Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет82/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Дуальдық жүйе бойынша
оқыту білім алушылардың кәсіби 
біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында 
меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі 
жүйелердің - білім, ғылым, өндірістің өзара байланысы мен әсерін, 
енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру 
жүйесінің сапасын арттырады.
Дуальдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте 
қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің 
байланысты приципіне негізделеді. Дуальдық жүйеде тараптардың 
қарым-қатынасы тепе-теңдік және әділдік ұстанымдары негізінде 
құрылады.
Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана 
емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастыры- 
луына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға 
және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби 
мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орында- 
луына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді 
мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне 
сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.
Дуальды жүйенің негізі
– білім алушыларды оқу орнымен 


194 
өндірісте қатар оқыту. Бұл жүйеде ең бастысы түлектердің 
жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады. Дуальды жүйе 
бойынша білім алған оқу орнының түлегі жұмыссыз қалмайды. 
Өйткені теория мен тәжірибені ұштастырып нәтижесінде, білім 
алушы оқу бағдарламасын жақсы меңгереді деу аз, нағыз дайын 
маман болып шығады.
Дуальды оқыту жүйесіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары 
өздеріне әлеуметтік серіктес табуы қажет. Білім алушылар тәжірибе 
сабақтарын өткізуі үшін өздерінде даярланатын мамандықтарға сай 
келетін кәсіпорындармен келісімшартқа отыруы тиіс. Жалпы 
дуальды оқыту жүйесін енгізу барысында әлеуметтік серіктестікті 
дамытуға ерекше көңіл бөлінетіні анық. ЖОО бұл бағыттағы 
жұмыстар күн өткен сайын жандануда.
Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі:
Біріншіден
, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 
жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз 
байланыста болған білім алушы жұмыс берушінің барлық 
талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады. 
Екіншіден,
білімді, болашақ кәсіби маман психологиялық 
жағынан жаңа ортаға бейімделуге дайын болып шығады. Өндірісте 
өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, 
маман ретінде жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. 
Өндірісте адамдармен жұмыс жасау кезінде коммуникативтік 
дағдылары тез бейімделіп ұжыммен өндірістегі жұмыстарға тез 
араласып кетеді. 
Үшіншіден,
«тәжірибеден теорияға» ұстанымымен жұмыс 
жүреді, білім алушы теориялық білімі мен тәжірибені тиімді 
ұштастырып, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. 
Теориядағы кездесетін қиындықтарды оның ішінде терминдер мен 
есептерді тәжірибе жүзінде шешеді. 
Төртіншіден,
жұмыс берушінің білім алушыға берген бағасы сол 
болашақ маманды дайындаған біліктілігінен байқалады. Алғашқы 
күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған білім алушы, 
өзінің білім мен ынтасын көрсетеді. 
Бесінші,
білім алушы мен оқытушы бірлесіп тек қана теорияны 
ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи 
талаптарды меңгереді. 
Алтыншы,
бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен 
шығынның біраз бөлігін білім алушы өндірісте іс-тәжірибеден өту 
кезінде төленетін шәкіртақының негізінде қайтарады.


195 
Дуальдық оқыту жүйесі элементтерін енгізудің міндеттері
:
дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және 
кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасақтау; жұмыс беруші 
талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау; 
еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар 
дайындау; оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына 
сай жаңа техникалық, технологиялық лабораториялық жабдықтар-
мен қамту; оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске 
енгізіліп жатырған жаңа технологиялырмен және жабдықтармен 
таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу; 
әлеуметтік серіктестермен байланыста білім алушыларды өндірісте 
тәжірибеден өткізу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру 
мүмкіндігіне ие болу. 
Әлеуметтік серіктестіктің міндеттері
: оқу орнына қандай 
және қанша маман дайындау туралы ақпарат беру; оқу орнына 
маман дайындауға өз талаптарын қою; оқу орнымен бірлестікте 
оқу-материалдық 
құжаттарды 
дайындауға 
қатысу; 
білім 
алушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өткізу 
мүмкіндігін қарастыру, шешу; білім алушыларды оқу және 
өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасау; оқу орнын бітіруші-
лерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту. 
Болашақ мамандардың міндеттері
: теориялық білім мен 
тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке 
негізделген білім алу; өндірісте оқу және өндірістік тәжірибеден 
ақылы өту мүмкіндігін алу; ЖОО бітіргеннен кейін жұмысқа 
орналасу мүмкіндігіне ие болу. 
Дуальды жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және 
мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім 
берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. 
Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт 
кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға 
мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. 
Әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық 
кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі 
кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, 
кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден 
өтеді. 
Дуальдық жүйені енгізу кезеңдері: білім алушыларға арналған 
бос жұмыс орындары нарығын зерттеу; мамандық таңдау; әлеуетті 
жұмыс берушілермен серіктестік байланыс орнату; екіжақты шарт 


196 
жасасу (жұмыс беруші - оқу орны); әлеуметтік серіктестермен бірге 
оқу бағдарламаларын әзірлеу; білім алушыларды базаға бөлу; 
үшжақты шарт жасасу (жұмыс беруші - білім алушы (ата-ана) - оқу 
орны); жұмыс орындарын бөлу және тәлімгерді бекіту. 
Оқу үдерісіндe дуальды оқыту жүйeсін eнгізіп, оны жүзeгe 
aсыру кeлeсі мәсeлeлeрді шeшугe мүмкіндік бeрeді: мaмaндықты 
тeрeңірeк ойлaнып тaңдaуғa, әлeумeттeндіру, тaпқырлық пeн 
шығaрмaшылыққa бeйімдeйтін біліктіліктің дaмуы; оқу мeкeмe-
сінің тaртымдылық бeдeлінің aртуы, білім алушылар контингeтінің 
жоғaрылaуы; тaлaпкeрлeрдің кәсіби өзін-өзі бaсқaруы; білім 
aлушылaрдың қызығушылығы мeн сұрaнысынa қaрaй бaғдaрлa-
мaлaр, элeктивті (икeмді) курстaр бaғдaрлaмaлaрын әзірлeу; 
дуальды жүйe бойыншa оқытылaтын тұлғaның қaжeтті біліктілік 
пeн eңбeк дaғдылaрынa, кәсіби білімгe иe болып eңбeк нaрығындa 
сұрaныс дeңгeйінің жоғaрылуы; түлeктeрді дaйындaу дeңгeйінің 
жоғaрылaуы; түлeктeрді одaн әрі жұмысқa орнaлaстыру, 
жұмыссыздықтың қысқaруы; түлeктeрдің әлeумeттік бeйімдeлуі; 
білім бeру мeкeмeлeрінің жобaлaрды жүзeгe aсыру кeзeңдeріндe 
қосу aрқылы кәсіпорындaрмeн өзaрa әрeкeттeсу aясын кeңeйту; 
білім бeру мeкeмeлeрінің бәсeкeлeсугe қaбілeттілігін жоғaрылaту. 
Білім алушыларды дуальды бағыттағы жүйемен даярлау, нақты 
аймақтық еңбек нарығының талабын, нақты кәсіпорындардың, 
жастардың әлеуметтік және мансаптық мүмкіндіктерін ескере 
отырып, кәсіптік білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың 
бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді. 
Дуальды жүйемен оқытудың жетістігін аңғаруға болады.
Біріншіден
, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 
жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз 
байланыста болған білім алушы жұмыс берушінің барлық 
талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады. 
Екіншіден
, білімді, болашақ кәсіби маман психологиялық 
жағынан жаңа ортаға бейімделуге дайын болып шығады. Теория 
мен тәжірибені меңгеріп, маман ретінде жұмысқа деген 
жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте адамдармен жұмыс 
жасау кезінде коммуникативтік дағдылары тез бейімделіп ұжыммен 
өндірістегі жұмыстарға тез араласып кетеді. 
Үшіншіден,
«тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс 
жүреді, білім алушы теориялық білімі мен тәжірибені тиімді 
ұштастырып, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. 
Теориядағы кездесетін қиындықтарды оның ішінде терминдер мен 


197 
есептерді тәжірибе жүзінде шешеді. 
Төртіншіден
, жұмыс берушінің білім алушыға берген бағасы 
сол білім алушыны дайындаған маманның біліктілігімен 
байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы 
болған білім алушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді. 
Бесінші
, білім алушы мен оқытушы бірлесіп тек қана теорияны 
ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи 
талаптарды меңгеріп, осының нәтижесінде мамандарды даярлауда 
заманауи сапа қалыптастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет