Қожа Ахмет Ясауи атындығы халықаралық қазақ-түрік универститеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі317,39 Kb.
#117987
  1   2   3   4

Қожа Ахмет Ясауи атындығы халықаралық қазақ-түрік универститеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті

БӨЖ
Кафедра:Педогогика және психология
Факультеті:Жаратылыстану Ғылымдары
Тақырыбы:Ұлы Британиядағы орта білім беру жүйесі

Орындаған:Ораз Ж.
Қабылдаған:Құлахметов Б.

Жоспар
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ұлы британиядағы орта білім беру жүйесі 6жастан 18жасқа дейінгі
2.Ұлы Британиядағы мектептегі білім беру жүйесі
3.Қазақстан мен Ұлы британия білім беру жүйесінің ерекшеліктері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.















I.Кіріспе

Ұлыбритания – толық атауы Ұлы­­­британия мен Солтүстік Ирлан­дияның Біріккен Корольдігі – Еуропаның солтүстік-батысында Британ аралдарында (ең ірісі Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік бөлігі мен бірқатар шағын аралдарда орналасқан мемле­кет. Құрлықтан бұл елді Ла-Манш жә­не Па-де-Кале бұғаздары бөліп тұр.
Ұлы­бри­та­­нияның жер көлемі 244, 11 мың шаршы шақырымды құрайды. Хал­­қының саны 63 миллионнан астам. Астанасы – Лон­дон. Халқының 80 па­йызына жуығын ағылшындар, 15 па­й­ызын шотландтар, уэльстіктер мен ир­ландтар, 5 пайызға жуы­ғын Британ дос­тас­тығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мем­лекеттік шіркеуі діни-на­нымдарын ұстанса, шотландтар пресвитериандар, ирландықтар негізінен католик дінін ұс­танады.
Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Ұлыбритания 4 әкімшілік-саяси бөліктен құралған: Англия, Уэльс, Шот­ландия, Солтүстік Ирландия. Бұған қоса, Ұлыбританияның иеліктеріне Гибралтар, Ангилья, Бермуд, Британдық Виргин, Кайман аралдары Монтесеррат, Теркс пен Кайкос, Фолкленд (Мальвин), Әу­лие Елена, Питкэрн аралдары кіреді. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауы­на қарамастан федерация емес, унитар­лық мемлекет – парламенттік монархия болып табылады. Ұлыбритания заң­дары көпғасырлық конституциялық дәс­түрлер мен жоғары сот органдарының шешімдеріне негізделген, елдің жеке конституциясы жоқ.
Мемлекет басшысы – монарх, сот жүйесінің басшысы, жо­­­­­ғарғы бас қолбасшы болып табылады. Қа­зіргі монарх (королева) – Елизавета ІІ Ұлыбританияда 1952 жылдан бері билік құрып келеді. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (қауымдар және лордтар палатасынан) тұратын парламент болып табылады. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ақша бірлігі – фунт-стерлинг.
Мемлекет Британ аралдарында орналасқан - бұл Ұлыбритания, Ирландия, сонымен қатар көптеген кішігірім аралдар мен архипелагтар. Ла-Манш бұғазы Ұлыбританияны Франциядан бөліп тұр, екінші жағынан Атлант мұхиты, сонымен қатар Солтүстік, Ирландия, Кельт және Гебрид теңіздері шайып жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет