ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы : Тітіркенген ішек синдромы.
Қабылдаған: Орындаған : Қонысбек. А. Тобы : 901 F
30 жастағы әйел адам төрт күннен бері ішінің ұстама тәрізді ауырсынуына, жал-пы әлсіздікке, кекіруге , тәбеттің төмендеуіне, ішінің желденіп шұрылдауына, іш өту мен іш қату кезектесіп жүруіне, бас ауыруына, дәретке шығудың күндік жиілігі 5 рет болуына шағымданады. Сонымен қатар үлкен дәретке шыққаннан кейінгі ауырсынудың басылуын, жеңілдеудің болуын айтады. Бұрын сонды асқазан ішек ауруымен ауырған. Рентгенологиялық тексеруде ішек дискинезиясына тән белгілер анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз.
Қандай синдромдар берілген
Қандай диагностикалық тәсілдер жүргізесіз
Емі
Жауабы : Тітіркенген ішек синдромы.
2 ● Асқазан ішек диспепсиялық синдромы : кекіру , іштің желденіп шұрылдауы, іш өту мен іш қату , дәретке шығудың күндік жиілігі 5 рет болуы, үлкен дәретке шыққаннан кейінгі ауырсынудың басылуы, жеңілдеу. ●Астеновегативті синдром : жалпы әлсіздік , тәбеттің төмендеуі, бас ауыруы. ●Ауырсыну синдромы: іштің ұстама тәрізді ауырсынуы. 3 Лабораториялық тексеру әдістері: ● Жалпы қан анализінде Лейкоцитоз, анемия, СОЭ жоғарылауы ● Қанның биохимиялық анализі ( билирубин, АлТ, Ас, Сілтілі фосфатаза, ГГТП ) ● Нәжісті флораға зерттеу Аспаптың тексеру әдістері: ● Эзофагогастродуоденоскопия : Асқазан-ішек жолдарының кілегей қабатын қарау үшін ● Рентгенологиялық Иррогоскопия : Дискинезияға тән белгілер көрінеді. Ішектің біркелкі емес толуы немесе босауы. Ішек қуысына сұйықтықтың жиналуын. Ішектің тарылған жері мен кеңіген жерінің кездесуі көрінеді. ● Эндоскопияда (колоноскопия және сигмоидоскопия) кілегей қабықта патологиялық өзгерістер болмайды, кейде процесс өршіген кезде орта дәрежелі беткей қабыну өзгерістері анықталады. ●УЗИ іш қуысы мен жамбас қуысы ағзаларының патологиялық түзілістері анықталады
4 Емі : Дәрі- дәрмексіз ем : Ауру симптомын күшейтетін тағамдарды жою керек немесе симптомды жоюга көмектесетін тағамдарды тағайындау керек. Іш катқанда өте тазартылған тағамдар берілмейді, олардың орнына ішек құрамының көлемін және ішектің ішкі кысымын калпына келтіретін, тағамның тоқ ішек бойымен қозғалысын күшейтетін тағамдарды (көкөніс, жеміс, теңіз капустасы, ішінде кебек бар нандар) беріледі. Тәулік бойында қабылдайтын сұйықтык көлемі 1,5-2 л аз болмауы керек.
Дәрі – дәрмекпен ем: Дәрімен емдеуді ішектің функциялық күйіне қарап іске асырады. Ток ішектің гипертонусы бар наукастарға М-холиноблокаторлар (метацин, пиренцепин) Миотропты спазмолитиктер (но-шпа, папаверин т.б.) тағайындалады. Ішектің тонусы төмендеген жағдайда прокинетиктер (домперидон, метоклопрамид, цизаприд) беріледі. Іш өткенде лоперамид, кандыағаш бүршігінің тұнбасын 1/3 стакан тұнбаны тәулігіне 3 рет) ішу керек. Антидиареялық препараттар( Смекта, Диосмектит, Диоктаб Солюшн таблетки, Неосмектин, Эндосорб) тағайындалады. Бактерия шамадан тыс көбейсе эубиотиктер( бифидумбактерин, лактобактерин, ацилакт, аципол, бификол, колибактерин) және басқа дәрілер қолданылады. Ұйқы безінің секреторлық жетіспеушілігінде ферменттік препараттар беріледі.