Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет2/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

©
«Тұран» баспасы, 2020 
 



Кіріспе 
Қазіргі қоғамдағы білім берудің жеке бір мемлекеттің 
әлеуметтік және экономикалық ілгерілеуі мен ұлттық қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің факторы ретіндегі мәні өсуде. Білім берудің 
қоғам мен индивидумға ықпалының көптігі әлеуметтік және 
экономикалық өзгерістер сипатынан, сондай-ақ қоғамдық қарым-
қатынастар жүйесіндегі өзгерістердің білім беруден мобильділікті, 
жаңа уақыт талабына сай адекватты жауапты талап ететін 
сипатынан көрініс табады. 
Қазақстанның Болон декларациясына, әлемдік білім беру 
кеңістігіне қосылуына байланысты жоғары білім беруді жетілдіру 
мен модификацияның, жоғары оқу орындарының академиялық 
саясатының мазмұнын қайта қарау және жаңа ұрпақтың негізгі 
білім беру бағдарламаларын өңдеу қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауының 
жетінші бағыты «Адами капитал - жаңғыру негізі» деп аталып, онда 
білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешуді көздеген мәселелер 
көтерілген. Білім саласында, жоғары оқу орнының осы бағыттағы 
атқарар ісі мен орны өте маңызды. «Барлық жастағы азаматтарды 
қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды 
жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі 
басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді 
меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деп атап өтілген.
«Қазақстан - 2050» стратегиясында да «Бәсекеге қабілетті 
дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге 
айналуымыз керек», - деп, білім саласының алдына зор міндет 
жүктелген. 
«Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық сөзіндегі 13-ші 
қадамында Елбасы Білім және ғылым министрлігіне орта, 
техникалық және кәсіптік, жоғары оқу және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру орындарында «Акмеология, жеке және 
әлеуметтік жетістік негізі» атты оқу курсын енгізу жөнінде 
тапсырма берген. Осыған сәйкес, жоғары білім беру жүйесінде 
модернизациялаудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр. Кәсіби 
әрекетте және өмірдің басқа да салаларында табыс биігіне жетуді 
мақсат ететін тұлғаны дамыту, бәсекеге қабілетті сапалы адам 
капиталын құруды қамтамасыз ету мемлекетіміздің жоғарыдан 
кейінгі білім беру жүйесі алдындағы аса жауапты міндеттер болып 



табылады. Қойылған міндеттерді шешудің құқықтық негіздерін 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан 
Республикасында білімді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы және басқа мемлекеттік нормативтік 
құжаттар мен Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау 
ретінде ұсынатын стратегиялық бағдарламалары құрайды. Елдігіміз 
бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп 
шыңдалатын үлкен емтихан екендігі айтылған. Онда «XXI 
ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді, бәсекеге 
қабілетті және денсаулығы мықты азаматтар» делінген.
Барлық дамыған елдерде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.
Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын, ғылым мен 
техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамытуда заманауи 
бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін ендіретін, елімізде 
креативті деңгейде жұмыс жасайтын, білімді, жоғарғы дайындығы 
бар бәсекеге қабілетті мамандар қажет. 
Бүгінгі таңда болашақ мамандардың қабілеттерін жоғарғы 
деңгейде қанағаттандыратындай білім беру көптеген өркениетті 
елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда.
Болашақ мамандарды дайындау білім алушыларды кәсіби 
білімді меңгеру, еңбек жағдайында қарым-қатынас жасау, ғылыми 
әдебиеттермен жұмыс істеу, кәсіптік міндеттерді тиімді шешу 
біліктерімен қаруландыру мәселелерін шешу болып табылады. 
Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония және т.б. 
елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде.
 
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл - әр жақты 
дамыған, көпмәдениетті, креативті, әлеуметтік бейімделген тұлға 
қалыптастыру. Болашақ маман қабілетін жан-жақты дамытып, 
шығармашылығын ұштай білу үшін педагог өзі креативті тұлға 
болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер,
креативті тәлімгер болуы қажет.
Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға 
бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім 
туралы 
мемлекеттік 
нормативтік 
құжаттарда 
жан-жақты 
сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың 
заманауи технологияларын енгізу, білім беруді цифрландыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу». 



Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсаттардың бірі – жастарды 
сапалы біліммен, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің 
жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын 
арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін 
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы 
және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, педагогтердің 
еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру. Осыған 
байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі 
реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар 
әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі 
мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа 
жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса
білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі 
педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық 
бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік 
білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды 
қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан 
дүнеиесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, 
танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары 
деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау 
болып табылады. 
Заманауи әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі 
өзгертудің қажеттілігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық 
қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа 
өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ағысына 
енген еліміздің алдында тұрған негізгі мақсат – білім беру жүйесін 
жетілдіру, елдің зияткерлік потенциалын арттыру, жастардың 
қараусыз жатқан қасиеттерін оятуға, ішкі мүмкіндіктерін ашуына 
және асыл құндылықтарды сақтай отырып асқақ армандарына 
жетуіне мүмкіндіктер беру болып табылады.
Ұсынылып отырған оқу құралы болашақ маман даярлау 
үдерісінде ұлт болашағы үшін ұлы армандарға бастайтын ізгілікті
іс одан әрі де жалғасын табады деп есептейміз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет