60
үлгерімге ғана емес, білім алушылардың жеке тұлғалық сапаларына
мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз
мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль.
Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады,
барлығын білім алушыларға, қызметтестеріне ысырады. Білім
алушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз
жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Аудиториядан
тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер орын алады.
Мұнда білім алушылардың пікір бостандығының шексіздігінен
аузы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді деп айтуға болады.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллек-
туалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді
болып келеді.
Адамның құндылығы, оны жетілдіріу мен қабілеттері туралы
ғылым ретінде акмеологияның дамуы, адамның өзінің кәсіби іс-
әрекетін жоғары тиімділікпен жүзеге асырып қана қоймайды,
сонымен бірге, оған өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға және жүзеге
асыруға, толыққанды өмір сүруге ықпал етеді.
Акмеологиядағы өзін-өзі кәсіби тану рухани іс-әрекет ретінде,
адамның кез-келген іс-әрекетінің мазмұны және оның жеке өмірінің
тірегі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: