Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Кездесу» (психологиялық ойын)



Pdf көрінісі
бет116/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«Кездесу» (психологиялық ойын) 
Мақсаты: адамға жағымды сөздер айту әдетін жаттықтыру, 
жағымды қарым-қатынас, жоғары көңіл-күй сыйлау.
Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады (ішкі және сыртқы
шеңбер). Жүргізушінің белгісімен ойыншылар шеңбер бойына 
қозғала бастайды. (сытқы шеңбер бір бағытта, екінші шеңбер 
екінші бағытта). Жүргізушінің белгісімен қозғалыс тоқтатылып, 
сыртқы және ішкі шеңбердегі адамдар бір-біріне қарап жұптасып 
тұрады. Әр жұпқа тапсырма беріледі.
А) Сіздер ұзақ ұақыттан соң кездестіңдер, бұрын жақсы өте 
жақсы болмағанмен жақсы қарым-қатынаста болдыңыздар. Өз 
сезімдеріңізді көрсетіңіздер.


269 
Ә) Бала кезде өте жақсы дос болдыңыздар. Біріңізді ата-анаңыз 
басқа қалаға алып кетті делік, сөйтіп бір жылдан кейін 
кездестіңіздер. Өз сезімдеріңізді көрсетіңіздер. 
Б) Сенің алдыңда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны өте маңызды 
да қиын кездесу күтіп тұр. Көңілін орнықтыр. Алдымен ұялшақтар 
ішкі шеңберде тұрады да, сонан соң сыртқы шеңберге шығады. 
В) Мына адам сен үшін өте маңызды іс істеді. Ал, сіз бұл 
адамның керемет ісі жайлы (біреуді өлімнен құтқарады, жаңалық 
ашты және т.б.) жақында ғана білдіңіз делік, сезіміңізді көрсетіңіз. 
Д) Мына адамның бүгін жолы болмады. Бұл әділетсіздік. Сыр 
бермей-ақ тұр, ал ол сенің досың, оның қандай күйде екенін 
түсінесің, көңілін көтер. 
 
Рөлдік ойын «Мен әртүрлі бола аламын» 
Мақсаты: ойын арқылы білім алушының әртүрлі ситуацияларда 
өзін көрсетуін анықтау, сенімді рөлде болуы, сенімсіз рөлде болуы, 
агресивті рөлде болуы.
Материалдар: сенімді, сенімсіз, агресивті деген жазулары бар 
үлестірмелер. 
Жүргізуші. Білім алушылар, қазір сіздермен ойын ойнаймыз. 
Әр ұсынған ситуациядағы рөлді ойнауға тиіссіңдер. (Жүргізуші 
білім алушыларға рөлдер жазылған үлестірмелер ұсынады. Сосын 
1-ситуацияны оқиды. Үш білім алушы оны үш әдіспен ойнап 
шығады, осылайша әр білім алушының ойынға қатысу мүмкіндігі 
бар). 
Ситуация: сен сабаққа дайындалмадың, сені тақтаға шығарып 
жатыр. 
Ситуация: сенің бүгін достарыңмен дискотекаға барғың келеді, 
бірақ ата-анаң рұхсат бермейді. 
Ситуация: сенің інің компьютерде ойын ойнап отыр делік, 
сенің өзіңнің компьютермен жұмыс жасағың келетінін қалай 
жеткізесің? 
Ситуация: саған достарың шарап ішуді ұсынады, бірақ сен оны 
қаламайсың. Сенің әрекетің. 
Агресивті адам өзін дөрекі ұстайды, бас салып айқайлауға 
жақын, қауіп-қатер туғызады, менмен, ұрысқа бейім, өзімшіл және 
т.б. 
Сенімсіз адам өзін өте тыныш ұстайды, жалынышты, мүсәпір 
көзқараспен қарайды, дауысы ұяң. 


270 
Сенімді адам ішінара келісімділік көрсетеді, ұсынады, 
дәлелдейді, шыншыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет