Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік



Дата09.10.2024
өлшемі268,38 Kb.
#147282
Байланысты:
БӨЖ Куан Акжан


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті



БӨЖ
Тақырыбы:Инфографика.Репортаж.Жол-жөнекей репортаж.Заметка.

Орындаған:Қуан Акжан


Тобы:ӘСМ-411
Қабылдаған:Бекжігіт Сердәлі
Тақырыбы: Инфографика. Репортаж. Жол-жөнекей репортаж. Заметка.

Инфографика — бұл ақпаратты, деректерді немесе білімді визуалды түрде ұсыну әдісі. Инфографикада диаграммалар, графиктер, кестелер, иллюстрациялар, мәтін және басқа да визуалды элементтер қолданылады. Олар көбінесе деректердің үлкен көлемін қысқаша әрі түсінікті түрде көрсету үшін пайдаланылады. Ал,журналистикадағы инфографика— ақпаратты визуалды түрде жеткізудің бір әдісі, ол күрделі деректер мен оқиғаларды оқырманға жеңіл әрі тез түсіндіру үшін қолданылады. Мәселен,инфографика арқылы:


1. Статистикалық мәліметтер ұсынуға болады.
2. Салыстырулар ұсынуға болады.
3. Аймақтық немесе географиялық мәліметтер ұсынуға болады.
4. Сауалнама ұсынуға болады.

РЕПОРТАЖ


Репортаж — бұл журналистиканың бір жанры, онда оқиға орнынан немесе белгілі бір жағдайдан тікелей баяндау беріледі. Репортаждың негізгі мақсаты — оқырманға немесе көрерменге оқиға туралы жанды әсер қалдырып, оларды оқиға орнына «алып бару». Бұл жанр көбінесе нақты деректерге, куәгерлердің сөздеріне, оқиғаны өз көзімен көрген журналистің бақылауларына сүйенеді.
Репортаждың басты ерекшеліктері:
1. Оқиға орнынан тікелей баяндау
2. Журналисттің жеке бақылаулары мен өз әсерін қосуы
3. Куәгерлермен сұхбат жүргізу
4. Оқиғаны динамикалық түрде сипаттау
Жол-жөнекей репортаж.
27.09

Қайырлы күн! Бүгін , 27 қыркүйек, шаһарымызға ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының іс-сапармен келуіне байланысты, қаламыздағы басты жолдар уақытша жабылып, көлік қатынасы тоқтатылуын қаптаған полиция қызметкерлері қамтамасыз етті. Бұл 3 сағатқа созылып, үлкен кептеліс орын алды. Біз де осы кептеліске түсіп, уақытын жоғалтқан халықтың ашу-ызасына куәгер болдық . Қорытындыны осы жердегі ашулы жүргізушінің сөзімен түйіндесек, “Еуропада президенттер халықтың арасында жүреді, ал бізде, бізден тығып жолды жауып тастайды”. Сіздерге 7-інші көшеден тікелей репортаж жасаған мен, Ақжан Қуан, кептеліссіз күндеріміз көп болсын!




Заметка


Журналистикадағы заметка — қысқа әрі нақты ақпарат беруге арналған шағын жанр. Заметка оқиғаның ең маңызды тұстарын қамтып, мәнін қысқаша әрі түсінікті түрде жеткізеді. Ол ұзақ талдау немесе егжей-тегжейлі баяндауды қажет етпейтін жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабарлайды.

Заметканың негізгі ерекшеліктері:



• Қысқа көлем (әдетте бірнеше абзац);
• Жаңалықтың негізгі фактілері мен мән-жайын көрсету;
• Оқиғаның, іс-шараның уақыты, орны, қатысушылары және негізгі нәтижелері туралы ақпарат беру;
• Жеделдік және объективтілік.

Заметка көбінесе газеттерде, жаңалық сайттарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында оқырмандарды тез арада хабардар ету үшін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет