Əдебиет: Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в
Казахстане. А., 1964.
№13 дəріс
Тақырыбы: Қазақстан Шетелдік интервенция мен қарама қарсылық
жылдарында
Дəрістің мазмұны:
1. Шетелдік соғыс интервенциясы мен азаттық соғыстына Қазақстанның
тартылуы
2. Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Қазақстанда
майдандардың құрылуы
3. Азамат соғысының барысы жəне аяқталуы
Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып
алуы алғашқы күндерден бастап-ақ, құлатылған топтардың қарулы
64
қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды,
сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дəл шекара
болған емес.
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж.
қарашасында
Торғай
облысының
əкімшілік
орталығы
Орынборда
қалыптасты, онда Орынбор казактары əскерінің атаманы Дутов совет
өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілшілік съезінің делегаты С.Цвиллинг
бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен
күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917ж. 1(14) қарашада
Жетісу казактары əскерінің кеңесі Əскери үкімет дегенді ұйымдастырады.
Верныйға (қазіргі Алматы) Кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен
ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды.
1917 ж. қарашада революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Мұнда
құрылған облыстың əскери үкіметі ұзамай жергілікті Кеңесті таратып,
өкіметті басып алады. Бұл əскери биліктер Қазақстандағы революцияға
қарсы
ақгвардияшылар
қозғалысының
басты
күші
болды.
Олар
ақгвардияшыл
офицерлерге,
казак
станицалары
мен
келімсектер
селоларының бай-кулак элементеріне сүйенді, олар жəне жергілікті кадет
əсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шора-Ислами партиялары
басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар
тарапынан қолдау тапты.
Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған
империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне байланысты 1918 ж.
жазда азамат соғысы кең ауқымға жайылды. Олардың ең басты күші
Чехославак корпусы болды, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның
тұтқын солдаттары — чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы
корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Ақмола,
Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды, 1918 ж. 11 маусымда
Семейдегі кеңес өкіметі құлатылды. Осы жылдың жазында ақгвардияшылар
Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін қамтып
алып, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді.
Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін партизандық түрде
жүргізілді. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының тобы, Черкасск
селосын орталыққа айналдырып, қорғанысқа көшеді.
1918 ж. жазында кеңес өкіметі Жетісу мен Сырдария облыстарының
көпшілік бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей
Ордасының кейбір жерлерінде ғана сақталып қалды.
Антакта елдері үкіметтерінің қолдауымен Чехословак корпусы көмектесіп,
Самарада - əсер-ақгвардияшыл үкімет — Камуч құрылтай Колчак басқарған
Сібірдің ақгвардияшыл үкіметі орнайды. 1918 ж. қаңтарда қуылған атаман
Дутов, 1918 ж. 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды алады да,
кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.
Əдебиет: Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и
внутренних контрреволюционеров в Казахстане. А., 1957
№14 дəріс
65
Тақырыбы: Қазақстан Шетелдік интервенция мен қарама қарсылық
жылдарында
Дəрістің мазмұны:
1. Шетелдік соғыс интервенциясы мен азаттық соғыстына Қазақстанның
тартылуы
2. Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Қазақстанда
майдандардың құрылуы
3. Азамат соғысының барысы жəне аяқталуы
Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып
алуы алғашқы күндерден бастап-ақ, құлатылған топтардың қарулы
қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды,
сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дəл шекара
болған емес.
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж.
қарашасында
Торғай
облысының
əкімшілік
орталығы
Орынборда
қалыптасты, онда Орынбор казактары əскерінің атаманы Дутов совет
өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілшілік съезінің делегаты С.Цвиллинг
бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен
күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917ж. 1(14) қарашада
Жетісу казактары əскерінің кеңесі Əскери үкімет дегенді ұйымдастырады.
Верныйға (қазіргі Алматы) Кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен
ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды.
1917 ж. қарашада революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Мұнда
құрылған облыстың əскери үкіметі ұзамай жергілікті Кеңесті таратып,
өкіметті басып алады. Бұл əскери биліктер Қазақстандағы революцияға
қарсы
ақгвардияшылар
қозғалысының
басты
күші
болды.
Олар
ақгвардияшыл
офицерлерге,
казак
станицалары
мен
келімсектер
селоларының бай-кулак элементеріне сүйенді, олар жəне жергілікті кадет
əсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шора-Ислами партиялары
басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар
тарапынан қолдау тапты.
Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған
империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне байланысты 1918 ж.
жазда азамат соғысы кең ауқымға жайылды. Олардың ең басты күші
Чехославак корпусы болды, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның
тұтқын солдаттары — чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы
корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Ақмола,
Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды, 1918 ж. 11 маусымда
Семейдегі кеңес өкіметі құлатылды. Осы жылдың жазында ақгвардияшылар
Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін қамтып
алып, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді.
Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін партизандық түрде
жүргізілді. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының тобы, Черкасск
селосын орталыққа айналдырып, қорғанысқа көшеді.
66
1918 ж. жазында кеңес өкіметі Жетісу мен Сырдария облыстарының
көпшілік бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей
Ордасының кейбір жерлерінде ғана сақталып қалды.
Антакта елдері үкіметтерінің қолдауымен Чехословак корпусы көмектесіп,
Самарада - əсер-ақгвардияшыл үкімет — Камуч құрылтай Колчак басқарған
Сібірдің ақгвардияшыл үкіметі орнайды. 1918 ж. қаңтарда қуылған атаман
Дутов, 1918 ж. 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды алады да,
кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.
Əдебиет: 1. История гражданской войны в СССР. 1917-1922. Т. 4.М., 1959
2. Покровский С.И. Разгроминостранных военныхинтервентов ивнутренней
контрреволюции в Казахстане /1918-1920 гг./. Алма-Ата, 1957.
№15 дəріс
Тақырыбы: Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат, оның тарихи
маңызы
Дəрістің мазмұны:
1. ЖЭС-қа көшудің тарихи алғышарттары
2. ЖЭС-тің мəні, негізгі бағыттары
2. ЖЭС-тің табыстары, жетістіктері, қарама қайшылықтары
3. ЖЭС-тің тарихи маңызы, тағылымы
1921 ж. наурызынан бастап елдегі үкімет билігі шаруалар көтерілісінен кейін
шаруашылық мүддесін іске қосудың пəрменді жүйесін жасау жолында
шешуші шара ретінде азық-түлік салымынан азық-түлік салығына көшу
туралы шешім қабылданды. Өнім шығарушылар артық өнімдерін базарда
сату құқығына ие бола бастады, ол ауыл шаруашылығын біршама көтеруде
көмегін тигізді. Егістік ауқымының өсу процесі негізінде 1925 ж. егістік
ауқым 3 млн.ға жетті. Егіндікті жинау 1922 ж. қарағанда өнімді бола
бастады, мал басының өсуі көріне бастады. 20 ж. Қазақстанда жүргізілген
аграрлық реформа негізі ауыл шаруашылығындағы тоқыраудан шығуда
өзіндік орын алды. 1921 ж. ақпан-сəуір айларында қазақтарға Ертіс пен Орал
бойларындағы бұрын казак əскерлеріне берілген он шақырымдық жерлер
қайтарылды. 1921-1922 жж. Түркістанда құрамына Жетісу мен Cырдария
облыстары да кіреді, жер-су реформасы қабылданды, онда 1916-1917 жж.
кəмпескеленген жерлер қазақтарға қайтарылды жəне жерді пайдалану жүйесі
анықталды.
Өнеркəсіп пен транспорт жүйесінде қиын жағдай сақталып қалынды. Тек
жеңіл өндіріс саласында кейбір алға жылжу болғанымен, ауыр өндірісте,
оның ішінде Риддер, Спаск заводы, Қарағанды мен Екібастұз кен орындары
жұмыссыз тоқтап тұрды. Тек соғысқа дейінгі деңгейді мұнай шығару
өнеркəсібі сақтап қалды. Көлік жəне темір жол құрылысын қалпына келтіру
өте баяу жүрді. Барлық темір жол торабтары тек республикадан шикізат
көздерін, ауыл-шаруашылық товарларын шығару үшін қолданылды.
Əдебиет: 1. Омарбеков Т.О. 20-30жылдардары Казакстан қасіреті. Алматы,
1997.
2. Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30-е годы. Алма-Ата, 1991.
№16 дəріс
67
Тақырыбы: Қазақстандағы ХХ ғ. 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Дəрістің мазмұны:
1. Өлкедегі кеңестендіру саясаты. Оңдағы Қазақ АКСР-інің қызметі
2. 1920-30 жылдардағы бұқаралық көпшілік ұйымдар, олардың қызметтері
3. Қоғамдық-саяси дамудың бағыттары, жетістіктері, қиындықтары
Экономиканың ымырашылдану саясатына қарамастан, саяси өмірде
Коммунистік партияның авториталық билігі мен үстемдігі өз тенденциясын
күшейте отырып біртіндеп мемлекеттік аппаратқа ауысты. Сонымен бірге,
жарияланған автономиялар тек номинальды түрін көрсетті. Қазақстанда өз
билігін өз қолына ала алмады. Өндіріс өнер кəсіптері мен темір жол
торабтарының
басым
көпшілігі
Москваның
бақылауында
болды.
Антидемократиялық сайлау заңдары тек жұмысшы табы мүддесін қорғап,
басқарушы элитаға қазақтар санын кемітті. 1922ж. Қазақстанның партия
ұйымдарының қатарында барлығы 6,3% қазақ өкілі болса, І облыстық партия
конференциясының 162 делегаттарының ішінде тек 19 қазақ өкілі болды.
Қазақстанның Түркістан АКСР құрамына кіретін оңтүстік облыстарының
жағдайы тым күрделі болды. 1920ж. жергілікті ұлт коммунистерінің Орта
Азия республикаларының біріктіруімен біріккен Түрік Республикасын құру,
Түрік халықтарының Коммунистік партиясын құру идеялары орталық билік
басшыларынан қарсылыққа ұшырады. БОАК мен РСФСР Совнаркомы
(Түріккомиссия) Ташкентке
комиссия
жіберді,
жергілікті
партия
органдарының Түрік Республикасы жайындағы шешімдері бұзылды, өлкелік
партия комитеті тарқатылды, бұл реформаны ұйымдастырушылық басында
тұрған. Т.Рысқұлов партиялық жəне мемлекеттік органдардан кетуіне
мəжбүр болды. 1922 ж. ғана олар өздерінің “қателіктерін” ресми түрде
мойындағаннан кейін ғана республикалық басшылыққа келді.
1923 ж. маусымда өткен ОК РКП(б) мəжілісінде ұлттық идеяны
жақтаушыларды құдалаудың қатар формалары жүргізілді. Осы мəжілісте
татар коммунистерінің басшысы Сұлтангалиев ауыр сынға ұшырады жəне
сырт аудандарда оны жақтаушы ретінде Т.Рысқұлов тасынға түсті.
Сұлтанғалиевке Кеңес билігін құлату үшін басмашылармен қарым қатынаста
болды жəне ұлтшыл деген кінə тағымды. Осы кезеңнен бастап ұлттық
интеллигенция өкілдері саяси жазаға ұшырай бастады. 1922 ж. барлық
басқарушы орындардан бұрынғы Алаш партиясының өкілдерін алып тастау
процесі жүргізілді, ал 1924 ж. қазақ-коммунистері республикадан
алыстатылып Орталыққа жіберілді. Жергілікті коммунистердің бір бөлігі
“алаш-ордалықтарды” қудалауға қарсы шықты. Мысалы С.Садуақасов
либеральды интеллигенция өкілдерін басшылыққа ұсынуға шақырды. Осы
жағдай жөнінде Түркістандық лидер С.Ходжановта ұстанды. Ұлтшылдық
жайында жəне жергілікті кадрларды құдалауға Н.И.Ежов аз “үлес” қосқан
жоқ. Ол Қазақстанға 1923 ж. Семей губкомының хатшысы қызметіне
тағайындалды, ал 1924 ж. обком партияның ұйымдастыру — нұсқаушылық
бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1925 ж. Қазақ Өлкелік
Комитетінің бірінші хатшылығана Ф.И.Голощекин тағайындалды. Оның
68
келуімен байланысты республикаға қысым жасалу саясаты күшейіп, ерекше
сипат алды.
Əдебиет: 1. Омарбеков Т.О. 20-30жылдардары Казакстан қасіреті. Алматы,
1997.
2. Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30-е годы. Алма-Ата, 1991.
№17 -18 дəріс
Тақырыбы: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Тарихи
тағылымы
Дəрістің мазмұны:
1. Қазақстанда мемлекетке астық жəне ет дайындаудың сталиндік бағытын
жүзеге асыру.
2. Қазақ ауылындағы меншік иелеріне шабуыл.
3. Қазақ шаруаларын зорлап отырықшыландыру жəне оның ауыр салдарлары
4. Сталиндік-голощекиндік геноцид зардаптарына қарсы күрес.
БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925 ж.
қыркүйекке байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше
қатаң
сипат
алды.
Бұл
өкімет
билігінің
барлық
демократиялық
институттарын алмастырып біткен партия органдары енді, өздері құрған
жүйенің тұтқынына айналды. Ф.И.Голощекин өлкелік комитеттің құрамына
жəне хатшысы болып кооптация арқылы сайланды.
20 ж. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді.
1925 ж. желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің V Конференциясының
“Ауылды кеңестендіру” туралы шешімі тап күресінің ишеленісуіне ықпалын
тигізді. Республикада “Кіші қазан” төңкересін өткізу үшін идеологиялық
негіз жасалды, бұл күшпен ұжымдастыру жəне 1937—1938 жж. жаппай
жазалау кезеңінде қазақ халқын үлкен қайғы-қасіретке ұшыратты.
Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы қақтығысты ушықтыруға жəне
жергілікті кадрларды құдалауға Н.И.Ежов аз “үлес” қосқан жоқ. Ол Марий
обкомынан БК(б) П Семей губкомының хатшысы қызметіне жіберілді, одан
кейін өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің
меңгерушісі болып тағайындалды. Сол кезде, онымен қатар Қазақстанда
голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша “қайта құрумен” келіспеген ірі
жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталып тасталды. 1927—
1929жж. көрнекті мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов,
С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық
Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мынбаев, Ағарту халық комиссары
С.Сəдуақасов, Жер халық комиссары Ж.Сұлтанбеков жəне басқалар
қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп,
жікшілдік күресіне қатысты деп кінəлəнді. Бұл жағдайға 1927ж. қарашада
өткен 3-өлкелік партия конференциясының қарарлары куə. БК(б)П Орталық
бақылау комиссиясы негізгі “топқа бөлінушілердің” бірі С.Сəдуақасовтың
ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екендігін
таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа, Л.М.Кагановичке жазған
хатында Н.И.Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері
ұлтшылдықпен жəне жікшілдік күреспен ұланған, олардың арасында діні сау
69
партиялық күш жоқ деп мəлімдейді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық
комиссары Москваға ауысар алдында өзінің лаузымына осылай “даярланды”,
1937ж. жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20ж. аяғына қарай
жағдайды ұшықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта
троцскишіл-зиновьевшіл оппозициямен жəне “оңшыл оппортунистермен”
күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалыстарының
өкілдерін жазалау сипатында көрініс тапты. 1928ж. “буржуазияшыл
ұлтшылдар” деген айдармен — бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен
44
адам
жалған
айыптармен
қамауға
алынды.
Олардың
ішінде
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов жəне
басқалар
бар
еді.
Құрамында
М.Тынышпаев,
Х.Досмұхаметов,
Ж.Досмұхаметов, Ж.Ақбаев, Қ.Кемеңгеров жəне басқалары бар (40 адам)
басқа тобы 1930ж. қыркүйек-қазан кешікпей олардың ішінен 15 адам
(М.Тынышпаев,
Ж.Ақбаев,
Х.Досмұхамбетов,
Ж.Досмұхамбетов,
К.Кемеңгеров
жəне
басқалар)
Ресейдің
Орталық-қаратопырақты
облыстарына жер аударылды. Осылардың барлығына дерлік 1937—1938жж.
жазаланды.
Əдебиет: 1. Коллективизация сельского хозяйства Казахстана (1926-1941гг.)
/Докум. и материалы в 2-х томах./. Алма-Ата, 1967.
2. М.К.Қозыбаев, К.С.Алдажуманов, Ж.Б.Əбілхожин. Қазақстандағы күшпен
коллективтеңдіру: қорлық пен зорлық. А., 1992
№19 дəріс
Тақырыбы: Қазақстандағы 1926-1940 жылдардағы индустрияландыру
саясаты
Дəрістің мазмұны: 1. Индустриландыруға бағыт алу.
2. Жүзеге асырудың қиыншылықтары
3. Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қиыншылықтары
20 ж. бірінші жартысында КСРО-ның барлық өнерінде өнеркəсіптің күйреуі
индустриялық дамуды жеделдету қажеттілігін туғызды. Алайда, Москвада
оны дамыту жолдары мен əдістері жайында пікір-талас күшейе түсті.
Бүкілодақтың халық Шаруашылығы Кеңесінің Төрағасы Ф.Дзержинский
шаруаларды халық тұтыну товарларымен қамтамасыз ету мен одан тез арада
пайда түсіру үшін жеңіл өңдеу бірінші орында дамытуды ұсынды. Оның
орынбасары Пятаков ауыр өндірісті тез арада дамыту бағытын ұсынды.
Л.Троцкий Приображенский мен Сталин оның ұсыныссын қолдады. Жаңа
өнеркəсіптер құрылысы мен оны жаңашаландыру үшін қаржы көзі ретінде,
жеке шаруашылық секторларынан, яғни шаруаларға салық салу арқылы
“қотару” жолы арқылы жүргізу көзделді. 1926 ж. бастап мемлекет жедел
индустриаландыру бағытын ұстанды.
Қазақстан, Москва билеушілерінің ойлары бойынша индустриялық
жеделдетудің негізі бір аудандары болуға тиіс деп есептелінді. Орталықтың
саяси
бағытын
белсенді
жүргізушілер
қатарындағы
Ф.Голощекин
республикада кенді сыртқа шығару үшін кен өндіру мен темір жол
транспортын ұсынды.
70
Осы мақсатта КСРО-ның өндірісі дамыған региондар үшін, Қазақстанды
шикізат көзіне айналдыру қарастылды. Жергілікті саяси қайраткерлермен
бірге басшы ретінде С.Садуақасов бұған қарсы шықты, ол орталық өнеркəсіп
үшін негізінен шикізат көзі деп саналған саясатты тоқтатып, Қазақстанда
жедел қарқынмен индустрияландыру саясаты республика мүддесі үшін де
қолданылуды көздеді. Алайда, Голощекиннің көзқарасының негізінде
Қазақстандағы индустриялизация отаршылдық формаға ие болды.
Ең ірі құрылыс қатарына 1931 ж. аяқталған Түркістан-Сібір темір жолы яғни
Алматыдан
Семейге
дейін
жүргізілген
құрылыс
болды.
1927ж.
Петропавловск-Көкшетау, ал 1931ж. Ақмолаға дейін жеткен жол құрылысы
салынды. 1939 ж. Қазақстаннан шикізат байлығын шығару үшін Ақмола-
Қарағанды, Имск-Орал, Рубцовск-Риддер, 1940ж. Қарағанды-Жезқазған жол
құрылысы салынды.
Пайдалы қазба байлықтарының аса бай кеніштерінің болуы Қазақстанда
ауыр индустрияны, əсіресе оның кен шығару, мұнай, көмір, түсті
металлургия саласын дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың
индустриялық бейнесін, оның өнеркəсібінің шикізаттық бағытын ұзақ
уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс
комбинаты, Ертіс мыс қорыту заводы жəне басқа қайта құрылған
кəсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын заводы, Балхаш
мыс қорыту жəне Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Жезқазған
мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын — мырыш заводы салынды.
Негізінен Қазақстанда индустриализация екінші дүние жүзілік соғыс
қарсаңына дейін жүргізілді.
Өндіріс құрылысының өсуі жұмысшы күшінің тапшылығын көрсете бастады.
Қазақстан құрылыстарына өнеркəсіпті орталықтарындағы жұмыссыздық
салдарынан көбей түскен жұмысшы күші негізінде, 1931-1940жж. 559 мың
адам
республикаға
əкелінді.
Жұмысшы
табының
негізгі
бөлігін,
ұжымдастыру кезінде күйретілген деревня мен ауылдардың шаруалары
құрды. Жұмысшы табының санының өсуіне басты негіз болған. Жағдай -
арнайы көшірілген халықтар болды, олардың қатарына орталық региондар
мен Сибирден тəркілеуге ұшыраған кулактар да жатты. 1931 ж. Қарағандыға
70 мың адам көшірілді, олар 25 поселоктер мен концлагерлерге
орналастылды. Арнайы көшірілген халықтар поселоктерден өз бетінше
шығуға құқықтары болмады, олар негізінен барактар құрылысында,
шахталар мен темір жол құрылыстарында жұмыс жасады. Жұмысшыларға
күнделікті 600 гр. нан, ал жұмыссыздарға күніне 300 гр. нан ғана берілді.
Қазақстанға барлығы 189 мың “кулак” оның 150 мыңы 1931 ж. жіберілді.
1937 ж. арнайы көшірілгендердің саны 360 мыңға жетті.
“Социалистік индустриализация” тағы бір жобайы көрінісі ОГПУ — лагерлік
жүйесі болды. НКВД арзан жұмыс күшімен ірі кəсіпорындарды қамтамасыз
ету үшін өз қызметін жасады. 1931 ж. Қарағанды лагері (КарЛаг) құрылды,
онда КСРО-ның барлық региондарынан репрессияға ұшырағандар жіберілді.
30-40жж. аралығында Қазақстанда осындай лагерлердің бір қатар тобы пайда
71
бола бастады. Республика жер аударылғандардың үлкен бір орнына айнала
бастады.
Индустриализация қортындыларына негізінен əр түрлі баға беріледі. Ол
негізінен халықтың əсіресе шаруашылардың тұрмысы мен өмірінің төмендеуі
негізінде орындалды. 1929-1934 жж. инфляция негізінде ақша өлшемі 180%
өсті, өндірістік товарлар бағасы 250-300% дейін өсті. Бесжылдық жоспар
бойынша, əсіресе жеңіл өндірісте белгіленген жоспарлар орындалмады.
Достарыңызбен бөлісу: |