Өкпе аускультациясы: қалыпты І- және ІІ- тондар анық естіледі, жиілік темпі-қалыпты, ырғақты. Ешқандай патологиялық шулар естілмейді, кеуде торын салыстырмлы тыңдағанда өкпенің екі бөлігінде де везикулярлы дыбыс анық естіледі.
2. ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ. Жүрек, төс маңайындағы ауырсыну сезімі жоқ, жүрек соғуы тұрақты минутына 76 рет. Кеуде қуысында ісіну белгілері байқалмайды. Қалыпты отырған кезінде терлеу пайда болады. Демікпе көп қозғалыс жасағанда байқалады.
Жүрек түрткісінің орналасуы V- қабырғааралықта орналасқан, аумағы 3 саусақ аралығын құрайды.
3.АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ. Тәбеті жақсы, күнделікті 4 мезгіл ас қабылдайды және дәм сезуінде қышқыл-жағымсыз дәм сезу байқалмайды. Ауыз құрғауы, сілекейдің көп бөлінуі, жүрек айну, қалжырау сияқты өзгерістер байқалмайды. Асты жұту кезінде ауырсыну сезімі жоқ, еркін жұтынады. Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі майлы, құрғақ тағамтарды жегенде, диетаны бұзатын тағамдарды пайдаланғанда сезіледі. Іште жағымсыз сезімнің болуы: кебу, құрылдауы, ауыруы байқалмайды. Дәретке отырғанда ауырсыну сезімі жоқ. Несептің тәуліктің мөлшері қалыпты. Газ шығаруы аз мөлшерде және жеңіл.
4. НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІ: Бел аймағының ауыруы жоқ, несеп шығаруы қалыпты, зәрі қалыпты, түсі ашық-сары, ешқандай қан, кілегей қосындылары жоқ. Нәжісі қалыпты, іштің қатуы әрі өтуінің кезектесуі жоқ. Дәретке отырғанда ауырсыну сезімі жоқ. Қабақтарының, бетінің, жалпы дене бойының ісіну белгілері жоқ.
5. ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ. Аяқ-қолының, бұлшық еттерінің, сүйектерінің ауырсыну белгілері жоқ, тек тізе буындарының ауыруы мазалайды, буындарының қимылдау көлемі шектелмеген. Аурудың пайда болу себебі көп қозғалыстан. Көбірек ауыратын мезгілі кешке қарай мазалайды.
6. НЕРВ ЖҮЙЕСІ. Науқастың өзінің мінез-құлғын бағалауы: салмақты, анық мінезді (тіл табысқыш). Ұйқысы: қалыпты, күніне 7-сағат. Бас ауруы науқасты көп мазаламайды, тек артериялық қысымы жоғарылау кезінде байқалады. Бас айналуы: жүрек ырғағының бұзылысы кезінде мазалайды. (көз алдының қарауытуы, естен талып қалуы жоқ). Тырысу өзгерістері мазаламайды. Галлюциялар: есіту, көру. иіс және дәм сезу елестері жоқ.