Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Дублин дескрипторлары және дуальды оқыту ұғымы



Pdf көрінісі
бет80/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Дублин дескрипторлары және дуальды оқыту ұғымы 
туралы
Дескрипторлар (descriptors) – болашақ мұғалімдердің жоғары 
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің 
(сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын 
білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің 
сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, білім алуды 
жүзеге асыруда қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің 
жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді.
Дублиндік дескрипторлардың толық жүйесі 
білім беру 
үдерісінің үш сатысына 
сәйкес жүзеге асырылады: 
жоғары 
білімнің бірінші циклін аяқтауда
игерілетін біліктіліктер (ESTC 
жүйесіндегі 180- 240 кредит) – бакалавриат; орташа ұзақтығы – 3-4 
жыл (Еуропалық біліктілік шеңберінің 6 сатысына сәйкес келеді); 
жоғары білімнің екінші циклін аяқтауда 
игерілетін біліктіліктер 
(ESTC жүйесіндегі 90-120 кредит) – магистратура; орташа 
ұзақтығы – 1-2 жыл (Еуропалық біліктілік шеңберінің 7 сатысына 
сәйкес келеді); 
жоғары білімнің үшінші циклін аяқтауда
игерілетін 
біліктіліктер (ESTC жүйесіндегі кредит саны көрсетілмеген) – PhD 
докторантура; орташа ұзақтығы – 3 жыл (диссертациялық жұмысты 


187 
қорғауды есептемегенде) (Еуропалық біліктілік шеңберінің 8 
сатысына сәйкес келеді).
Дескрипторларды бірнеше бағытта:
а) белгілі бір курс 
(пәнді), модульді игеру, оқу мерзімін аяқтау немесе білім беру 
бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесі; ә) мамандықты игеріп 
шыққанда сүйенетін біліктіліктер категориясы; б) болашақ 
мұғалімнің бойында қалыптастыруға және дамытуға тиісті 
құзіреттіліктер (жалпы, кәсіби) жүйесі; в) белгілі бір мамандық 
алып шығуда немесе қайта тапсыру арқылы жинақтауға және 
игеруге тиісті ESTC жүйесіндегі кредиттер саны тұрғысынан 
қарастыруға болады.
Дескрипторлар кең мағынасында
– болашақ мұғалімнің 
игеруге тиісті құзіреттіліктерін, оқу курсын аяқтағанда қандай 
нәтиже қол жеткендігін бағалауға, білім беру бағдарламаларын 
Болон үрдісіне сәйкес құруда басшылыққа алынатын жүйелер мен 
принциптер тобы.
Дублиндік дескрипторларды жүзеге асыруда басшылыққа 
алынатын параметрлер мен қағидалар жүйесі (Сурет 22): 
1.
Білу және түсіну
– игерілетін мамандықтың негіздерін білу, 
ғылыми терминологияны игеру, мән-мағынасын жете түсіну, 
мамандықтың ерекшеліктерін ұғыну; 
2.
Алынған білімді түсіну және қолдану
– теориялық білімді 
нақты тәжірибеде қолдана алу қабілеті, әдістемелік, практикалық, 
технологиялық жағынан сауатты болу, өз мамандығын іске асыруда 
«тосылмау»; 
3.
Тұжырым түзу
– ғылыми теория, анықтамаларға сүйене 
отырып, жеке пікірін тұжырымдай алу, қорытынды шығарып, өз 
ойын анық, нақты жеткізе білу, когнитивтік құзіреттіліктерін 
қалыптастыру. 
Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан 
құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы 
санына негізделетіні айтылған. 
Дублиндік дескрипторлардың қағидаларын жүзеге асырып, 
құзіреттіліктерді қалыптастыруда дуальды оқыту жүйесінің 
мүмкіндіктерін аша түседі.
Дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру арқылы кәсіпорын 
болашақ мамандарға деген талап-тілектерін жеткізе отырып, өзінің 
еңбек үдерісін басқаруға қажетті еңбек құндылықтарын 
қалыптастыруға қатыса отырып, көздеген мақсатына жете алады.


188 
Сурет 22 - Дублиндік дескрипторларға негізделген оқыту нәтижесі 
Дуальды оқыту жүйесі Германиядағы ғасырлар бойғы 
кәсіпорындар ұйымының еңбегінен бастау алған. Немістің кәсіптік 
білім беру жүйесі ұзақ жылғы дәстүрге ие, тіпті түп тамыры ХІІ 
ғасырларда жатыр. Ал дуальды білім беру Германияда ХІХ 
ғасырдың соңында пайда болды. Неміс педагогы Георг 
Кершенштейнер (1854–1932) дуальды кәсіптік білім берудің әкесі 
саналады. 
Кәсіптік білім берудің бұл бастапқы кәсіптік формасын 
қамтамасыз етудегі маңызды рөл ХХ ғасырдың басында бастапқы-
мен салыстырғанда білікті мамандарды үйретуге дайындалды, 
білікті қызметкер немесе өнеркәсіп шебері мәртебесіне ие болған 
салаға ауысқан. Өз кезінде дуальды жүйені енгізу Германиядағы 
кәсіптік білім берудің сандық проблемасын шешуге бағытталған. 
Статистиканың көрсеткеніндей, бұл шын мәнінде кәсіптік білім 
беру жүйесінде студенттік орындардың айтарлықтай өсуіне әкелді. 
Дуальды оқыту жүйесі соңғы жылдары Қытай мен Азияның 
басқа елдерінде Германия, Австрия, Босния және Герцеговина, 
Хорватия, Сербия, Словения, Македония, Черногория және 
Швейцария, сондай-ақ Дания, Нидерланды және Франция сияқты 
елдерде практикалық қолдану тәжірибесін тапты. 
«Дуализм», «дуальды», «дуальдылық» жалпы әдістемелік 
абстракты мағынаға ие (лат сөзі. 
dualis
–екі жақты) және білім беру 
саласының көптеген аумақтарында кеңінен қолданылады.
«Дуальды» ұғымы «екі бірлік, екі жақты, толықтыру» және 
«тұтас ұйымдасқан бірлігі» деп анықталған. Педагогикалық 


189 
зерттеулерде «дуальды білім беру ортасы» ұғымына алғаш рет 
Германияда 1960 жылдың ортасында кәсіптік білім беруді 
ұйымдастырудың жаңа формасы ретінде белгілеу мақсатында 
қолданылған. 
Дуальды оқыту жүйесінде болашақ мамандарды жан-жақты 
даярлауға қатысты педагогикалық еңбектерде: жоғары оқу 
орындарында инженерлік-педагогикалық білім беруде дуальды 
оқытуды ендіру мәселесін тұлғаға бағдарланған білім беру
парадигмаларын (Е.В.Бондаревская), болашақ мұғалімдердің 
бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда әлеуметтік әріптестік 
негізінде жүзеге асыруды (Т.В.Валежанина), ХХІ ғасыр білім беру 
философиясындағы парадигмалар және білім берудің тәжірибеге 
бағдарлануының негізгі мақсаты тұрғысынан (Б.С.Гершунский), 
қазіргі дуальдық оқыту жүйесінде болашақ мұғалімдердің өндіріс 
пен кәсіптік білім беру мекемесінің әлеуметтік әріптестігі негізінде
даярлау ерекшеліктері (В.В.Землянский және т.б. ғалымдар) 
қарастырған. 
Дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және 
білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру 
ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын 
ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы 
(ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті 
кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны. 
Дуальды оқыту жүйесінің басты 
мақсаты
- бәсекеге түсе 
алатын мамандығы бар, кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса 
алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған жас 
тұлғаны қалыптастыру. 
Дуальды оқыту жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – білімнің 
теориялық және практикалық жағына терең мән беру, мамандықты 
игеруде қоғамның сұраныстарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті 
маман даярлау. 
Дуальды оқыту дегеніміз
- оқу орындарында теориялық 
біліммен шектелмей практикалық сабақтарды серіктес кәсіпорын 
базаларында өткізу. 
Дуальды оқыту жүйесінде болашақ мамандардың бойында 
еңбек құндылығын қалыптастыру- бұл жүйелі және көпқұрылымды 
үдеріс. Бұл үдерістің мазмұнын дуальды оқыту жүйесінде болашақ 
мамандардың еңбек құндылығының қалыптасуы мазмұны олардың
ұтқырлығы, бәсекеге қабілеттілігі, еңбек ортасына кірігуі, таңдаған 
мамандығы бойынша кәсіби тұрғыдан өзін жетілдіруге ұмтылысы, 


190 
кәсіптік құзіреттіліктерінің қалыптасуы, еңбек адамына құрметі, 
тұлғалық сапаларының дамуы мәселелерін қамтиды.
Аталған үдерістің нәтижелі жұмыс атқаруына дуальды 
оқытуды жүзеге асыруға қатысушылар - кәсіптік білім беру 
мекемелері, жұмыс берушілер, мемлекеттік атқарушы билік 
ұйымдары мен бизнес-қауымдастықтар, Кәсіпкерлер Палатасының 
өз жауапкершілікпен осы үдеріске қатысуына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет