Ф-ӘД-001/079
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Ped 2205 - «Педагогика» пәнінен Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ, ОБӨЖ) бойынша материалдар және оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар
Түркістан
Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар жоғары оқу орнындағы барлық білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналады. Бұл нұсқауда білім алушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатын талаптар берілген.
Әдістемелік нұсқауды дайындаған: оқытушы Г.П.Шынпейіс
Нұсқау кафедраның мәжілісінде талқыланды.
17.01.2022 ж. (хаттама № 5)
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент м.а. А.Рысбекова
Факультетінің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды. Хаттама № 5 20.01 2022ж.
Факультеттің академиялық комитет төрайымы т.ғ.к., доцент м.а. А.Джумадуллаева
Жалпы ережелер
Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.
1.1 БӨЖ білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу үдерісінің ең негізгі элементтерінің бірі. БӨЖ орындау арқылы білім алушы оқу үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді.
1.1.1 БӨЖ аудиториядан тыс жеке немесе топ болып орындау арқылы білім алуға, білімді меңгеруге және машықтануға бағытталған оқу жұмыстары.
1.2 Кредиттік оқу жүйесінде БӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:
- тақырыптарға сәйкес БӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
- лекция және семинар сабақтарының БӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
- БӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
- БӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
- БӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
1.3 БӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай кезеңдерден тұрады:
- БӨЖ жоспарлау,
- әдістемелік жағын қамтамасыз ету,
- БӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.
1.4 БӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен білім алушының орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысынан (БӨЖ) тұрады.
1.5 ОБӨЖ бөлек кестемен ұйымдастырылады.
1.6 Жоспарланған БӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің оқу бағдарламасында, силлабуста және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетіледі. Әр пән үшін БӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, пәннің қалыптастыратын құзыреттер мен оқыту нәтижелерін, білім алушылардың даярлығын және БӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.
1.7 Оқытушылардың білім алушылармен өзіндік жұмысы негізгі үш функцияны қамтиды:
1.7.1 Бірінші, нұсқамалық/бағыттаушы-бағдарлаушылық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер білім алушылардың алдағы уақытта өзіндік жұмысты (БӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
1.7.2 Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы білім алушының өзіндік жұмысына түзету енгізу. Бұл – білім алушының өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру үдерісінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.
1.7.3 Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Білім алушының білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау. Кейбір кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді кӛрсетуін қарастырады.
1.8 Білім алушылардың оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 функцияны қамтиды:
- біріншісі, білім алушылар оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
- екіншісі, білім алушылар оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде білім алушылар жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
- үшіншісі, білім алушылар күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Білім алушылар шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар қояды, сұрақтардың жауаптарын өздеріде дайындайды;
- төртіншісі, білім алушылар оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
1.9 БӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБӨЖ-дің үлесі университет ережелерімен анықталады.
1.10 Білім алушылардың өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
1.11 Білім алушылардың өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
1.12 Білім алушының дәрісханалық өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеледі және ПОҚ тарапынан белгіленеді.
1.13 БӨЖ тапсырмалары:
- реферат,
- кейс,
- кроссворд,
- бақылау,
- есептеу және сызба жұмыстары түрінде орындалады немесе:
- тренинг,
- дискуссия,
- іскерлік, дидактикалық ойындар,
- презентация әзірлеу,
- кейс құрастыру,
- топ бойынша немесе жеке жобалар жасау түрінде ұйымдастырылады
Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстардың тақырыптары төмендегідей де болуы мүмкін:
- оқу мәтіндерімен жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру);
- ғылыми мақалаларға аннотация және пікір жазу;
- Интернет көздерімен жұмыс жасау;
- шығармашылық тапсырмаларды дайындау (коллаж, синквейн, ойын бағдарламаларының сценарийі, рөлдік ойындар жобасы);
- пән бойынша глоссарий құрастыру;
- эссе, мақала және белгілі сала мәселелері бойынша хабарламалар мен ғылыми жұмыстар жазу;
- жобаларды әзірлеу;
- өзіндік білім алу бойынша баспа материалдарының аннотацияланған тізбесін құрастыру, т.б.
1.14 БӨЖ құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |