Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық



Дата22.12.2023
өлшемі99,16 Kb.
#142477
Байланысты:
Мейірбек Бағдат ЖМ-909 8 БӨЖ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті


СӨЖ

Тақырыбы: «Кәсіби денсаулықты сақтау».



Қабылдаған: Пазылова Қаламқас
Орындаған: Мейірбек Бағдат
Тобы:ЖМ-909

Түркістан 2020 ж


Жоспар:
1. Кәсіби денсаулық ұғымы
2. Психикалық денсаулық мінездемелері
3. Салауаттанудың даму кезеңдері
4. Салауаттану туралы ғалымдардың пікірлері
5. Қорытынды

Кәсіби денсаулық ұғымы қазіргі уақытта қолданып жүр. Кәсіп игеріп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық сақталу қажет. Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қортынды жазады. Осы қортындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:


· Егер, балада қатарынан бірнеше ауру бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.
· Егер, баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауруы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі.
Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.
Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.
Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.
Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады. Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.
Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:
· Психофизиологиялық спект-жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;
· Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
· Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.
Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады. Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі - мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі. Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:
· Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.
· Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.
· Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.
Мамандыққа маңызды немесе "кілттік" функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
· Қимыл-қозғалыс - бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;
· Сенсорлық - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық;
· Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері - оның күші, жылдамдылығы, біркелкілігі;
· Аттенциондық-мнемикалық - көңіл аудару, есте сақтау.
Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.
Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.
Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:
1. Физикалық денсаулығына байланысты туындаған қиыншылықтар (проблемалар);
2. Психикалық ауытқушылығына байланысты, яғни эмоциялық сферасы, көңіл-күйін басқара алмауынан туындайды;
3. Қарым-қатынастағы қиыншылықтар;
4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;
5. Темекі шегуі мен алкогольді қолданғаннан туындаған қиыншылықтар.
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар:
•Әлеуметтік жағдай:
Эндогендік – ол индивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі;
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.
• Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына - тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне -есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады. Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке – морфофункциялық, гентикалық себеп-салдарды жатқызған.
Ағзаға факторлардың әсер етуі ол индивидуалды. Дамуға жалпы әсер етуші бейімделу болып табылады.
Жеке бас денсаулығы туралы мәліметтерді жинап, талдау және болжау, басқару әрекетінің бағдарламасын құру, басқару жүйсінің тиімділігін талдау арнайы теориялық білімділікті қажет етеді. Осы теориялық білімдер жүйесін: валеософия, валеометрия, валеоүйлестіру бөлімдеріне жіктейді: Валеософия – денсаулық даналығы туралы ғылым; Валеометрия – денсаулық өлшемі туралы ғылым; Валеоүйлестіру – денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы ғылым.Салауаттанудың іргелі білімдер жиынтығы – СӨС негізін құрайды. Оларды жіктеудің тиімді негізі – жүйелі тәсіл. Бұл тәсіл осы ғылымдағы жаңа ақиқаттарды қамтудың толықтылығын бағалауға және пәннің пайда болуын болжауға мүмкіндік береді. Салауаттанудың іргелі білімдерін жүйелі жіктеу – оқу пәні ретінде СӨС құрылымын тәртіпке келтіру маңызды дидактикалық шарт болып есептеледі. Салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны – дені сау адам қазіргі ғылымда пирамида ұстанымына негізделе ұйымдастырылған, ашық және белгілі бір кеңістікте – уақытпен қызмет ететін, биоэнергоақпараттық жүйе ретінде қарастырылады. Биологиялық жүйе ретінде адамға тән қасиеттер: өзін өзі ұйымдастыру, өздігінен даму қабілеті, өздігінше өрбу немесе өзіне ұқсас тұқым жалғастыру. Адам жүйе ретінде үнемі өзін қоршаған ортамен ақпарат, энергия және зат алмасып отырады. Оның организмінің өзара байланысты әрекеттестіктер әртүрлі физикалық, биологиялық, химиялық, әлеуметтік, психологиялық, рухани, экологиялық және т.б. әрекеттестіктердің кешенін біріктіреді. Сондықтан, адамның үш деңгейіне сәйкес анықталатын денсаулықтың соматикалық, психикалық және рухани деңгейлеріне қатысты өзара әрекеттестіктер валеологияның іргелі білімдерінің (валеолософияның, валеометрияның, валеоүйлестірудің) зерттеу пәні болып белгіленеді.
1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Р.Артоманов және В.В.Колбанов салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың, биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.
Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы керек деген тұжырым айтады. В.Д.Санькин және В.В.Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.
Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.
Салауаттанудың даму кезеңдері.
I кезең – классикалық кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа).
II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің қорытындысы – адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері, емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.
III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің қорытындысы. Ауру түрлерінің алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.
IV кезең - саналогия ілімінің дамуы. Организмнің ауру түрлеріне қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.
V кезең – салауаттану – дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын.
А.А.Семенов салауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді.
Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану – қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.
Е. Е. Лунина салауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнер салауаттануды қазіргі даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық, әлеуметтік бағыттарын ажыратады.
“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып, салауаттану – адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті – салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық заңдылықтарын зерттеу. Т.Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану – денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану – медицина, экология, биология, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының ортасынан шығатын денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін нұсқаушы ғылым.
Осылардың ең маңыздысы ретінде жас ұрпақты салауатты өмір салты рухында тәрбиелеудің нақты іс-шараларын ұйымдастыруды қосады. Сондықтан, денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау арқылы, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу педагогикалық салауаттанудың міндетіне жүктеледі. Е.Е.Лунина педагогикалық салауаттануды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру үрдісінің субъектілерінің біріккен іс-әрекетінің жүйесі деп анықтайды.
Э.И.Вайнер “педагогикалық салауаттану дамуының түрлі жас ерекшелігі кезеңдеріндегі денсаулыққа және салауатты өмір салтына орнықты өмірлік мақсат тұрғысынан қарайтын адамды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейді” деп анықтама береді.
Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, салауатты өмір салт адамның жеке мәдениетіне негізделеді және денсаулықты нығайтуға білім мен оны тіршілікте қолдана білу біліктілігін қалыптастыру арқылы жетуге болады. Бұл идеялар сол уақыттың ағартушыларының нақты еңбектерінде жүзеге асырыла бастаған. Мысалы, Ы.Алтынсарин халыққа білім беру ісі тек мектеп ашумен шектелмейтінін, баланың денсаулығына да қамқорлықпен қарау қажеттігі жөнінде айтып, қазақ халқының өмір салтына қолайлы көшпелі мектептер ашу керек деп есептесе, А.Байтұрсынов Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов баланы ерте жасынан бастап салауатты өмір салтына тәрбиелеуді ұлттық мектептер жағдайында ұйымдастырудың мүмкіндіктерін айқындайды.
Педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский баланың денсаулығына зиян келтірмей тәрбиелеудің табиғилыққа сәйкес ұйымдастыру тұжырымдамасын ұсынады. Ол өз еңбегінде: «баланы үйлесімділікте: басын, жүрегін, қолын, ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін, шеберлігін, ерлігін және әсемдік сезімін бірдей дамыту керек», - деп жазады.
Ағылшын ағартушысы Д.Локк тәрбиенің түпкі мақсаты «сау денеде күшті рухты» тәрбиелеу деп, баланың өміріндегі қатаң режимнің мәнін негіздеді. Ол өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты еңбегінде: «Осы дүниедегі бақытты жағдайдың қысқаша, бірақ толық сипаттамасы – сау денеде күшті рухтың болуы. Осы екеуіне ие адамға көп нәрсе тілеудің қажеті жоқ, ал соның біреуінен ада адамға соны тілеу керек. Адамның бақытты немесе бақытсыз болуы негізінен оның өзіне байланысты. Егерде кімде-кімнің тәні ауру және әлсіз болса, оның осы жолда (бақыт жолында) алға жылжуға шамасы келмейді», - деп жазады. Сондықтан баланы қиыншылықтарды табандылықпен жеңуге үйрету қажет. Д.Локк балаларға киім кию, тамақтану, серуендеу, дене шынықтырумен айналысу мәдениеттері жөнінде арнайы кеңестер беріп отырған.
Француз ағартушысы Ж.-Ж.Руссо өзінің «Эмиль немесе тәрбие жөнінде» атты еңбегінде шынығу және дене күшін нығайтудың тәсілдерін балаларға Эмильдің іс-әрекеті арқылы түсіндіреді. Ол балалардың денсаулығын сақтауда және нығайтуда табиғи құралдардың маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Ж.-Ж.Руссо, дене тәрбиесін баланың психикалық және рухани дүниесіне әсер етудің және организмін дұрыс дамытудың құралы ретінде қарап бағалады. Дене тәрбиесі жөнінде арнайы әдістемелік құралдар мен ұсыныстар жүйесін жасады.
С.Френе ең алғаш рет баланың тұлғасын ең жоғарғы деңгейдегі, саналы ұйымдастырылған қоғамда тәрбиелеудің жүйесін жасады. Балаларға жеке сабақтар жүргізілді, ақыл–ой мен шығармашылық жұмыстарынан кейін, оларға дене еңбектерімен айналысу сабақтары, күн сайын: суға жүзу, доп тебу, теннис ойнау, атпен серуендеу және шеберханаларда еңбек ету, шынығу тәсілдері, салқын сумен жуыну, терезені қысты күні де ашып ұйықтау және т.б. іс-әрекеттері қалыптастырылды.
Аристотель баланы салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселесін олардың жас ерекшелігіне сәйкес белсенді дене қозғалысымен және дұрыс тамақтандыру мәдениетімен байланыстырады. Ол өзінің «Этика; политика; поэтика» атты трактатында «дене тәрбиесі жанды тәрбиелуге бейімделуі» керектігі жөнінде жазады. Сонымен қатар «баланы оның жасына сәйкес келетін тамақпен тамақтандырып, тазалық әрекетін және біртіндеп шынығуын қамтамасыз етудің» қажеттігін айтады.
Қорытындылай келе салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жарықбаев Қ.Б. «Қазақ психология ғылымы» Алматы, Қазақ университеті. 2017ж.
2.Омарова Р.С. «Бабалар жолы-Нұрлы жол» Рухани танымдық құрал Астана, 2017ж.
3. Қасымова Р. «Психология және адам дамуы» Алматы, Қазақ университеті. 2018ж.
4.Тоқсанбаева Н.Қ. «Танымдық іс-әрекетке кіріспе» Алматы, Қазақ университеті. 2018ж.
5.Пейсахов Н.М. Прикладная психология в высшей школе. – Казань,1979.
6. https://infourok.ru/prezentaciya-motivaciyaliazhettilikke-baylanisti-problemalar-boyinsha-psihologiyali-kmek-beru-2816075.html
7. https://sites.google.com/site/kazrefa/pedagogika/motivacia

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет