Қожа Ахмет Ясауи атындығы халықаралық қазақ-түрік универститеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті


Университетке дайындық: 12 және 13



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі317,39 Kb.
#117987
1   2   3   4
Байланысты:
Документ.Педогогика

Университетке дайындық: 12 және 13


16 жастан кейін Ұлыбритания студенттері A-Level емтихандарын тапсыра алады. Дүние жүзіндегі университеттер мемлекеттік емтихандарды қабылдайды. Халықаралық бакалавриат дипломы бағдарламасы алты тақырыпты, сонымен қатар көп нәрсені қалайтын студенттер үшін TOK, EE және CAS сияқты негізгі бағдарламаны ұсынады. Курстар емтиханмен аяқталады.

Ұлыбританияда бакалавриатта білім алу


Ұлыбританияның білім беру жүйесінде типтік британдық бакалавр дәрежесін алу үш жылды алады және әдетте BA, BEng немесе BSС сияқты үздік диплом болып табылады. Мемлекеттік колледждер студенттерді дипломдық бағдарламаның бірінші (кейде екінші) жылынан босатуға болатын 2 жылдық кәсіптік дипломдарды ұсынады.
Жеке оқу колледждері де университеттің бірінші жылына баламалы 1 жылдық дипломдық бағдарламаны ұсынады. Осы 1 жылдық дипломды алған студенттер кейбір университеттерге екінші курсқа түсуге болады.
16 жастан кейінгі білім алу жүйесі:
16жасқа толып міндетті білім жүйесін алғаннан кейін оқушылар білімін онан әрі жалғастыруға болмаса тоқтатып жұмыс істеулеріне болады.
Оқуды жалғастырған оқушылар жоғарғы оқу орнына университетке  да-йындалуға мүмкіндік алады жәнеде аяқтағаннан соң емтихан тапсырады.
18 жастан кейінгі білім алу жуйесі-екі жылдық курстан кейін студенттер кәсіптік білім және жоғары білім алуларына болады.
Кәсіптік білім (Further education — FE) біздің елдегі сиақты кәсіптік білім алған студенттер 16 жастан соң мектептен кеткен студенттер үшін арналған.Ұлыбританияда 600 ден астам мемлекеттік және жеке меншік кәсіптік білім беретін коледждер бар.
Жоғарғы білім (Higher education — HE) Жоғарғы білім алғаннан соң студенттер бакалавр дәрежесін алып шығады.Алда магистр және доктрлық дәрежесін алуға мүмкіндік береді.Бакалавр дәрежесін студенттер университетте,институтта және коледжде оқу арқылы алады.
Оқу ақысы:
Жоғарғы білім беру Ұлыбритания азаматтары мен шет ел азаматтарына да ақылы.Кей жағдайда студенттер несиелік жуйесін қолдануларына болады.Несиелік дегеніміз студенттердің оқу ақысын мемлекет төлеп отырады,студент оқуын аяқтағаннан соң тұрақты жұмысқа орналасып болғаннан кейін жылына 21 мын фунт төлеп оқу ақысын қайтауын айтамыз.

Ұлыбританияның жоғарғы білім беру жүйесіне классикалық университеттер,университет қарамағындағы коледждер(University Colleges), потитехникалық институттар (Polytechnics) және жоғарғы білім беретін коледждер кіреді(Colleges of Higher Education).


Жоғарғы білім беру жүйесі екі этаптан тұрады: бакалавриат (Degree courses немесе Undergraduate courses) және магистратура (Postgraduate studies).
Англия Уэйльс және Солтүстік Ирландияда бакалавр дәрежесін 3 жыл оқиды.Шотландияда бакалавр 4 жылға созылады.Магистратурны жалғастырушы студенттер бір жыл оқиды.Англияда магистратураны оқитын шет ел студенттері жылына 45 пайыздан кем емес,бұл көрсеткіш бакалавр дәрежесін алатын шет ел студенттеріне қарағанда әлде қайда жоғары.
Магистратураны бір жылдан соң аяқтаған студент доктарантураға тапсырады.Доктарантура үш жылға созылады.Осы үш жыл ішінде доктрлық диссертация жазылып,қорғалады.Нәтижесінде PhD (Philosophy Doctor) атағын алады.

Ұлыбритания мектептері әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқушыларды магнит секілді тартуда. Британдықтар: «Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәрбиелеп шығарамыз» деп ұрандайды.Ұлыбритания білім беру жүйесінің бренді де осы тіркеспен байланысты.


Ұлыбритания мен Қазақстанның мектептік білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерін айтып кетуге болады. Бұл екі елдердің білім беру жүйесіндегі тиімді, яғни оң және теріс жақтарына тоқталып өтейін.
Қазақстан мен Ұлыбритания мектептеріндегі білім беру деңгейлері;
К
естеде көріп отырғандай біздің еліміздің жүйесі 11 жылдық болса, Ұлыбритания 13 жылдық. Соның өзінде британдықтар мектепке дейінгі тәрбиеге өте қаражат, көп көңіл бөледі. Бала мектепке келген өзінде материалдық базасы болып, сол себепті, сабақта айтарлықтай қиыншылықтар болмайды. Бастауыш сынып буынынан балаларын зерттеу жұмыстарына бағыттап, соған бейімдейді. Сол арқылы балаларда өзіндік ізденіс, жауапкершілік сияқты қабілеттері ерте жастан қалыптасады. 12-13 жыл кәсіби бейінді мектеп болып саналады. Бұл жерде бала өзі қалайтын университетпен тығыз қарым – қатынаста болады. Сол университетке барып білім беру бағдарламасымен танысып, кеңес алуы қалыпты жағдай юолып табылады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мемлекеттік принциптердің ішіндегі азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі басшылыққа алынады. Ұлыбритания да тұратын барлық балалар заңға сәйкес оқып білім алуға міндетті болып табылады. Міндетті білім алу кезеңі 5 жастан 16 жасқа дейін. Заңға сәйкес, балалардың мектеп пен басқа да оқу орындарына баруына ата-аналары жауапты. 16 жастан кейін білім алу міндетті болуын тоқтатып, жасөспірім өзінің мүмкіндіктері мен талпынысын ескере отырып, ары қарай оқуды жалғастыруды немесе еңбек қызметін бастауды таңдайды. Ұлыбритания жасөспірімденің 70%-ы 16 жасқа келген соң, өзі оқыған мектебінде немесе колледждерге түсіп оқуын жалғастырады. 10%-ы жұмыс істей бастаса, қалған 20%-ы еңбек біліктілігін алу үшін «government training programs» атты еңбек ісіне дайындайтын арнайы үкіметтік программаларына қатысады [3,4]. Біздің елде де оқушының 9 сыныптан кейін орта білімін колледже жалғастыру мүмкінділігі бар. Кестеден көріп тұрағнымыздай Ұлыбританияның мектептік білім беру жүйесінде оқушылар оқудың әр деңгейіне өту кезінде тест тапсырады. Сәйкесіншеоқушылар тест тапсыруға бейім болып, аталған жағдайларда стрестік жағдайларға аз түседі. Қазақстанда мектептік білім беру жүйесінде оқушылар оқудың әр деңгейіне МАП тапсырғанымен, ең негізгі жүктемені ҰБТ көрсеткішіне түсіреді де, оқушылардың көп бөлігінде психологиялық стрес жағдайларына тап болуда.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мемлекеттік басшылыққа алынатын принциптерінің ішінде: Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді деген нұсқау бар [3]. Ал Ұлыбританияда таңғы молитваға арнаулы уақыт бөлінеді. Бірақ та бұл молитваға қатысу қатыспауын ата – аналардың өзі шешеді. Яғни, ата –ананың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан және Ұ
лыбритания мектептерінің негізгі ерекшеліктері:

Ұлыбританияда бастауыш мектепте ең негізгі деген пәндер саны аз болады да, осыған орай балалары сол пәннің шет жағасын, қыр-сырын меңгеріп шығады. Қазақстанның бағдарламасында сабақ саны көп, бірақ сапасы жоқ. Тек үстіртін оқып шығады. Бұның өзі балалардың оқу сапасының көрсеткішіне септігін тигізеді.


Қазақстанда да және Ұлыбританияда мемлекеттік және жеке меншік мектептер бар. Көп мемлекеттерде негізгі акцентті жеке меншік мектептерге беріледі.
Жеке меншік мектептер төмендегі көрсеткіштері бойынша жоғары деңгейде бағаланады:
Матариалдық құрылымы, құралдармен жабдықталуы
Оқытушылар мүшелерінің жүйелі түрде таңдап алынады
Көп пәндер оқытылады
Өте бай кітапхана мұрағаты
Физикалық дамуына көп жағдай жасалынады
100 % жоғарғы оқу орнына түсуіне кепілдік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет