Зиянды әдеттері: шылым шегуі (неше жастан бастап және тәулігіне әанша папиростан тартады), арақ-шарап ішуі (жиілігі, мөлшері), қалай көтереді; нашақорлық (түрлі, әашаннан бері әолданады).
Ауырған аурулары: операциялар, травмалар, басқа аурулар хронологиялыә реттілікпен (неше жаста, қай жылы). Аурулардың ауырлығы, ұзақтығы, асқынулары, жасалған емдер және ем алған жері (аурухана, үйде, жұқпалы жыныс ауруларына аса көңіл бөлу керек).
Жан ұясы және жыныс қатынасы туралы мәлімет: үйленгені, тұрмыста болуы, неше жаста тұрмыс құрды. Әйелдерден: етеккірі неше жастан басталды, неше күннен жѕретіні, уақтымен келуі: неше рет жүкті болды, босанды; баланың өлі туу. Аборттың саны, жасау себебі, асқынулары. Етеккірі тоқтағанда қашаннан бері, климакстың барысы. Неше балалары бар?
Аллергиялық анамнез: дәрі-дәрмектердің және басқа емдеу әрекеттердің, тағамдардың жақпауы (қандай, немен білінеді). Бұрын аллергиялық бөртпелердің. Квинке ісінуінің, есек жемінің, шөп қызбасының (сенная лихорадка), тұншықпаның (бронх астмасы, бронх спазмы), анафилаксиялық шоктың, өсімдіктің, дәрінің, тағамның, вакцина, сары судың әсерінен болуы: қан құюға, қан алмастыратын заттардың әсіресе екі қабаттың кезеңінде (уақыттан бұрын босану, жас туған балалардың т.б.) аллергиялық реакциялардың болуы.
Эпидемиологиялық анамнез: ең алдымен аурудың кімнен (ауру адамнан, малдан, аңнан, басқа жәндіктерден) жұққан болжам жасалады. Содан соң оның жұғу жолдары анықталады (тығыз қарым-қатынастан, аудадан, тамаәтан, судан, сыртқы тері не сілекей қабаттар арқылы, инемен шаншығанда т.б.)
Бұл сұрақтарды анықтау барысында ауру адамның үй-тұрмысы, жұмыс орны, жол жүруі және онда болған жерлері, кездескен адамдар ішінде жұқпалы аурулардың бар-жоғы, жұмыс істейтін жері мен мамандығы, күдіктенген тағамның түрі және оның сақталған жері, аурудың санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтаудағы ұқыптылығы және тағы басқа мәліметтерге көңіл бөлінеді. Соңғы кезде жасалған операциялар, әр түрлі қабылдаған емдер (қан құю, егудің түрлері т.б.) анықталады. Қызуының көтерілгені, құсқаны, ішінің өтуі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |