56
түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке
қасиеті» (Т.Тәжібаев).
Қабілетті жеке даралықтың бір деңгейінде орналастыруға
болмайды; басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер
арқылы дамиды.
Қабілет
деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне
икемділігін айтады.
Қабілет дегеніміз
– мақсатқа бағытталған,
тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке
ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Қабілеттің екі деңгейі бар: өнімді (білімді жоғары дәрежеде игере
алуын қамтамасыз етеді, әрекетті меңгеру); шығармашылық (жаңа
нәрсені жасап шығаруды қамтамасыз етеді).
Креативтілікті дамыту, тұлғаның өзін-өзі маңызды ету және
тұлғалық, кәсіби және рухани шыңдарға (акме) жету үдерісінде,
маманның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуына ықпал етеді.
Креативті тұлғаның өзін-өзі маңызды етуінің жоғары деңгейінде
маманның шығармашылық кемелденуі өмірлік болмыста аса
тұрақты, тиімді және ұзақ болып табылады.
Жоғары оқу орындарында кәсіби даярлау үдерісі, кәсіби іс-
әрекеттің дара стилін меңгерген, барлық қажетті сапаларды
(құзыреттілік, креативтілік, ұтқырлық, рефлексияға және т.б.)
меңгерген түлектерге бағдарлануы қажет. Кәсіби дайындықтың
акмеологиялық бағдары, маманның шығармашылық даралығын
дамытуға жағдай жасауға, оның тұлғалық және кәсіби өсуінің
преспективасын құруға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас педагог іс-әрекетіндегі маңызды кәсіби құрал
болып табылады. Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне
«мен» ұғымын ендіру. Бұл оңай емес, өйткені өзіңе ұқсамайтын
басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет.
Сондықтан
қарым-қатынасты
ұйымдастырғанда
субъектінің
психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген
оқытушы білім алушымен қарым-қатынаста оның психологиялық
ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беру қажет.
Қарым-қатынас сипаты қоршаған шындыққа тәуелді келеді,
оның ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, ішкі дүниесінен
көрініс береді. Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке дамуының
жемісі болып табылады (Сурет 6).
Достарыңызбен бөлісу: