  Студенттердiң  тарихи  ғылыми  дүниетанымын 
қалыптастыру,  олардың  танымдық  қабiлеттерiмен  негізгі  деректер  мен  
мəлiметтерге  сүйеніп  тəжiрибелiк  жұмыс  жасау  дағдыларын  дамыту,  Отан 
сүйгiштiк 
сезiмдерiн 
қалыптастыру, 
бүкiл 
адамзаттық 
тарихи 
құндылықтарды ұғындыру. 
Əдебиет: Қазақстанның тарих ғылымы.-Алматы, 2005. – 110-125 бб. 
№2 дəріс 
Тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстан мəдениеті 
Дəрістің мазмұны: 
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы, негізгі кезеңдері 
2. Деректер мен құжаттарға сипаттама 
•  ХҮІІІ  ғасыр-ХХ  ғасыр  ІІ  жартысындағы  оқиғалардың  жаңа 
теориялық-методологиялық көзқарас тұрғысынан,  
•  кеңестік саяси жүйенің қалыптасу процессін;  
•  ЖЭС-тің мəнін талдау;  
•  қазақ  қоғамының  большевиктік  модерназициялаудың  мазмұны  мен 
салдарын; 
•  Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысына  қатысуы  мəселелерін 
көрсету;  
•  Коммунистік  партияның  саяси  жəне  экономикалық  реформалаудың  
негізін, большевиктердің ұлттық саясатының мəнін анықтау;  
•  əміршіл-əкімшіл 
жүйенің 
 
күштеу 
үрдісін; 
тоқырау 
құбылыстарының  себептерін;  кеңестік  социолизмнің  дағдарысы 
жəне КСРО –ның ыдырауын;  
•  Тəуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін;  
•  Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саяси қызметін ашу;  
•  Қазақстан  тарихы  тəуелсiздiк  алғаннан  кейiн өзiнiң дамуында  жаңа 
сипатқа  ие  болды.  Тарих  ғылымындағы  өзгерiстердi,  олардың  даму 
процесi  жəне  Қазақстан  тарихының  зерттелмеген  кейбiр  кезеңдерi 
бойынша əлi де ортақ тұжырымдар қалыптаса қойған жоқ.  
Əдебиет: Қазақстанның тарих ғылымы.-Алматы, 2005. – 110-125 бб. 
№3 дəріс 
Тақырыбы: Қазақстан ХХ ғасыр басында 
Дəрістің мазмұны:  
1. Қазақстанның саяси-қоғамдық құрылысы, оның отарлық сипаты 
2. Қазақ өлкесінің шаруашылығы, негізгі бағыттары 
1.  Жаңа  кезеңде қазақ буржуазиясы  мен ұлттық  интеллигенция өкілдері 
отаршылдыққа  қарап  күресті  басқарды.  1902  жылдардан  бастап-ақ  патша 
өкіметі  күзетшілері  қазақ  халқы  арасына    таратыла  басталған,  астыртын 
өкіметке  қарсы  панисламдық  рухтағы  үндеулерді  ұстай  бастады.  1905 

 
49 
жылдың  жазында  азаттық  қозғалысы  жаңа  сипат  ала  бастайды.  Өлкеде 
жəрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, 
қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды. 
Қарқаралы  қаласы  маңындағы  Қоянды  жəрмеңкесінде  1905  жылы  25 
июльде  өткізілген  Қазақ  съезі  Министрлер  Кеңесінің  төрағасына  петиция 
қабылдады.  Негізгі  талаптар  төмендегі  пунктерден  құралды:  орталық 
губерниялардан шаруаларды шетке қоныстандыруы тоқтату; қазақтарға жеке 
діни  басқарма  ұйымдастыру;  цензураны  жою;  қазақ  тілінде  арнаулы  іс-
қағаздарын жүргізу; сайланбалы өкілетті соттар жүйесін енгізу; Мемлекеттік 
Думаны шақыру жобасын жасау кеңесіне қазақ депутаттарын қатынастыру. 
Дəл  осы  уақытта  қазақ  депутаттары  1905-1906  жылдары  Бүкілресейлік 
мұсылман  съездері  жұмысына  қатысты.  Қазақ  депутаттарының  бірі 
Шахмардан  Қожағұлұлы  “Иттифақ-аль-Мусдумин”  (“Мұсылмандар  Одағы”) 
партиясының  Президиум  мүшесі  болып  сайланды.  1905  жылдан  бастап 
мұсылман  баспасөздерінде  жəне  орыс  оппозициялық  баспаларында  қазақ 
авторларының саяси мақалалары шыға бастайды. 
1905  жылдың  соңында  Орал  қаласында  Бірінші  Жалпы  —  қазақ  съезі 
болып  өтті,  мұнда  қазақтың  ұлттық  саяси  партиясын  құру  мақсаты  алға 
қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің 
тұрғылықты халқының  мүддесін  қорғау  негізінде  болуы  керек  делінде.  Ұлт-
азаттың  күрес  басында  қазақ  интеллигенциясының  көрнекті  өкілдері  тұрды. 
Əлихан  Бөкейхан,  Міржақып  Дулат,  Бақытжан  Қаратай,  Мұхаметжан 
Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын жəне т.б. 
Қазақ  оппозициясының  бірігуінен  қорыққан  патша  өкіметі,  олардың 
жетекшілеріне  қарсы  жазалау,  құдалауды  күшейтті.  1906ж.  қаңтарында 
Семей  қаласында  ІІ-жалпы  қазақ  съезін  ұйымдастыруға  аттанған  Əлихан 
Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында 
өткізіп,  мұның  жұмысына  150  делегат  қатысты.  Съезде  ресей  кадеттерінің 
жоспары  мақұлданып,  мұндағы  Қазақстан  жерінің  қазақ  халқының  меншігі 
деп қарастыру, мектептер медреселер ашу заңын қабылдау жəне шаруаларда 
жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды. 
Бірақ, бұл талаптар, Əлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық 
комитетінің 
құрамында 
болуына 
қарамастан, 
кадет 
партиясының 
басшылығынан  қолдау  таппады.  Құғындау  мен  тұтқындаулар  қазақ 
патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ 
саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума 
мінбесін    белсенді  түрде  қолдана  бастады,  қазақтың  саяси  баспасөзі  пайда 
болды. 
2.  Қазақстанды  түпкілікті  отарлаудан  кейін  Ресей  оның  қазба 
байлықтарын интенсивті түрде игере басталды. Пайдалы қазба байлықтарын 
іздеу  жедел  жүргізіле  бастады.  Орыс  капиталистері  өз  капиталдарын  сала 
бастады.  Əсіресе  тау-кен  өнеркəсібі  игеруге  капиталдарын  жұмсау  күшті 
жүргізілді.  Ауылшаруашылық  өнімдерін  алғашқы  өңдеу  заводтарын  дамыту 
одан  əрі  жүргізілді.  Реформадан  кейінгі  Ресейде  капитализмнің  дамуы  тау-

 
50 
кен  өндірісін  дамытумен  тығыз  байланысты  болды.  Қаржы  министрлігіне 
қарасты тау-кен бөлімдері құрылды. 
Алдау-арбау  жолдары  арқылы  жəне  жалған  құжаттар  арқылы  орыс 
кəсіпкерлері  қазақтардан  өте  бай  кен  орындарын  жалға  жəне  сатып  алды. 
Мысалы,  ХІХ  ғасырдың  50-жылдарында  қазақ  байлары  орыс  көпесі 
Ушаковқа Қарағанды көмір орнын 255 сомға орыс көпесі Ушаковқа, Саранск 
көмір орнын — 144 сомға, Жезқазған мыс кенін — 100 сомға сатып жіберді. 
Бұл  кен  орындарын  орыс  капиталистері  аяусыз  жəне  айуандықпен 
пайдаланды.  Бұлардың  негізінде  Спасско-Воскресенск    жəне  Успенск  мыс 
рудниктері  құрылды.  Бұл  өндіріс  мекемелерінің  өндірістік  күші  мардымсыз 
болды. 
Тау-кен  өнеркəсібі,  негізінен,  Қазақстанның  орталық  жəне  шығыс 
облыстарында  шоғырланды.  Қазақстанда  80-жылдардың  басында  металл 
жəне  көмір  өндіру  50-жылдармен  салыстырғанда  бірнеше  рет  өсті.  Əсіресе 
бұл  өсу  Қарағанды  кенінде  Успенск  мыс  руднигінде,  Спасск  мыс  қорыту 
заводында  жақсы  байқалды.  ХІХ  ғасырдың  соңында-ақ  Қазақстан  Орал  мен 
Кавказдан кейінгі Ресейдің негізгі мыс өндіру ауданы болды.  
Тау-кен  өнеркəсібінің  пайдалы  саласы  алтын  өндіру  болып  табылды, 
əсіресе бұм сала ХІХ ғ. 70-80 жылдарында қатты дамыды. 1882-1892 жылдар 
аралығында  алтын  өндіру  13,31  пұттан  23,38  пұтқа  дейін  өсті.  Алтын 
өндірушілер  өздерін  уақытша  қожайындармыз  деп  есептеді.  Олар  аз 
уақыттың  ішінде  көбірек  пайда  табуға  ұмтылды.  Бай  кен  орындары  тез 
сарқылды жəне тасталды. 
Қазақстанда  орыс  капиталы  негізінде  ірі  тау-кен  өнеркəсібін  құрудың 
бірінші  талпынысы  90-жылдардың  соңында  болды.  1899  жылы  Воскресенск 
тау-кен  өндірісі  қоғамы  құрылды.  Бұл  акционерлік  қоғам  Павлодардан 
Балқашқа дейінгі тас көмір, мыс, күміс-қорғасын бар зор даланы жалға алды. 
90-жылдарға сонымен қатар Ембіде алғашқы мұнай компанияларының пайда 
болуы келеді. 
ХІХ-ғасырдың  аяғында  ескі  тау-кен  өнеркəсібін  екінші  орынға 
ығыстырған ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркəсібі де дамыды. 
Ауылшаруашылық  шикізаттарын  өңдейтін  кəсіпорындардың  көпшілігі 
майда  болды,  техникасы  өте  нашар  дамыды.  Бұл  кəсіпорындарда,  негізінен, 
жұмысшылар  саны  5-10  адамнан  аспады.  Бірақ  кəсіпорындар  саны  көбейе 
берді, сонымен бірге мұнда жұмыс жасайтын адам саны да жəне өнім өндіру 
де  арта  түсті.  Толық  емес  есепке  қарағанда,  1886  жылы  Қазақстан 
территориясында  ауылшаруашылық  шикізаттарын  өңдейтін  1028  шағын 
кəсіпорын  болса,  онда  1895  жылы  олардың  2124  болды,  ал  жұмысшылар 
саны 3432-ден 5493-ке өсті. 
ХІХ  ғасырдың  соңында  Қазақстанда  өнеркəсіп  Орталық  Ресейдің 
капиталистік  өнеркəсібіне  қарағанда  анағұрлым  баяу  өсті.  Қазақстанның  ірі 
кəсіпорындары  жергілікті  кіші  өнеркəсіп  негізінде  емес,  сырттан  капитал 
алып  келу  негізінде  өркендеді.  Патшалық  отарлау  саясаты  Қазақстанды 
шикізат  қоры  ретінде  ғана  дамытып,  өлкенің  өнеркəсібін  мəңгілік  артта 

 
51 
қалуына  əкелді.  Мұның  бəрі  техникалық  прогресті  тежеді,  жұмысшыларды 
ауыр жағдайға душар етті. 
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы(көне  дəуірден  бүгінге  дейінгі)  ІІІ  том. 
А,Атамұра, 2002. 
№4 дəріс 
Тақырыбы: Қазақстан ХХ ғасыр басында 
Дəрістің мазмұны:  
1. Əлеуметтік құрылымы мен оның ұйымдастырылуы 
2. Қазақстанның мəдени-рухани дамуы, ерекшелектері 
ХІХ  ғ.  аяғында  көпшілік  қалаларда,  деревнялармен  ауылдарда  көптеген 
мектептер  ашылды,  политехникалық  жəне  əйелдердің  білім  алуы  жолға 
қойылды.  Көптеген  мектептердің    жанынды  интернаттар  ашылды.  ХІХ  ғ. 
аяғына  қарай  Қазақстанда  4  мың  оқушысы  100  ден  аса  екі  сыныптық 
мектептер болды. 
Орыс-қазақ  мектептерінің  неғұрлым  қабілетті  түлектері  Ресей  жəне 
шетелдердің  кадет  корпустары  мен  жоғары  оқу  орындарына  түсіп,  білім 
алды.  Омбы  жəне  Неплюев  кадет  корпустары  қазақ  жастарының  қатарынан 
жергілікті отыршылдық аппарат үшін шенеуніктер даярлады. Көпшілік қазақ 
жастары 
Санкт-Петербург 
университетінде, 
Əскери-медициналық 
Академияда,  Қазан,  Томск  университеттерінде  жəне  басқа  да  жоғарғы    оқу 
орындарында оқиды. 
Дəстүрлі  білім  беру  одан  əрі  жалғаса  берді.    Қазақ  отбасында  ұл-қыздарды 
5—6 жасқа толғанша үйде оқытты, бұдан кейін олар үш сыныптық мектепке 
түсіп,  грамматика  мен  арифметиканы  оқиды.  Медресенің  оқу  жоспарына 
араб  филологиясы,  діни  құқық,  діни  философия  сияқты  пəндер  кірді. 
Оқушылар  сондай-ақ  жалпы  білім  беретін  пəндерді  мен  медицина 
ғылымдарының негіздерінен дəріс алды. 
Медреслерді  жеке  кісілер  өз  қаражатымен  ұстады.  Мемлекет  білім  берудің 
дамуына болар-болмас қана қаражат бөлді. 
Медреседе бірнеше дарісхана (сынып бөлмелері), кужра (оқушылар тұратын 
бөлмелер), жуынатын бөлмелер жəне асхана болды. Оқушыларды шəкірттер 
деп,  ал  ұстаздарды  —  мударистер  деп  атады.  Ұстаздық  қызметке  40  жасқа 
жеткен,  медресені  бітірген  деген  құжаты  бар  кісілері  қайбылдайтын.  Олар 
жылына  700  сомға  дейін  табыс  тапты.  Оқу  жылы  қыркүйек-қазанда 
басталып, мамыр-маусымда аяқталатын. 
Мектептер  мен  медреселерде  тек  ауқатты  адамдардың  ғана  емес,  сондай-ақ 
кедейлердің  де  балалары  оқиды.  Мұсылман  оқу  орындары  қазақ  жастарын 
шығыс мəдениетіне тартуда үлкен рөл атқарды. 
Капиталистік  Ресейдің  сұраныстары  ұлттық  шеткі  аймақтарды  анағұрлым 
терең  ғылыми  зерттеуді  қажет  етті.  ХІХ  ғ.  Екінші  жартысында  Қазақстан 
территориясында  ғылыми  мекемелер  мен  Ресейдің  əр  түрлі  ғылыми 
қоғамдарының филиалдары (бөлімшелері) құрылды. 
1867  ж.  ИРГО-ның  Орынбор  бөлімі  құрылып,  ол  Қазақстанның  батыс  жəне 
солтүстік  бөлігін  ғылыми  зерттеу  бастамасын  өз  қолына  алды.  Бөлімнің 
мақсаты мен міндеттері Орынбор генерал-губернаторының сөзімен айтқанда 

 
52 
“орыс капитализмнің мүддесі үшін жəне жергілікті халықты орыстандыруды 
көздей  отырып  өлкенің  табиғи  байлығын  қарқынды  түрде  пайдалану 
мақсатымен  оның  өндіргіш  күштерін  зерттеу  болды.  “Алайда  орыстандыру 
саясаты  тек  Орынбор  өлкесін  мекен  еткен  əр  түрлі  тайпалардың  мінез-
құлқын,  тарихын,  қасиеттерін,  дінінің  кемшіліктері  мен  намыс-сенімдерін 
мұқият зерттеген жағдайда ғана нəтижелі болады. Мұндай таным-білімдерсіз 
əрекет ету қиынға соғады, дəлірек айтқанда тек жорамалдап қана əрекет етуге 
болады”. 
Елдің  шығыс  аудандарын,  ең  алдымен  Сібір  мен  Қазақстанды  игеру  ИРГО-
ның  Батыс-Сібір  бөлімін  ашуды  қажет  етті.  Бөлімнің  негізгі  міндеті  Батыс 
Сібір  мен  Қазақстанда  географиялық,  жаратылыстану,  тарихи  жəне 
этнографиялық жағынан зерттеу болды. Бөлімнің жекелеген мүшелерінің сол 
кезде Батыс Сібірдің құрамына кірген Солтүстік Қазақстанға сапары ерекше 
маңызды болды. 
1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен ХІХ ғ. Аяғында 
ташкент  қаласы  елдің  ірі  ғылыми  орталығына  айналады.  Орта  Азия  мен 
Қазақстанды  неғұрлым  тереңірек  зерттеу  мақсатымен  1897ж.  ақпанда  Орыс 
географиялық  қоғамының  Түркістан  бөлімшесі  құрылады.  Бөлім  негізгі 
міндеттерінің бірі деп  Ресейдің  жаңа  территориясын географиялық  жағынан 
зерттеу деп есептеді. Алайда бөлімнің кейбір мүшелері Орта Азияның табиғи 
жағдайларын  зерттеумен  шектелік  қалмады.  Олар  Оңтүстік  Қазақстан  мен 
Орта  Азияның  тарихы,  əлеуметтік-экономикалық  жағдайы  туралы  көптеген 
мақалалар жазды. 
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы(көне  дəуірден  бүгінге  дейінгі)  ІІІ  том. 
А,Атамұра, 2002. 
№5 дəріс 
Тақырыбы:  Қазақстан  1905-1907  жж.  І  Ресей  революциясы  мен  азаттық 
қозғалыстың өрлеу жолдарында 
Дəрістің мазмұны: 
1.  XX ғасырдың басындағы əлеуметтік-экономикалық жəне  саяси дамуы  
 2.  1905-1907  жж  революциялық  оқиғалар.  Қазақ  интеллигенциясының 
қоғамдық-саяси қызметі 
1.  Қазақстанда  жұмысшы  қозғалысының  өрлеуі,  социал-демократиялық 
үйірмелер 
мен 
топтардың 
пайда 
болуы 
жер 
аударылған 
орыс 
революционерлерінің  көмегімен  жəне  инициативасымен  болды.    Мысалы, 
Петропавловск  қаласында  1903  жылы  пайда  болған  социал-демократиялық 
топ  осында  жер  аударылған  бірнеше  социал-демократтар  -  Омбы  теміржол 
шеберханаларының жұмысшылары күшімен құрылды.  
Алғашқы  социал-демократиялық  үйірмелердің  бірі  1902  жылы  Орал 
қаласында 
“Уралец” 
газеті 
баспаханасының 
жұмысшылары 
мен 
қызметкерлері  арасында  құрылды.  Баспахана  жұмысшылары  бірінші  рет  бір 
күндік  ереуіл  өткізді.  Баспаханадағы  жұмысшы  үйірмесіне  басқа,  Орал 
қаласында  интеллигенция  өкілдерінен  тұратын  социал-демократиялық 
үйірме  болды,  үйірме  мүшелері  теміржол  жұмысшылары,  диірмен 

 
53 
жұмысшылары,  орта  оқу    орындары  оқушылары  арасында  жұмыс  жүргізіп, 
жалпы-білім жəне саяси тақырыптарында лекциялар оқыды. 
Осы жылдарда Ташкент қаласында алғашқы марксистік үйірме пайда болды, 
кейінірек осы үйірме негізінде социал-демократиялық топ құрылды. 
Бірінші 
орыс 
революциясының 
басталуымен 
Қазақстанның 
өңдіріс 
орындарында  да  толқулар  жиіледі.  Ең  ірі  ереуіл  1905  жылы  желтоқсанда  
Успенск  мыс руднигінде болды,  мұндағы  жұмыс істейтін 300 жұмысшының 
265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың 
жұмысшыларға  “мейірімсіз  жəне  сорақы  қатынастары”  себеп  болды.  Ереуіл 
9-желтоқсанда  басталып,  жұмысшылар  “Орыс-қырғыз  одағын”  құрды  жəне 
рудник  иелерін  өздерінің  алға  қойған  біраз  шарттарын  қабылдаттыруға 
мəжбүр етті. 
ХХ  ғасырдың  алғашқы  жылдарында  ереуілдер  теміржол  жұмысшыларының 
арасында  да  —  Сібір  темір  жолында  жəне  Орынбор-Ташкент  темір  жолы 
құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы 
жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты. 
Жұмысшы  қозғалыстары,  негізінен,  Қазақстанның  өндіріс  орталықтары  мен 
теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905—1907 жылдардағы ереуілдер 
мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, 
Перовскіде жəне т.б. жерлерде болды. 
1909-1910  жылдарда  жұмысшылар  ереуілдері  Қарағанды  өндіріс  орындары 
мен  Орталық  Қазақстан  мыс  рудниктерінде,  Өскемен  уезінің  алтын  өндіру 
орындары  мен  рудниктерінде  болып  өтті.  Өскемен  уезінің “Николай”  алтын 
өндіру  кенішінің  жұмысшылары  екі  ай  бойы  ереуілдеп,  олар  кəсіпкерлердің 
еңбекке  ақы  төлеу  тəртіптеріне  жəне  жарық  беру  ақысын  жұмысшылар 
мойнына ілуіне қарсы шықты. 
Жұмысшы  табының  жаппай  революциялық  толқулары  1912  жылдың 
көктемінде  Ленск  алтын  өндіру  кенішінде  жұмысшыларды  атқылауға 
байланысты  күшейе  түсті.  Қазақстанда  Риддер  жұмысшылар,  Екібастұз 
шахтерлері, 
Омбыда 
Раундруптың 
шойын 
балқыту 
заводының 
жұмысшылары  ереуілге  шықты.  12  майда  Спасск  мыс  қорыту  заводының 
жұмысшылары  ереуілге  шықты.  7  июльде  Ембі  мұнай  өндіру  кендерінде 
жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы 
Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда əлсіздеу болды. Социалистік 
идеялар  көшпелі  қауыммен  тығыз  байланысты  қазақ  жұмысшылары 
арасында  кеңірек  тарамады.  Қазақстан  территориясында  жұмыс  атқарған 
кішкене 
топтар 
мен 
социал-демократиялық 
үйірмелердің 
орталық 
басшылығы болмады жəне олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады. 
2.  1  жəне  2-ші  Мемлекеттік  Думалар  құрамына  қазақ  облыстарынан  да 
депутаттар  сайланды,  оның  ішінде  Павлодар  түрмесінен  босатылған 
Ə.Бөкейхан,  Ш.Қожағұлұлы,  Б.Қаратай  болды.  Олар  жаңа  аграрлық 
реформалар  жүргізуді  жақтап,  шаруаларды  шеткері  жаққа  қоныс  аудару 
саясатына  қарсы  шықты.  2-ші  Думаның  1907  жылғы  16-майындағы 
мəжілісінде 
Б.Қаратай 
орыс 
шаруаларын 
қоныс 
аударудың 
қазақ 
шаруашылығына тигізетін əсері туралы баяндама жасады. Мəжіліс төрағасы 

 
54 
депутаттың  сөзін  бөліп  тоқтатқанда,  Б.Қаратай  өзінің  атақты  “қазақ  халқы 
шаруашылардың 
жер 
мұқтаждығын 
өтеуде 
ірі 
жер 
меншіктерін 
конфискациялауды көздейтін кез келген Ресейлік оппозициялық қозғалысын 
қолдайды”  деген  мəлімдемесін  жасады.  Бірақ  қазақ  депутаттарының 
ұсынысы жауыпсыз қалдырылды. Керісінше, 1907 жылдың 3 июніндегі жаңа 
сайлау  заңы  бойынша  Орта  Азия  жəне  Сібір  халықтары  Думадағы 
депутаттық  орындардан  мүлдем  ажырады,  сайлау  құқынан  айырылды. 
Осыдан  кейін  қазақ  азаттық  қозғалысының  жетекшілері  мен  көсемдерін 
жаңадан  қудалау  басталды.  1908  —  Ə.Бөкейхан  екінші  рет  тұтқындалды,  ал 
1909ж.  июлінде  А.Байтұрсын  тұтқынға  алынды.  1910  жылы  ол  тұтқыннан 
босатылды, бірақ қазақ облыстарынан шеткері жерге қоныс аударылды. 
Əдебиет:  М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді. Алматы, 
1993. -208 б. 
№6 дəріс 
Тақырыбы:  Қазақстан  1905-1907  жж.  І  Ресей  революциясы  мен  азаттық 
қозғалыстың өрлеу жолдарында 
Дəрістің мазмұны: 
1. Столыпинның аграрлық саясаты жəне Қазақстан 
2. Ұлттық езгіге қарсы азаттық қозғалысының күшеюі 
Бірінші  орыс  революциясының  негізгі  міндеттерінің  бірі  елдегі  жер 
мəселесін шешу еді. Революция жеңіліп қалғаннан кейін, патша  өкіметі бұл 
мəселені  реформалар  арқылы  шешпек  болды,  яғни  билік  пен  жерді 
помещиктердің  қолында  қалдыра  отырып,  аграрлық  қатынастардағы 
дағдарыстың себептерін жоюға тырысты. 
Аграрлық  мəселедегі  реформалардың  авторы  патша  үкіметінің  ауыл 
шаруашылық  министрі  П.Столыпин  болды.  Реформалар  село  қауымын 
жойып,  деревняда  меншікшілердің  əлеуметтік  тобын  қалыптастыруға 
бағытталды.  Алайда  помещиктік  жер  иеленудің  сақталуы  жағдайында 
шаруаларға берілетін жаңа жерлер туралы мəселе тұрды. Осыған байланысты 
орыс  жəне  украин  шаруаларын  Қазақстан  жеріне  қоныс  аударудың  жаңа 
кезеңі басталды. 
ХХ ғ. басында патшаның Ресейдің ішкі губернияларынан шаруалардың қазақ 
даласына қоныс аударуы кең ауқым алды. Мысалы, 1906—1912 жж. Ақмола, 
Торғай,  Орал  жəне  Семей  облыстарына  430  мыңнан  аса  Қожалық  көшіп 
келді. 
 Жылдар                                              Қожалықтар 
1906                                                         25100 
1907                                                         81300 
1908                                                         80159 
1909                                                         67097 
1912                                                         41077 
Столыпинге Қазақстандағы “артық” жерлер туралы мəліметтер қажет болды. 
“Бос  жатқан  жерлерді”  анықтау  үшін  қазақ  шаруашылығын  зерттеу 
жүргізілді.  Патша  үкіметі  мен  қоныс  аударушылардың  қаптап  кетуі 
қамшылаған  санақшылар  мен  жер  бөлушілер  отарлаушылық  мақсаттарды 

 
55 
көздей 
отырып 
жергілікті 
халықтан 
артық 
жер 
ретінде 
қазақ 
шаруашылығының  қажеттіліктеріне  назар  аудармай,  оның  ерекшеліктерін 
түсінбей-ақ,  ең  тəуір  жерлерді  тартып  алып  жатты.  Ресейдің  Орталық 
губернияларынан  шаруалардың  Қазақстан  территориясына  жаппай  қоныс 
аударуы орасан зор құнарлы жер учаскелері шаруаларға беріліп, ал қазақтар 
Орталық  жəне  Оңтүстік  Қазақстанның  шөл  жəне  шөлейт  жерлеріне 
ығыстырылды, халықтың кейбір бөлігі өз отанын тастап көрші елдерге көшіп 
кетуге мəжбүр болды. 
1906—1912  жж.  П.А.Скрыплев  жəне  П.П.  Румянцев  басқарған  санақ 
экспедициясы  Сырдария  жəне  Жетісу  облыстарындағы  қазақ  қожалықтарын 
зерттеді.  Экспедицияның  материалдары  Ташкентте  1908—1913  жж.  8  том 
болып  жарық  көрді.    1904—1907  жж.  П.А.Хворостинский,  В.К.Кузнецов 
жəне А.В.Переплетчиковтер басқарған осындай экспедиция Торғай, Ақмола, 
Семей  облыстарында  статистикалық  зерттеу  жүргізді.  Оның  материалдары 
13 том болып 1909—1913 жж. жарияланды. 
1907—1912  жж.  статистикалық  экспедициялардың  мəліметтеріне  сүйене 
отырып,  Ресей  үкіметі  қазақтардың  жерлерін  жаппай  тартып  алуды  кең 
ауқымды  жүргізді.  Қоныс  аударушылардың  жер  қоры  күшпен  тартып  алу 
жолымен,  негізінен,  қазақтар  игеріп  алған,  суғару  жүйесі  бар,  ағаштар 
отырғызылған,  құрылыстар  салынған  жерлерді  тартып  алу  жолымен 
құрылды.  Патша  өкіметінің  қоныс  аудару  саясатының  нəтижесінде  еңбекші 
қазақ  бұқарасы  жаппай  жерінен  айрылып,  кедейленіп  кетті,  отарлық  езгі 
күшейе түсті. 
Столыпиннің  саясаты,  атап  айтқанда  шаруаларды  жаппай  қоныс  аудару 
аграрлық дағдарыстың одан сайын өршуіне алып келді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет